Телібеков неге тегін жасырады?


«Аузымен от бүркіп, шоқ шайнап» жүрген «дінбасы» Телібековтің өмірдерегі… белгісіз. Бимағлұмбыз. «Қашан, қай жерде дүниеге келіп еді, бұрын кім болып еді?» деген сауал тумай жатып-ақ, жұта салыңыз. Себебі, сабазымыздан қанша сұрасаң да, сөз шығармайды. www. guljan.org сайтына берген соңғы Оқуды жалғастыру

Мен көрген Мұхамеджан…


Тұспалсөздің тақырыбы әктуал боп тұрған соң, борбайға салып, барымталап кеттім 🙂 Сонымен, «Мен көрген Мұхамеджан» газетіме басылған сұхбаттың редакция қайшысынан өтпей қиқаланып қалған үзіктері ғой. Ел аузында жүрген елеулі сұрақтарға берілген жауапты мен ғана естігенім обал емес пе? Одан да блогымның оқырмандарымен бөлісейін деген ой болды. Орысша айтқанда, «ничего личного«))) Оқуды жалғастыру

Рейтингіңе риза бол!


Ренжісеңіз де (кімге?), рейтинг деген (пәле?) рулить етіп тұр. Қой-бизнестен шоу-бизнеске, саясаттан секске дейінгі санаттың бәрін осыған бағындырып қойдық. «Нарықтың талабы» әм «жариялылықтың көрінісі» дей ме, сондай очм. Қарап жүрмей, Гуглден сурет қарап отыратыным бар емес пе? Сол ғадетпен арғы күні ме, көзіме өзіме өте таныс жігіттің фотосы жылыұшырай кеткені. Жата қалып, Оқуды жалғастыру

АптА KыZы немесе «қызығы»


Жексенбіде үйге келіп жығылсам, «Қазақстан» телеарнасы аптаның қоясын ақтарып, сораптап, кешіріңіз сараптап жатыр екен. «Апта КZ» алғашқы хабарын Азиада алауын облыс орталықтарымен алып жүруге арнапты. Дұрыс қой, жүгірген «тұлғалар», тоңған жұрт, толқынды сөздер… солай болуы тиіс те.  «Базар жоқ» дейін десе-е-ем, Оқуды жалғастыру

«Қара жорға» қақтығысы


«Бұл би – қазақты құртқысы келетіндерге асыл дүние». Салмағы атан түйенің сүйегін уататын сөздерді ары-бері сермей келе, Берік Сұлтанов деген әріптесіміз би төресінің басынан «былапытты» құя салыпты. «Ерінбеген етікші болады» дегендей, екінің бірі блог ашып, баспасөзге шығармайтын ойын басып жатқаны демократия да, дұрыс та шығар… Екінің бірі дегенім ерсілік болар, Берік білдей журналист. Алдымен, Беріктің не дегенін аңдайық. Оқуды жалғастыру

«Ит аузына ағаш тығу»


«Сіздің һәм біздің бостандығымыз үшін» деп алып, қазақ десе ұртына қол салып тұрып, құсатын қырсық, қыңыр, кещелерді сөйлетуде «Время» алдына тірі жанды түсірмейді. Әрі-сәріден соң, бұл кәзит қазаққа жарым ауыз жақсы сөз айтпайтын «кіл мықтыны» іздеп-тауып, суретін басып, сөзін шығаруға серт бергендей… Сонымен, соңғы нөмірінде Қанат ҚАБДРАХМАНОВ дегеннен суыртпақтап, сұхбат алыпты. Оқуды жалғастыру

Блог пен одақ бір емес…


Апта соңында қалтамдағы бар ақшамды бір қотарамын… Дүңгіршек іздеп, ішінен бірнәрсе ілуге болады-ау деген қазақ, орыс газеттерін сатып аламын. Әдейі соқтығып емес, әредік оқырман ретінде жынымды шақырып жіберетін мақала, сұхбаттарға «өш алсам», осы «Монитор» айдарынан оқи аласыздар. Оқуды жалғастыру