Күнтізбеме көрімдік сұраймын!


Әзіл ғой. Интернетте серфинг теуіп жүріп, мына күнтізбеге аяғым шалынысып қалды. 2011-дің күнтізбесінен қызықтырған күнді тауып аласыз да, саусағыңызды ай атауына қарай апарасыз. Күн-айдың түйіскен тұсы аптаның қай күніне сәйкес келетінін көрсетеді. Айтпақшы, жасыл түспен 31-ге толатын айлар боялса, көк түспен 30-ына бітетіндері белгіленіпті. Қызыл жолақ – ақпан айы. Өз басыма бұдан қысқа күнтізбе болмайтын сияқты. Ақпанның бірінен бастап көлік ауыстырмасақ та, осылай күнтізбе ауыстырып тастадық!