Мен көрген Мұхамеджан…


Тұспалсөздің тақырыбы әктуал боп тұрған соң, борбайға салып, барымталап кеттім 🙂 Сонымен, «Мен көрген Мұхамеджан» газетіме басылған сұхбаттың редакция қайшысынан өтпей қиқаланып қалған үзіктері ғой. Ел аузында жүрген елеулі сұрақтарға берілген жауапты мен ғана естігенім обал емес пе? Одан да блогымның оқырмандарымен бөлісейін деген ой болды. Орысша айтқанда, «ничего личного«))) Оқуды жалғастыру

«Уикиликс». Тыңдалған телефон


Wikileaks сияқты «зайырлы» өсектің ордасында осы аптада мынадай өсек шығыпты дейді қағылез Интернетшілер. Өткен айда көрші елдердің баспасөзінде Қазақстан Коммунистік Партиясының серкесі Козлов пен Аустрияның үлгілі бюргері Рахат Әлиевтің телефон арқылы әңгімесі жария болды. Сол күйі Интернетке «сливать» етілген «құнды» әңгіме іле-шала із-түссіз жойылып кеткен (орыс, ағылшын тілдерінен аударылып беріліп отыр.

Оқуды жалғастыру

Панарабизм. Екінші дубль


Әрине, бұл жолғы панарабизмнің жолы да, жосығы да бөлектеу. Тіпті, өткен ғасырдың өтінде пайда болған құбылыспен бүгінгі төңкерістер арасында параллель жүргізу де жаман бастама шығар. Ол заманда арабтар Осман империясының, ағылшын өкіметінің бұғауын үзуге қарсы бас біріктірді. Бүгінде тәуелсіз елдеріндегі авторитарлық тәртіпке қарсы бас көтеріп жатыр. Ол заманда ортақ агрессор еді, Оқуды жалғастыру

«Халсөзниктен» хабар


"Ал, Сәке, әу деп жіберіңіз"

«Хабарда» көп айтылатын қалада тұрып, Астананы айта беретін арнада жұмыс істейтін досымды білетін шығарсыздар? Сол «маладес» Мұраттың айтқыштығы бар ғой, бірде «сендердің газеттеріңе «Халсөз», ал өздеріңе «Халсөзниктер» деген ат қойдық» деп еді… Демек, «Халсөзник» ретінде «Халық сөзі» газетінің қырқынан шығып, қарын шашын қырқып, қара тырнағын алғанын айтпасқа амал болмай тұр.

Оқуды жалғастыру

… Көшербаев әм «УикиЛикс»


«УикиЛикстің» атағы жер ойғандардың абыройын аймандай қылған сайт екенін «садиктегі» бала да біліп қалды. Бұл жолы атышулы сайт азуын Қырымбек Көшербаевқа салды…. деп, суайттыққа бармайын. Ол көкеміз Маңғыстау облысында басшы ғой, ал мына Көшербаев дегеніміз – Алмас Көшербаев. Естулеріңіз болмаса, биыл ғана Хеллман/Хамметт атындағы сыйлықты алды, талантты журналист. Орыс тілінде ойлайды демесеңіз, публицистикасы өзіме екібастан ұнайды. Сол азаматтан «Уикиликс» турасында пікірін сұрағам…      Оқуды жалғастыру

Мен де мақтанайыншы…


Назарбаев универі. Асхат Еркімбайды күтіп отырған сәт.

Жұмыс күні. Или түні.. Жанарың монитормен, миың микрочиппен, жамбасың орындықпен… общым, бәрі «занят». Жүрек шіркіннің де қақпасынан қыл-қыбырын қырыққан аяқтың сыңары шығып жатады. Знәшіт, ол да «занят». Комптың көзі жылтырасымен, ақпараттық мәзірден асап-асап, жортқан спам, жүгірген хатты жұтқыншаққа салып көресің. Мәйл-агент.. Туиттер, Джимейл, Фэйсбук… Оқуды жалғастыру

Сұранып тұрған сын


Айдос ағам (Сарым) «қазақ вувузеласы» деп атап жүрген әм Шахановқа «ӘБСЕ», басқасына «ОБСЕ» болатын ұйым  туралы ақпарат іздедім. Қай күні екені қызықсыз болар… Интернеттің иіріміне бойлайын деп, сағатты шешіп, көзілдірікті киіп жатқаным сол, сумаң етіп, мына сайт шыға келді. Оқуды жалғастыру

«Қыздар» қайдан шықты?


Қазақ интернетінде заңды мойындап, заң жүзінде қызмет көрсетіп жатқан порносайт жоқ. Тыржалаңаш сайт ашуға тыраштансаңыз, ҚР ҚК 273-ші бабымен қорқытамыз. Порноматериалдарды таратты деп мойныңызға қылмыстық жауапкершіліктің қылын тартып, үш жыл абақтының сорпасын үріп ішесіз. Оқуды жалғастыру