«Цирк кетті, клоундар қалды»


Орыстарда осындай сөз бар еді ғой… Клоун осы қалпында ұнағандықтан, қазақшалағым келмеді. Айдос Сарымның «бұрын … спектакльмен, кейін киномен салыстырушы едік, енді циркпен теңестіреміз. Сонда бұл кері қарай эволюциялану, жанрдың энтропиясы, саясаттың девальвациясы емей, немене?» деген пікірін оқып қалып едім. Рас қой. Әбүйір болғанда, «әп-әдемі ән еді, пұшық айтып қор қылдының» керін келтірген сайлаудың әдепкі кезеңі бітті. Кеше президенттікке үміткерлерді ұсыну аяқталып, көш бастауға артық-кемі жоқ 22 адамның ниет білдіргені анық болды. Бұрын-соңды болмаған жағдай десе де болады. Оқуды жалғастыру

Алдарыңызда… «абсурд театры»


Былай қарасаңыз, биылғы сайлауға көшелі сөз айтып, келелі іс бастайтын азаматтар емес, көршісінен басқа ешкім көрмеген, туысынан өзге ешкім танымаған кісілер киіп-жарып қатысып жатыр. Бұнысы сайлауды сайқымазаққа айналдыру ма, әлде демократияның көрінісі ме, білмедім. Білетінім – бұл абсурд театры. Оғаш театрдың кейіпкерлері көзіңнен жас ағызатындай қайғылы емес, ішек-сілеңді қатыратын сайқымазақ та емес. Бірақ, күлкілі көрінеді. Күлкілі бола тұра, Оқуды жалғастыру

Пақырдан патшаға дейін… Прелюдия


Кекілді кері қайтарған сайлаудың самалы күн санап күш жинап келеді. Аптаның соңын ала бере, Орталық сайлау комиссиясы алдағы науқанның амал-шарттарын анықтап тастады. Комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сайлауға түсетіндердің додаға шашатын ақшасының 431 млн 973 мың теңгеден аспауы тиіс екенін ескертті. Қалта қамынан бөлек, үміткерлер еліміздің 14 облысының кем дегенде тоғыз облысында тұратын 91 мың сайлаушының қолын жинауы керек боладыОқуды жалғастыру

Саяси комикстің сабаздары


Баяғыда ауыл балалары жекпе-жекке шығарда, «қане, сен шық, жоқ, сен шық», – деп, бірін-бірі итермелеуші еді ғой. Болмаған соң, ортаға білегінде күші барын емес, «жоқ» деп айтуға да жігері жетпейтін жасығын шығаратын. Күштінің төмпешінен көнбіс баланың жасына ерік бергені де, танауынан қан аққаны да қаумалаған балалар үшін қызық… Ал, өткен аптада саясаттағы «жекпе-жек», яки Президенттік сайлауға түсетін пенденің есімі белгілі болды. Оқуды жалғастыру

Шатақсыз шайлоо…


Аспантаудың арғы бетіндегі ағайын кеудесіне алақанын қойып, Әнұранға тербеліп тұр. «Өркүндөй бер, өсө бер, Өз тагдырың колунда…» дейтін қайырмасына келгенде, жанарынан бырт-бырт етіп, жас үзіледі. Себебі сұрамай-ақ белгілі шығар. Соңғы бес жылдың бедеріндегі саяси сүреңсіздік жұрттағы бақыт деген батпырауықтың жібін үзіп жібергендей еді. Солай көрінсе де, Сіз үлбір үмітті әлі де үзе көрмеңіз! Оқуды жалғастыру

«Жаңарту» ма, «Жаңару» ма?


Апта басында мойынын қылқитқан мәлімет «Жаңару» деген жаңа партияның ай-күні жетіп, жарыққа шығуға қамданып жатқанын айтады. Қазақстан мұсылмандар одағынан ескен жаңалықтан есте қалғаны… партияның көшбасшысы Артурзиньо Сәбденов (!) деген кісі. Жаһантордың іздеуші «иттері» бұл есім-сойдың төңірегінде тілдері салақтап, орнын тіміскілеп жатты. Оқуды жалғастыру