Дарын Мубаров. «По блату»


Айтпады демеңіз, бұл блог жылнамамда болып көрмеген пост (ораза емес) болмақ… Ұзақтығы да, ұлағаттылығы жағынан да. Очм олай, жоқ былай: «Жұлдыздар отбасы» деген жорналдың жетінші саны жетті. Жылтыр бетін жырта жаздап оқыдық. Бастығымыз – бас редактор Қуат қасқа сұхбат беріп тастаса, редакцияның тышқақ тарақанына дейін қуанады емес пе? Еще жұрт жапырып оқитын «Жұлдыздарға» шықса… Оқуды жалғастыру

Қазақ лаңкес пе? Талқы-тебіс


Қазақ кім еді десең, қой ауызынан шөп алмас момақан халық деген мінездемесі бар. Арғы-бергі тарихқа бинокль салсаң, бетім құлпынай болатындай қылмысымыз да жоқ сияқты… Қысқасы, бүгінгінің әңгімесі былай: көрші-қолаңға «қазақ лаңкесі, қазақ жамағаты» деген жаманатымыз шығып жатыр. Әнеубір жолы әріптесім Кәмшат Тасболаттың осы тақырыпты тістелегені бар. «Айқын» газетіне «а» мен «б» деген әріптердің басын қосып, мен де мыртиып пікір білдіріппін. Соны таратып айтайын десем, ауыз толтырып айтатындай түк жоқ. Оқуды жалғастыру

Сайт пен сайт..аң


Сейсенбіде «Майл.руды» мекені еткен мырзалар сапырылысты да қалды. Осынау сайттың мәзірін орыс тілінде ұсынатынын былай қойғанда, ата дініміз Исламды арандатуға жол беріп қоятынынына қарадай ыза боласың. Астағфируллах, сол сейсенбіде «Аллах Мухаммедов» деген лақап аты (логині) бар қолданушының «Мой мирын» қарап, көзім атыздай болды. Оқуды жалғастыру

Омардың ойы…


Бұл екінші халиф Омар ибн әл Хаттаб емес. Бұл Омар Хайям да емес. Бұл ЖәлелұлыОмар Жәлелұлы. Еуразия Ұлттық университетіндегі пәлсапа кафедрасының ересек, кешіріңіз аға оқытушысы. Дінтанушы. «Как раз» Астанада ҚР мұсылмандарының 5-ші құрылтайы шақырылып, дін мәселесіне дүрбі салуға тура келген. Еееең жек көретін жанрым – сұхбатты Амангелдінің ееең жақсы көретін авторынан алдым. Жаман шықпаған сияқты. Жақсы деген тұстарын жалпы өзектен үзіп-үзіп, қайшымен қиып-қиып, осында салдым. Келісерсіздер-келіспессіздер, тек әке-шешеден боқтау, кіндіктен төмен тебу болмасын 🙂 Ескерту: аяғына дейін оқымасаңыз, айып емес.   Оқуды жалғастыру