«Ішкі тыныштықтың» ішірткісі


-Я узнал, что мой папа, на самом деле не мой папа.
-Твой папа — гусь. Тебя это шокировало?

«DreamWorks». «Кунг-фу Панда-2». Осы екі ауыз сөздің өзі кинотеатрға жетелеп апаруға жетерлік. Енді жата қалып, жырғап мақтайын десем, жүдә ұнаған жоқ. Тұра қалып таспен атайын десем, тегі нашар емес. Тегі дегенім, 2008 жылы По есімді алаңғасар панданың ақырында ұлы жауынгерге айналатыны жайлы мультик мегахит болған. Қазір де «Шрэк«, Оқуды жалғастыру

«Тотынаме» емес, «Тоты-аниме»


«Теперь поздно отступать… Дама смотрит!» (Тукан)

Зияддин Нахшабидың (Қисықтың арғы атасы деген қисын бар) орта ғасырларда жазылған «Тотынамесі» бар. Мазмұнын білмедім. Әмірхан Балқыбек ағам «оны не қыласың, қыздарға арналған, оқымай-ақ қой» деген соң, ойдан шығарғам. Енді міне, Карлос Салдананың «Тоты-анимесі» Оқуды жалғастыру

Құ-құрр. Ққ-құрм-мм-ет-тіі!


«Ты так красиво заикался, что я не могла тебе отказать»

Георгтың әйелінің айтқанынан

Уильям Сомерсет Моэм, Льюис Кэрролл, Демосфен шешен, Мұса пайғамбар (с.ғ.с.), Уинстон Черчилль… Тізген мықтылардың тілінде мүкістігі болғанын тарихтан білесіздер ғой. Ал «Оскар» алып, озық тұрған «Король сөйлейдінің» өзегі кекештікпен күресу екенін кеше біліп жатқандар да бар шығар. Өзімнің де, өзгенің де жүйкесін жұлмалап қайтейін, жаңа фильм жақты! Очм, Том Хупердің туындысы жалпақ жұртқа мәлім королева Екінші Елизаветаның әкесі турасында. Оқуды жалғастыру

Есімде қалғаны… Екеу


Екеу дегенім екеу

Тісімді емдетуге теңге үнемдеймін деп, төрт күнде үш фильмді «төңкеріп» тастаппын. Алған-алмаған әсерім азаптап, тіпті Джолидің дүрдиген ерні түс қабатыма тіліп кірген соң… жазайын дедім. «Жыртылып». Айтпақшы, не көріп едім өзі?

1. «Турист»:

Депп пен Джоли. Париж бен Венеция

– Пригласите меня на ужин.
– Что?? (пауза) Вы не хотите поужинать? Оқуды жалғастыру

«Жаным», Жиреншаш!


Ғашық болған ғазизім осы! бергі "бөжей" емес, ар жағындағы аруға...

Немесе тақырыпты «Қисық қалай алдымды орап кетті?» деп қойғым келген 🙂 Неге десеңіз, бұл мұлтпылымды (марқұм апамның транскрипциясымен) бейсенбі, 25 қараша, сағат 19.10-да, «Хан Шатырдың» мультиплексті кешенінің 2-ші залының, 3 қатар, 10 орынында отырып алып, қолымда поп-корн, құшағымда… неважно :-), общым беймарал күйде бақылағам. Бақылағам дегенім бұрыс болар, мультиктің бір маңызсыз кейіпкері ретінде ішіне кіріп кеткендей ірі (күшті) әсерде қалғанмын. Оқуды жалғастыру

Үш өлшемдегі үрей


Кеше бой жазып, фильм көрейінші деп «Хан шатырына» бардым. Барған уақытыма қарай, «Пила 3D» да пышағын қайрап, қанжарын сайлап, мені күтіп тұр екен… Дүние күйіп кетсе деп, ВИП-залдан орын алғанмын. Өзіме және «өзгеге»… Кім екені құпия түрде қалсын, сіздер де қолқа салмай-ақ қойыңыздар. Қысқасы, аңырайған үлкен залдың ортасында екеуден екеу отырдық. Оның үстіне әлгі ЗD – көзілдірікті алғаш киіп, үш өлшемдегі киномен жақынырақ танысқаным да жаңа. Общым, кино ұнады. Оқуды жалғастыру