Құтылмадым-ау, сенен құрылтай


Біздежеинский айтқандай, бұл «біздегі жанр дағдарысының» басы емес. Аяғы десең, иә 🙂 Бүткіл интернеттің назарын бір сәт өзіне аударған Блог құрылтай өтті-кетті. Өзегімді керосинмен өртеген өкініш, сонда түсірген суреттерімді троян жегені еді… Қаратпаған травмотологымыз қалмады, тәуіптер сиқын көріп, сілекейіне ие бола алмай, сілейіп жатты, очм. Құдай жарылқағанда,

Recover My Files деген бағдарлама бар екен. Бұған нұсқаған Абай Отар ма, Конвикт пе еді, кім болса да көп рахмет! Сөйтіп, алпыс файлды летаргиялық ұйқысынан оятып алып, оның он бесін осында салып отырмын (өзіме қызық әрі өзім түскендерін, әрине)))) 

Солдан оңға сальто жасау бойынша: адамгершілігі мол «Асу«, парасаты мол «Пепси«, ықылысы ырғын ыстық лаваш… Ии-и, танымайм бұл қыздарды, тек Әйгерім Бегімбетті ғана біледі екем

«Исматуллашылар«, ой-ой олар емес, «Асхаттың браттары», жо-жоқ, «Рахат кешкендер» (бұл ойынды бастаған Рахат Жақсыбай/Қазақия еді)

Бой жарыс. Бірінші орынды кім алғанын осы күнге дейін, осы суретсіз анықтау мүмкін болмай келіп еді… Бекер салдым ба деп қалдым)))

«Ал, балдар, бүгінгі сабақ.. бүгінгі сабақ – Глоб йатлырұқ» (Көне түркі жазуы емес, керісінше оқып көріңіздер)

Салтан Сәкен белгілі блог – «Жүрек сөзіне» хакерлік шабуыл жасап, автордың атынан бірдемені сықпыртып жатыр. Ұят-ай

«Тоты мен Бүркіт. Семей мен Астана» («Рио-2» мультфильмінің афишасынан ұрланып алынды)

Нұрғиса Асылбеков. Сайлау қорытындысы бойынша, Дәруішөлген автономиясының тақ мұрагері болып сайланды. Құтты болсын!

«Қанша рет айтам өже, қазақ деген ұлт бар! Иә, бұрын батыр болған, бүгінгі ұрпағы – блоггер. И чо…» (Фазылбек дәл осылай айтты)

«Атын даже менің апам білетін Асхат Еркімбай мен Ювижн платформасының өкілі келісім-шартқа отырыпты. Келісімнің шарттары сол күйі құпия сақталып отыр» («Блог ньюс» агенттігі)

Аса қауіпті, асқан шебер,  ұйымдасқан блогшылар бандасы. Лақап аттары – «Ұшқын», «Мина», «Бомба«. Бұлардың қолына түсе көрмеңіз, ә то анау самсаны көрдіңіз бе, не болғанын

Қалдықыз, Анар, Алты градус… Негізі жақсы қыздар ғой, блогты бастап, қоя алмай жүргендері болмаса))))

Ортадағы азамат қарапайым ғана информатик мұғалім, қос блогы бар, костьюміндегі знәшокті көшеден тауып алыпты.. міне, осындай қарапайым болу керек қой

«Патик! Атың кім осы сенің? – Айтпаймын – Айтшы – Атымды айтсам, суретке түсеміз бе?»

«Папарацци! Танымал блогшыларға жердің астында да тыныштық жоқ

«Төрт найман жиналып қалыппыз. Түсірші, кәне, тарихта қалайық»


35 comments on “Құтылмадым-ау, сенен құрылтай

    • Иә, үлкен рахмет саған, өзімнің программист деген атыма ұят болды бірақ))) Дұрыс айтасың, бір әріптен қате жіберіппін, тұра берсін жарайды

  1. Блог құрылтай басталғаннан-ақ Тоты мен Бүркіт бізден бөлектеніп жүрген.
    Бәріміз жиналып әңгімелесіп, шәй ішіп отырсақ, ғаламтордағы екі құсымыз бөлек столда отыр 🙂

      • Бұл құрылтайдың басты тақырыбы – Бүркіт пен Тотының жарасымы болды, әрине тілекшіміз, келесі құрылтайда қандай тақырып болады екен а, болжам жасайтын кім бар?

  2. ОООО, Өркен, супер суреттер екен!
    Қыздарды көріп қуанып отырмын) Атмосфера жақсы берілген)))

    Ең алғашқы суреттегі алдыңғы екі қыз психология тілімен: «Жолама маған!» деп отырған секілді)))

    Конвиктке Рахмет))

  3. З.Ы. Анау тақиялы «періште», то есть жігіт кім екен?
    Бұрын бір осындай киінген жігіт көріп, полуғашық болып қалғам.
    Тақия менің осал жерім. Әсіресе еуропалық киініп, басына тақия киіп жүрсе мегасупер стильно деп ойлаймын.

    Кім болса да, респект оған)))

  4. Хм… маган да такия киген жигиттер катты унайды!

    Суреттер адеми екен! мен де бір блога ашып ап сиздерге косылам ау дейм осы ))) а калай карайсыздар?

  5. Күндердің күнінде осы адамдардың арасында мен де болам, Алла қаласа…………. деп армандап қояйықшы)))))))))))))))))))))))))

  6. Жалпы, жұлдыз болған қиын ғой. Өткен жолы Қазақ блогосферасының Халық әртісі Бүркіт аға екеуміз жертөледен өтіп бара жатқанымызда бір әшки киген жігіт «бір рет түсіріп алайыншы» деп қоймап еді 🙂
    Қалжың ғой, керемет суреттер! Бір жарым айдан кейін көрген қызық болады суреттерді

  7. Сурет тарта білуде өте керемет өнер.Өркен небір қупяны суретпенде көрсете біліпсің рақмет саған,Сурттерден көп сырларға көзім жетті )))

Пікір қалдыр