Мен көрген Мұхамеджан…


Тұспалсөздің тақырыбы әктуал боп тұрған соң, борбайға салып, барымталап кеттім 🙂 Сонымен, «Мен көрген Мұхамеджан» газетіме басылған сұхбаттың редакция қайшысынан өтпей қиқаланып қалған үзіктері ғой. Ел аузында жүрген елеулі сұрақтарға берілген жауапты мен ғана естігенім обал емес пе? Одан да блогымның оқырмандарымен бөлісейін деген ой болды. Орысша айтқанда, «ничего личного«))) Оқуды жалғастыру

Менің кітап менюімнен…


Қисық бастап, Аршат жалғаған кітап ұсынуда кезек созып алдым. Әдейі емес, жұмыста әбігерге салынып. Жарайды, ұсынатын үш кітабым мынау.

1. Құран

«Бұл (Құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол және тақуалар үшін насихат»

(Әли Имран сүресі, 138) Оқуды жалғастыру

Дарын Мубаров. «По блату»


Айтпады демеңіз, бұл блог жылнамамда болып көрмеген пост (ораза емес) болмақ… Ұзақтығы да, ұлағаттылығы жағынан да. Очм олай, жоқ былай: «Жұлдыздар отбасы» деген жорналдың жетінші саны жетті. Жылтыр бетін жырта жаздап оқыдық. Бастығымыз – бас редактор Қуат қасқа сұхбат беріп тастаса, редакцияның тышқақ тарақанына дейін қуанады емес пе? Еще жұрт жапырып оқитын «Жұлдыздарға» шықса… Оқуды жалғастыру

Бәрін де бір Құдай біледі…


Білсеңіздер, футурология деген ғылым бар. Бірден келешектің көкжиегіне көз салып, болашақтың бедерін сипауға тырысатыны түсінікті шығар. Осип Флехтхайм деген білгіштің 1943 жылы осы терминді айналымға салып жібергені бар. Содан бері футурологияның ғылым ретіндегі әдістемесі қалыптасып, салмағы артып шыға келген деседі.

Оқуды жалғастыру

Лаумулин қайда «лақты»?


Бізде ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты деген құрылым барын білерсіз. Сол институттың сарапшысы Мұрат Лаумулин «Эксперт-Онлайн» басылымына берген сұхбатында «Ұлтшыл-патриоттар мен исламшыл саясаткерлердің ымыраға келуіне жол бермеу керек» деген пікір айтып қалыпты. Біле жүріңіз, біздегі саясаттың ұлы мақсаты да осы көрінеді. Лаумуллиннің лек-лек ойына лайықталсақ, отанымызда Ислам оппозициясы пайда болса, қазіргі қорқынышымыз оның қасында ойнамай қалады. Оқуды жалғастыру