Дарын Мубаров. «По блату»


Айтпады демеңіз, бұл блог жылнамамда болып көрмеген пост (ораза емес) болмақ… Ұзақтығы да, ұлағаттылығы жағынан да. Очм олай, жоқ былай: «Жұлдыздар отбасы» деген жорналдың жетінші саны жетті. Жылтыр бетін жырта жаздап оқыдық. Бастығымыз – бас редактор Қуат қасқа сұхбат беріп тастаса, редакцияның тышқақ тарақанына дейін қуанады емес пе? Еще жұрт жапырып оқитын «Жұлдыздарға» шықса…

Жарайды, сол жорналда жас пен кәріге бірдей таныс Дарын Мубаровтың да сұхбаты басылыпты. Таныстырайын ба, әй бәрің танитын шығарсыңдар. Ол – ақын. Ол – уағызшы. Осымен тоқтайын. Сұхбат жақсы-ақ, бірақ жорналдың қалыбына сыймай, тасып тұрғаны, оны «аяусыз» қысқартып, «армансыз» шолтитқаны көрініп тұр. «Жақсы сұхбат алыпсың» деп жақаурата, «Жұлдыздағы» журналист Марфуға Шапиянмен жазыстым (неде, неде? агентте). Расында, дәп тауыппын. Компьютер бетінде 11 парақ болған… 4-еуі ғана баспаға кетіпті. Мұндай «әділетсіздікке» қарсы тұрушы Кихоттық мінезім ұстап, сұхбаттың толық, семіз нұсқасын сұратып алғам 🙂 Аяғына дейін оқуға шыдамыңыз жетпесе, ортасына дейін, ортасы болмаса, осы жерге дейін оқыңыз. Жоқ, оқыңызшыыы!!! Себебі, сұхбат, қалай айтсам.. в шоколаде. Бұдан кейін «өмірдің мәні не? Мұсылман болу қызықтан түңілу ме?» деген «біртүрлі» сұрақтармен мазаламайтын боласыздар, ат вешаю)))

ЕСКЕРТУ: Сұхбаттың толық нұсқасын басқа блогта, сайтта, кәзетте, кітапта.. жариялаймын десеңіз, рұқсат алуыңыз керек.

– Дарын аға, өз өміріңізге Исламның әкелген жақсылығы туралы айтып беріңізші…

Аллаға сансыз мақтаулар болсын! Өзімнің мұсылманшылықта жүргенім есіме түскен сайын тек ауызбен емес, жүрегіммен Аллаға алғысымды айтқым келіп тұрады. Ислам менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Тек қана менің өмірім емес, жақын адамдарымның барлығына әсер ете бастады. Отбасымызда ішімдік ішілмек тұрмақ, аты да естілмейтін болды. Өзіміз түзелгеннен кейін сөзіміз түзеле бастады. Намаз үмітіңді, тәуекеліңді күшейтіп, сабырлығыңды, шүкірлігіңді арттырады екен. Адам тән мен жан деген екі нәрседен тұрады. Тән топырақтан жаратылғаннан кейін оның азығының барлығы топырақтан шыққан дүниелер. Жан Алладан келгеннен кейін оның азығы да Алладан келген дүниелер болады. Құран оқи бастағанда, жаныңның азықтанып жүргенін көресің. Намаз бастаған адам міндетті түрде «неге ертерек бастамадым екен?» деп өкінеді екен. Жүрегіміз тәкаппарлық мен уайымнан тазарды. Алланың сөзімен нұрланды. Алла Тағаланың маған берген нығметтері өте көп. Бала-шаға, иманды әйелдер берді. Әке-шешеміздің де көзі тірі, Аллаға шүкір. Үйлі қылды, көлікті етті, денсаулық берді. Айта берсем, мендегі барлық нәрсе Алладан. Бірақ осы Алланың берген нәрселерінің ішіндегі мен үшін ең артығы – иман. Егер Алла Тағала маған иман бермегенде, мен қалған нәрсенің қызығын көре алмас едім. Кімде-кім Алламен болған қарым-қатынасынан бақыт таппаса, ол адам ешнәрседен бақыт таба алмайды.

–  Шыны керек, сізді уағыздарыңыз арқылы танимыз. Көптеген адам дискілердегі уағыздарыңыздың нәтижесінде намазға келіп жатыр. Алғашқы уағыздарыңыз халыққа қалай жеткен еді?

Халыққа уағыз айтамын деген ой мүлде болған емес. Әке-шешем педагог кісілер. Біздің де оқуға жақын болғанымызды қалады. Мектепті Алланың қалауымен күміс медальға бітірдім. Өзім журналист болуды армандаған едім. Журналистикаға тапсырып, емтиханнан құлап қалдым. Білместік қой, көңілімде «Құрбы-құрдастан қалып кеткенім бе? Қалай түспей қалдым?» деген өкініш пайда болғандай болды. Сосын жазғы уақытта әкем «Уақытыңды босқа өткізбе. Медресе бар екен. Сол жерден Құран үйреніп ал. Біздің үйде де Құран оқитын бір адам болсын» деді. Бұл шамамен 1994-ші жылдар. Солай Тараз қаласындағы Әбдіқадыр атындағы мешіт-медресеге әкем ертіп апарды. Алғашында жай ғана Құран үйреніп қайтамын деген оймен бардым. Араб тілінде бар болғаны 28 әріп екен. Оны үйренудің еш қиындығы жоқ көрінеді. Бір аптаға жетер-жетпес уақытта Құран оқи бастағанда өзіме-өзім сене алмадым. Өйткені, біздің ұғымымызда Құран ешкім оқи алмайтын, адамның санасы жете қоймайтын ұлы кітап болатын. Сөйтсек, оны да оқуға болады екен. Бірақ менің алғашқы оқуым әріптерді бір-біріне жалғап оқу ғана болатын. Мағынасын түсінбейтінмін. Бір уақыттары мынандай қызықтар бола бастады. Құранды оқып отырып, «китап» деген сөзді кездестірдім. «Мына сөз қазақтың кітабы емес пе?» деген оймен Халифа Алтай атамыздың аудармасына қарасам, кітап кітап болып тұр екен. «Қалам» дегені біздің де қалам екен. Осындай өте ұқсас сөздер кездесе бастағаннан кейін «Алла Тағаланың кітабын оқып, түсінуге болады екен ғой. Енді маған осыны кім үйретер екен?» деген араб тіліне деген қызығушылық оянды. Іздеп жүріп, ата-бабасынан келе жатқан Құранын ақ матаға орап, сандыққа тығып жүрген молдалармен кездестім. Олардан үйрене бастадым. Біздің Крыловтікі деп оқып жүрген нәрселеріміз оларға дейін мұсылман әлемінде бар нәрсе екенін білгенде қайран қалдым. Яғни, Кеңес үкіметі мұсылманның байлығын ұрлап, пайдаланған екен. Құрандағы көптеген таңғажайып дүниелерді көргеннен кейін «Мына нәрсені адамдар қалай білмей жүр? Мен сезінген рахатты олар да сезінсе ғой» деген ой туындай бастады. Әке-шеше, әйеліме айтудан бастадым. Одан кейін күнәға қарай кетіп бара жатқан бірді-екілі адамдарға айта бастадым. Біреу тыңдайды, біреу тыңдамайды. Сынмен адам баласы шыңдалады. Күндіз басқаларға білгенімді айтып, түнде үйге келіп Құран оқитынмын. Құран адамның рухын күшейтіп, санасын толтырады екен. Өзім білген нәрсені елге қалай жеткіземін деген оймен жүріп, алдымызға қалай көптеген адамдардың уағыз тыңдауға жиналып қалғанын байқамай қалыппыз. Есігімізді қағып «Құраннан бір нәрсе сұрайыншы. Намазды қалай бастасам болады? Арақты қалай тастасам болады?» деген адамдарды көріп, бұл істі жауапкершілікпен атқару керектігін түсіндім.

– Отбасыңызда өзіңізден басқа кісілер де дінді толық ұстана ма?

– Аллаға шүкір, әкем де, анам да, әпке-қарындастарым, әйелдерім, балаларым да намаздағы кісілер. Әкем тарапынан да, шешем тарапынан да туысқандарымыз намазда. Біздер тек қан арқылы туысқан болып жатқан жоқпыз, Құран арқылы да туысқанбыз. Алладан ақиқатты көрсеткеннен кейін, одан адастырмауын сұраймыз.

– Жоғарыда «әйелдерім де» деп отбасыңыздың жалғыз емес екенін аңғартқандай болдыңыз. «Екі сиыр айран, екі әйел ойран» деген мақал бар ғой. Қызғаныштан немесе т.б. түсініспеушіліктен қиындықтар туындап тұрмай ма?

Қиындық бір әйелмен де бола береді. Менің жағдайымды жеңілдетіп тұрған нәрсе, әйелдерімнің баршасы Құран, сүннетті сүйген иманды жандар. Жеке басымыздың ғана күйін күйттеп қоймай, Алланың разылығын бірінші орынға қойғандықтан отбасында туындаған қиындықтардың шешімін діннен іздейміз. Онда бәрі айтылған. Анам да иман мен тәжірибені ұштастырған кісі. Ол кісінің қасында болған сәттерінде келіндері міндетті түрде өздеріне пайда тауып отырады. Келіндерінің ешбіріне алабөтен қарамайды. Бәріне құшағы ашық адам. Жалпы әйел кісіні ері ұстамайды, ары ұстайды.

– Көп әйел алу мәселесі біздің парламентте де бірнеше мәрте көтерілді. Сіздің бұл пікірді қолдайтыныңыз сөзіңізден ғана емес, ісіңізден де көрініп тұр. Осы мәселеге қосар пікіріңіз қалай?

– Қай қоғамда болса да әйел кісілердің саны ер кісілердің санынан көп болған. Біздің елде де осы көрініс бар. Көп әйел алу сол басы артық әйелдердің ер құшып, бала сүюіне мүмкіндік туғызады. Халық санының өсуіне де себі бар. Егін көп болса, өнім көп емес пе? Дей тұрғанмен бұл жерде сақтанатын тұстары да жоқ емес. Алланы сыйламағанның адамды сыйлауы екіталай. Бір әйел үшін Құдайдан қорқып хақысын бермеген еркек, екі әйел алам деп ойран салуы әбден мүмкін. Шариғатта көп әйел алу рұқсат. Бірақ міндет емес. Сондықтан, көп әйел алу мәселесіне жеңіл баға бере салуға болмайды. Сол себепті, әрбір еркек екі әйел алсын деген пікірді тарату дұрыс емес. Сол жауапкершілікті көтеретін еркек екі әйел алсын десек, дұрыс болады. Сол үшін екінші әйел алам деген еркек алдымен жүрегіндегі иманына ой жүгіртсін, қалтасындағы ақшасына қол жүгіртсін, бірінші әйелінің қабағына көз жүгіртсін, одан кейін барып жымисын, не болмаса ол ойынан тиылсын.

 

ДІНСІЗ ӨМІР СҮРУ –  КҮНСІЗ ӨМІР СҮРУ  СИЯҚТЫ

– Діннің адамзат қоғамында алатын орны қаншалықты? Дін адамға не үшін қажет?

– Діннің адамзат өмірінде алатын орны өте маңызды. Дінсіз өмір сүру, күнсіз өмір сүру тәрізді. Қараңғылықта қалғанға дұрыс бағытты анықтап, адаспай жол табу өте қиын. Дінсіз адамның санасы мен жүрегіне сәуле түспейді. Сол үшін халық даналығы «Дінді білмеген адам, дымды білмеген адам» деп мақалдайды. Біздің бұл айтқандарымыз жәй ғана жылтыр сөздің жалауы болып қалмауы үшін, нақты деректерге сүйене кетейік. Бірінші Құран аяттарында келген хабарларға жүгінейік. Адам ата мен Хауа ананы жәннатқа жайғастырып, бүкіл нығметтерді пайдалануға рұқсат еткенде бір нәрсеге ғана тиым болды.Ол – ондағы бір талдың жемісіне жоламау еді. Олардың бұл нығметте болғанын көре алмаған шайтан сиқыр сөздерімен азғырды. Олар сол жемістен дәм татып, күнәһар болды. Жерге түсті. Сол жерге түскен сәттерінде Алла оларға: «Біз оларға:«Жәннаттан бәрің түсіңдер. Егер сендерге Менен туралықты көрсетуші нәрсе (кітап) келсе, кім сол туралықты көрсетуші нәрсеме (кітабыма) ерсе, міне соларға қауіп жоқ және олар қайғырмайды…» – дедік» деген (Бақара, 2:38). Міне, осы аяттан адам баласы жер бетіне түскеннен бастап, Алла оларға тура жолды көрсететін дінді, кітапты жіберетінін айтқандығын көреміз. Біріншісі, Алла тағаланың бізден талап ететін нәрсесі: Оның жіберген Кітабына немқұрайлы қарамай, оған еру. Екіншісі, дүние-ақыретте қауіп пен қатерден құтылудың, уайым мен қайғыдан арылудың жолы Алланың жіберген дінін ұстану.

Иә, Алла тағала уәдесінде тұрды. Адамзат баласын қараусыз қалдырған жоқ. Мыңдаған пайғамбарларын жіберіп, жүздеген кітап түсірді. Атқарылмаған адамның ғана міндеті қалды. Ол міндет – Пайғамбарлар өсиетіне құлақ салу, Алланың кітабына еру. Дін адамның пайда болу тарихымен қатар келе жатыр. Адамның өмір сүру барысында дінсіз кезеңі болған емес.Тіпті, бұл ақиқатты Құдайдың барлығын жоққа шығарғысы келген атеистер де өз еңбектерінде білдіріп қалған. Дәлірек айтсақ, Кеңес өкіметінің өрлеп тұрған тұсында атеизмді таратумен белсене араласқан Анатолий Пак өзінің «Дін тарихы мен теориясы» атты кітабында: «Адамзат баласы дінсіз де өмір сүрген кезеңі болған.Ол кезең олардың әлі маймыл санатынан шықпаған тұсы. Ал оларда діннің көрініс бере бастаған тұсы, маймылдықтан өтіп, «ақылды адам» сатысына өткен кезеңі». «Адамның тегі маймыл» дегенді мегзеп тұрған бұл қате тұжырымда шындықтың лебі де есіп тұр. Ол нәрсе, адамның«ақыл егесі» аталғаннан бастап дінсіз өмір сүрмегені. Бұған қоса айтарымыз, тек маймылға, жалпылай айтсақ ақылсыз малға ғана діннің керегі жоқ. Ал, ақылдымын деген адамның діннен қашпауы –парасаттылығы. Бұл ойды Абай атамыздың: «Толық мұсылман – толық адам, жартылай мұсылман –жартылай адам» – деген сөзі қуаттай түседі. Қорыта айтқанда, дін адам өмірінде маңызды қызмет атқарады.Тіпті, діни танымды бірінші орынға қою керек.

Халықтың да көнеден келе жатқан сөзі:

«Істің басы «Бисмиллә»

Бисмилләсіз іс қылма».

Сондықтан, кім дінге көңіл бұрса, өзіне көңіл бұрғаны. Кім дінге салғырт қараса, өзіне салғырт қарағаны.

Адамға дінсіз өмір сүруге болмайды дедік. Бірақ, көз алдымызда тұрған ақиқат – діннің бір ғана емес, көп болуы. Сол қаптаған діндердің қайсысы ақиқат үстінде екенін қалай ажыратуға болады?

– Ата бабасының ұстанған дініне соқыр ілесе салу көбіне дінге немқұрайлы қарайтындардың немесе ойлану мен ізденуді қаламайтындардың әдетінен. Дінге салғырт қарауға болмайды. Ал, енді діндердің көптігі,олардың арасынан дұрысын табуға байланысты мәселеге тоқталайық. Шын ізденген адамға дұрыс дін мен бұрыс дінді ажырату қиын емес. Діндер қанша көп болғанымен, олар үш қана топтан тұрады. Біріншісі – адам ойының жемісінен туындаған. Екіншісі – Алладан келген, бірақ негізі сақталмаған. Үшіншісі – Алладан келген және негізі сақталған дін. Бірінші топқа, адамның маңайында болып жатқан құбылыстарға (жер сілкіну, су тасу, найзағай ойнау) нақты түсінік бере алмай, қате ұғымға түсіп, оларға тәңірлік сипат берулері. Сөйтіп судың құдайы, оттың құдайы, жердің құдайы деп көпқұдайшылыққа түсулері жатады. Бұл көріністерді гректердің көне мифологиясында жиі кездестіреміз. Сол сияқты, Алладан келген кітаптары жоқ, пайғамбар емес, жәй өздері сүйген тұлғаларды шектен шығып дәріптеп, ақырында оларға құдайлық сипаттар беріп, оларға сиынуды дінге айналдырулары. Бұған Буддизм, Кришна т.б діндерді мысал етсек болады.

Екінші топқа, Алладан келген кітабы бар, Алла тарапынан жіберілген елшісі бар, бірақ сол кітаптарды толық сақтай алмай, пайғамбарларының өсиеттерін жинақтай алмай, сол олқылықтардың орнын өз сөздерімен толтырып, діндеріне өзгеріс енгізген топтар. Бұл топтарға Иуда, Христиан топтарын кіргізуге болады. Олардың қолдарында Таурат, Інжіл атты кітаптары бар. Бірақ, олар өзінің алғаш түскен тілі мен бейнесін сақтап қалған кітаптар емес. Олардың ынсап сақтап сөйлегендері, бұл ақиқатты өздері де айтып жатады. Христиан дінінің католиктік, православтық, протестанттық ірі ағымдары бар. Олардың әрқайсысының өзіне тән Інжілі бар. Және ол Інжілдер бір-біріне қарама-қайшы мағынада. Бұл проблеманы шешу оларға мүмкін емес болып тұр. Иудейлердің қолындағы Таурат та өзгеріске ұшыраған. Және онда барша адамзат баласының мәселесінен гөрі жеке ұлтты дәріптеу басым көрініс береді.

Үшінші топ, Алладан келген және өзінің алғашқы болмысын сақтаған дін. Ол – Ислам діні. Бұл асыра айтқандық емес. Оған Құран кітабы дәлел. Ол сол алғашқы келген күйінде сақталған. Сахабалардың тұсындағы Құран мен қазіргі біз оқып жүрген Құранда ешбір айырмашылық жоқ.Тіпті сол жетінші ғасырда түскен Құраннан біздің ғасырымыздың ғылыми-техникалық жетістігінің өзі қателік пен қарама-қайшылық тауып алуға қауқарсыз болып отыр. Алла сол Құран кітабында: «Олар Құранды (зер салып оқып) ойланбай ма? Егер Алладан өзгенің қасынан келген болса еді, олар онда көптеген қайшылықтарды табар еді» – деген (Ниса, 4:82).

Ғылым Құраннан қателік таппақ тұрмақ, көптеген көрнекті, әлем таныған ғалымдардың бұл Кітаптың адам ойының жемісі емес, Алла тарапынан келгенін мойындап, Ислам дінін қабылдап жатқандығы баршаға мәлім. Мұқағали ағамыздың:

«Дін – ғылымның атасы

Дін – ғылымның анасы

Ғылым діннің баласы» – деген өлең шумақтарында жан бар. Бабаларымыздың Ислам дінін қабылдауында, олардың саналылықтары мен сауаттылықтарын көреміз.Олай болса бізге де бұл Ислам дінін ұстануда құр соқыр ілесе бермей, сауаттылық танытуымыз керек. Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың хадистеріне назар салып, ой жүгіртіп оқуымыз керек. Құранның алғашқы түскен аяттарының өзі соған бұйырады: «Оқы! Сондай жаратқан Раббыңның атыменен» -деген (Ғалақ, 96:1). Міне, жер бетіндегі жүздеген атқа ие болған діндерді, негізіне қарай үш топқа жіктегеннен кейін, әрі сол үш топты талдап түптегеннен кейін ақиқатты ажыратуға мүмкіндік табамыз. Алла адам баласына шамасы келмеген нәрсені жүктеген емес.

– Біз жоғарыда христиан дінінің үш тармаққа бөлінгенін сөз еттік. Бірақ, тура дін деп есептеп жүрген ислам дінінде де суниттік, шииттік т.б ағымдардың атаулары естіліп қалып жатады. Бұдан қалай шешім тапсақ болады?

– Иә, мұсылмандардың ішінара бірнеше ағымға бөлінгендігі жасыратын нәрсе емес.Тіпті, олардың бұлай бөлінетіні жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да айтып кеткен. Және айтып қана қоймай, ол тығырықтан шығатын жолды көрсетіп кеткен. Сондай хадистің бірінде Пайғамбарымыз:«Сендерге дейінгі қауымдар бөлінген болатын. Яхудилер жетпіс бір топқа бөлінген. Христиандар жетпіс екі топқа бөлінген. Менің үмбетім жетпіс үш топқа бөлінеді. Біреуінен басқасының баршасы тозақта болады» – деген. Сонда сахабалар: «Ей, Аллаһтың елшісі! Ол (тозақтан құтылатын) жалғыз топ кімдер?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Олар мен және менің сахабаларым болған нәрсенің (жолдың) үстінде болғандар» – деп жауап қайтарды (Ибн Мажа риуаят еткен).

Бұл хадистен мұсылмандардың бөлінетіндігін көріп тұрмыз. Сол бөлінгендер арасынан дұрыс бағытта болғандарды табудың да жолын көріп тұрмыз. Олар – дінді пайғамбар мен оның сахабалары ұстанғандай ұстағандар. Және бір хадисте Пайғамбарымыз: «Сендерге екі нәрсе қалдырдым. Егер ол екеуінен бекем ұстансаңдар, еш уақытта адаспайсыңдар. Олар: Аллаһтың Кітабы және менің сүннетім» – деген. Құран да сақтаулы, сүннет те сақтаулы.Өзіңнің істеп жатқан ісіңді сол екеуіне салыстыра отырып, дұрыс-бұрысын ажыратуға болады. Және айта кететін нәрсе, христиандар қауымы өздері де бөлінген, кітаптары да бөлінген. Ал, мұсылмандар өздері бөлінгенмен, Кітабы бөлінбеген. Яғни,мұсылмандардың қайтар қазықтары бар. Құран сақталған. Құранмен жүргендер де сақталады.

Құран – ұлы кітап.  Ол кітапты ақ матаға орап, сандыққа сақтап қана қоймай, оның ішіндегі ақиқатты елге насихаттау қажет шығар?

– Иә, бұл мәселені өте дұрыс байқадыңыз. Құран аяттары осыны мегзейді. Алла Тағала: «Менің ескертулерімнен қорыққанды Құранмен насихатта»-деген (Қаф, 50:45). Пайғамбарымыз да: «Менен бір аят болса да жеткізіңдер» -деп өсиет еткен. Осы қасиетті Құран мен шарапатты хадистің мағынасына ұштасқан сөзді Елбасы Нұрсұлтан ағамыз да айтқан.Ол кісі өз сөздерінде: «Біз тегіміз түрік, дініміз Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Cол үшін қасиетті кітап Құранды насихаттауымыз қажет» – деген.

 

МҰСЫЛМАНДЫҚ  –  МАМАНДЫҚ ЕМЕС

– Исламды жаппай ұстану қазақ мәдениетінің артта қалуына алып келмей ме? Иран, Ирак секілді жабық мемлекеттердің бірі болып қалмаймыз ба?

– Исламды ұстанған мемлекет артта қалады деген ұғым әлі Ислам туралы түсінігіміздің терең болмағанынан туындауы мүмкін. Өйткені, Ислам дегеніміз – ақыреттің тіршілігін айтып, дүниені қалдырып қоятын дін емес. Дінімізде екі дүниенің де тіршілігін қатар алып жүру бұйырылған. Пайғамбарымыздың өте жиі жасаған дұғасына қарасақ: «Ей, Раббым! Бізге дүниенің де жақсылығын бер, ақыреттің де жақсылығын бер. Тозақтан сақта!» деп келеді. Мұсылман ғалымдары да «Кімде-кім тек қана ақыреттің тіршілігін жасап, Алланың қақысын орындап, бірақ адамзат баласының алдындағы қақысы, яғни әке-шешесінің, елінің, жұртының алдындағы қақысын орындамаса, онда ол жәннатқа кіре алмайды» дейді. Болмаса керісінше, кімде-кім адамзат баласына ғана қызмет жасаймын деп Алланың қақысын жіберіп қойса, онда да жәннатқа жете алмайды. Және бір хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с): «Ертең қияметтің күні болады десе де, қолыңда көшет болса, еге бер» дейді. Бұл хадис те адамның дүние тіршілігіне талпынуы керектігін көрсетеді. Және бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Адамдардың ең жақсысы – адамдар үшін пайдалы болғаны» дейді. Дүниеде адамдардың тіршілігін жеңілдету, тұрмысына көмектесу – шариғатта бар нәрсе. Ислам діні дүние ілімінің дамуына кедергі жасамайды. Сондықтан да, Исламға келген адам дүние тіршілігін тастап кетеді деп ойлап қалмауымыз керек. Мұсылмандықты ұстанғандарға да айтарымыз осы. Мұсылмандық деген – мамандық емес. Кей жастар, дінге келдім екен деп байқамай, дүние тірлігін, елге деген қызметті тастап кетуі мүмкін. Тағы да қайталап айтамын, мұсылмандық – мамандық емес, мұсылмандық – әр жекелеген адамға міндет. Яғни, «Бәленше – дәрігер, түгенше – әкім, ал мен мұсылманмын» деп ойлауға болмайды. Бірақ «Мұсылман бизнесмен, мұсылман дәрігер, мұсылман мұғалім» деп айтса болады.

–  Исламдағы ер адам мен әйел адамның міндеттерін бөліп айтып беріңізші?

–  Бір кісі «Мұсылман ер кісі мен әйел адамның дәрежелері, болмаса қақылары тең бе?» деген сұрағына «Жоқ, әйелдің қақысы жоғары» деген жауап алыпты. Өйткені, Исламда еркекке қарағанда әйел адамға көптеген шариғат үкімдерінде жеңілдік жасалған. Әйелдерге аз амалмен көп сауап алу мүмкіндігі де айтылған. Исламның әйел адамға жүктеген негізгі нәрселері – Құдай алдындағы бес уақыт намазына ықтиятты болуы, жылына бір келетін Рамазан айындағы оразасын ұстауы, ар-ұятын қорғауы, шариғат дұрыс көрген нәрседе күйеуінің қызметінде болуы кіреді. Пайғамбарымыз «Кімде-кім осы төрт нәрсені істесе, ол жәннаттың сегіз есігін таңдап жүріп, қалағанына кірсін» дейді. Ал ер кісілерге сонымен қатар, қосымша міндеттер жүктелген. Қақылары тұрғысынан әйел жоғары болса, дәрежесі тұрғысынан еркек жоғары. Біздің аналарымыз да мұны жақсы білген. Ата-бабаларымыздың «Алтын басты әйелден, бақа басты еркек артық» деген сияқты сөздерді қолдануы да, еркектің орнын көрсетсе керек. Еркектің әйелге қарағанда дәрежесі жоғары болғаннан кейін оның әйелге қарағанда міндеті де көп болады. Былайша айтқанда, ол өзінің бала-шағасы, отбасымен шектеліп қалмастан елдің қамы, көпір салу, жол салу сияқты елге пайдалы істермен айналысып, Отанын, дінін қорғауы тиіс. Отбасының, бала-шағасының жайнап жүруі үшін өзінің, әйелінің тұратын жері, тамағы, барлығы ер кісінің мойнына жүктеледі. Дінмен қатар ер кісіге дүниенің де тіршілігін жүктеп қойған.

–  Гендерлік саясаттың заманы ғой. Көптеген қызкеліншектеріміз үйде отырып, бала қарағаннан гөрі, карьера жасағанды жөн көреді. Осы тұрғысынан келгенде Исламда әйел адамның қызмет істеуіне бола ма?

–  Қай жерде, қай уақытта болса да Исламның досы да, дұшпаны да бар. Ол нәрсе Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) заманынан келе жатыр.

Діннен елді бездіру – кәпірлердің есебі,

Тек білімсіз тыңдайды, шайтандардың өсегін.

Құдайға мінез көрсетіп, аспанға тас лақтырма,

Аспанға тас жетпейді, басыңа кеп түседі.

Саяз ақылымен Исламды жамандағысы келгендер – Ислам туралы көп хабар білмегендер болып келеді. Исламда егер әйел адамның қолынан келетін болса, ол әйелдің дініне зиян, арына нұқсан келмейтін болса қоғамдық тіршілікке араласуға рұқсат еткен. Бірақ, арнайы шарттары бар. Әйел кісі ол жерде қор болып қалмауы керек, құқысы төмендетілмеуі керек. Және ол жерде әйелдің діни нанымдарына нұқсан жасалмауы керек. Егер осы шарттар орындалса, әйел адамның қызмет істеуінің еш айыбы жоқ. Дей тұрғанмен де, әйел адамның ер кісінің тасасында жүргені көбірек пайдалы. Исламда әйелдерді қоғамдық тіршіліктерден тыйған жері жоқ. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) заманында мұсылмандардың басына күн туып, кейбір сахабалар жарақат алып қалған кезде олардың жарақаттарын таңу мәселесіне әйелдердің араласқанын білеміз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүйікті әйелі – Айша анамыз да көптеген хадистер жеткізді, ол Ислам әлеміне кеңінен тарады. Кейбір ғалымдар Әбу Хурайрадан кейін хадисті ең көп жеткізген Айша анамыз деп жүр. Қазіргі тілмен айтсақ, «Пайғамбарымыздың әр әйелінің үйі өз алдына университет еді». Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірден өткеннен кейін де әйелдері Одан естігендерін халыққа жайған.

–  Қазіргі қазақ қоғамында уахаббизм деген ұғым белең алып тұр. Қазақ сақалды мен шолақ шалбар кигенді көрсе, уахаббиске балап жатады. Бұл өзі қайдан пайда болған атау?

Дінді өзінің көңіліне ұнамай қалғаны үшін, ойына сәйкес келмей қалғаны үшін қоғамдағы түсінікке қарап салыстырмау керек. Мұсылмандардың істеп жүрген тіршілігін Құранмен салыстырып қарау керек. Егер біреудің таққан орамалы заңға сәйкес болып жатса, ол ағым емес, Құдайдың бұйрығы. Біреудің сақалы Құран мен Пайғамбардың сүннетіне сәйкес келіп жатса, ол да ағым емес. Біреудің сақалына қарап баға бере салу – асығыстық. Оған Пайғамбардан келген ашық хадистер бар. Қыз бала басына орамал таға қойса, ер баланың иегіне сақал шыға қойса зерттемей, барламай жатып, уахаббист деген атты таңа салуға болмайды. Жастардың жаман әдеттен, арақ пен есірткіден, ойын-сауықтан аулақ болып, Құдайдың сөзіне жақындап жатқаны жақсы емес пе?! Бір нәрсені ескеру керек, қоғамға қарай пікірлер өзгереді. Біз кейде өзім ойладым дегеніміз өзіміздің ойымыз емес, қоғамдағы кейбір қате пікірлердің әсер етуі. Неге қазір адамдар сақал көрсе, орамал көрсе жауыға қарайды? Оның себебі де жоқ емес. Өйткені, Кеңес үкіметінде, яғни дінсіз мемлекеттің кезінде олар қазақ әйелінің орамалын шешкізу үшін барын салды. Тарихтан сақталған суреттерден сол кездегі съезге қатысқан әйелдердің өзінің орамалмен болғанын көреміз. Бірақ Кеңес саясатының арқасында қазақ әйелдері орамалынан ажырап қалды. Ол заманда сақал қырып жүру әдеті пайда болды. Соның нәтижесінде көзіміз сақалсыздыққа үйренді. Әйтпесе, жасыратыны жоқ, кез-келген қазақтың баласы қазақ тарихына қараса, ол жерде сақал мен орамалға деген құрметтің ерекше екенін көреді. Ата-бабамыздан «Сөздің көркі – мақал, жігіттің көркі – сақал» деген сөздер қалған. Үлкенді сыйлағанда да «ақбас» немесе «әжімбет» деп емес, сақалына қарап «ақсақал» деп құрметтейтіндігі көрінеді. Аллаға шүкір, ешбір батырымызды, биімізді, ханымызды сақалсыз елестете алмаймыз. Солай Кеңес үкіметі кезіндегі сақалсыздық пен орамалсыздыққа үйренген көздер қазір сақал мен орамалды қабылдай алмай, «уахаббист қой» деп жала жаба салуға көшті. Оларға сол оңайырақ болып тұр. Сонымен қатар, Кеңес үкіметі кезінде бәрібір орталыққа бағынып жұмыс істеп жатты. Халық ортақ бір дүкенге ғана келетін. Жеке-жеке дүкен ашу деген жоқ болатын. Біреу бір жерден бірдеңе алып, оны екінші жерге апарып сататын болса ол дұрыс емес сияқты көрінетін. Оларды бизнесмен емес, алыпсатар деп кемітетін болған. Заман өзгеріп еді, «бизнесмен» атап, «сауданың көзін білетін адам» деп мақтала бастады. Заманға қарай сөз де өзгереді екен. Жетпіс жылдық «Атаң – горилла, шешең – шимпанзе» деген заманның саясаты әлі де болса кей адамның жүрегінде тат болып басылғаннан сондай сөздер шығып қалады. Біздің айтатынымыз, кез-келген адам бірнәрсе істесе «Оның істегені Алладан түскен кітапта бар ма екен, құрметті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шарапатты хадистерінде бар ма екен» дегенді қарау керек. Егер бар болатын болса, оларды айыптаудың қажеті жоқ.

 

ҚҰДАЙДАН ҚОРЫҚҚАН БАЛАЛАРЫ ҮШІН ҚОРЫҚПАСЫН…

–  Баласы намаз оқып, орамал таққан көп ата-ана перзентім адасушылыққа ұшырады деп діннен бөліп алғысы келіп жүр…

–  Ата-ана баласына жамандық ойлаған емес. Ал Құран аяттарында Алладан кейінгі орында әке-шешеңді сыйлау тұрады. Ислам «Әке-шешең жамандық істесе, оған жақсылық істе, әке-шешең саған қатты сөйлесе, оған жұмсақ сөйле» дегенді бұйырады. Бірақ бір нәрсені ескеруіміз керек. Иә, ата-ана баласына жақсылық ойлайды. Бірақ Алла Тағала адамзатқа әкеден де, шешеден де артық жақсылық ойлайды. Алла Тағаланың көрсетіп берген діні адамзат баласы үшін зиян емес. Әрбір бұйрығында адамның рухани дамуына жан-жақты пайдасы бар. Ондай үрейде болған ата-аналарға қазақтың мына бір сөзін еске алсын дейміз. Қазақ «Құдайдан қорықпағаннан қорық» дейді. Құдайдан қорқып жатқан балалары үшін қорықпасын. Дін саласында жүргеннен кейін көптеген оқиғаларға кезігеміз. Сондай анық болған оқиғалардың бірін баяндап берейін. Жезқазған қаласында бір кісінің баласы намаз оқи бастағанда әке-шешесі қатты уайымдап, баласының соңына түсіп, мешіттегілерге «Менің баламды мешітке кіргізбеңдер. Мен баламды молда, діндар болсын деп жүрген жоқпын» деп, оны достарымен де араластырмай, баласын ары-бері алып қашып жүрді. Ата-анасы соңына шындап түскеннен кейін әлгі бала намазын қалдыра бастады. Бейнамаз достарына қосылды. Ол жерде ішімдік болатын болды. Соңында бала маскүнемдікке салынып, бұзылып кетті. Бала отбасын құруға қауқары жоқ, жолдың бойында тұрған қыздарға бара салғанды жөн көретін, келешегіне жоспар құра алмайтын жанға айналды. Қалай болса солай өмір сүрген баласын көрген анасы оның намаз оқитын достарына келіп, «Баламды қайтадан қатарларыңа қосыңдаршы» деп жалынып жүрді. Өмірде осындай жағдайлар да кездеседі. Біз адамды аздыратын арақ, есірткі сияқты нәрселерден қорқуымыз керек. Адам Құдайдың сөзіне жақындап жатса, оған ешқандай қорқыныш жоқ. Өйткені, Құдайдың Құраны екі дүниенің ізгілігіне бастайтын нәрсеге үйретеді. Алла Құранда Пайғамбарымызға: «Әй, Мұхаммед! Саған Алланың жіберген Құран кітабы адамзаттарды бүкіл қараңғылық атаулыдан: күнәнің қараңғылығынан, бақытсыздықтың қараңғылығынан, уайымның қараңғылығынан, бүкіл жамандық пен зұлымдықтың қараңғылығынан Құдайдың нұрына шығарады» дейді. Ата-ана баласының дінін, дінінен кейін келешегіне деген сауатты көзқарасын қадағалап отырса болғаны.

«Алланың өзі да рас, сөзі де рас» – деген халықпыз. Алланың кітабында көптеген бұйрықтар мен тыйымдар бар дейді. Сол Құрандағы бұйрықтың ең үлкені, тыйымның ең қаттысы анық көрсетілген бе?

– Иә, ол нәрселер Құранда анық көрсетілген. Алла Құран аяттары мен елшісінің сөздерінде бір ғана Өзіне құлшылық етуді бұйырады. Және Өзіне серік қосудан, ортақ жасаудан қатты тияды. Әрі бұл бұйрық пен тыйым бір ғана аятта, бір ғана хадисте айтылып қана қоймай, Құранның басынан аяғына дейін жиі қайталанып отырады. Жалпы Құран мен хадис адамзаттың дүние ақыреті үшін пайдалы болған бүкіл жақсылықтарға бұйырып, оларға зиян әкелетін бар жамандықтан тыяды. Бір қызығы, адамдар Құранда келген бұйрықтар мен тыйымдардың көпшілігін дәл таппаса да, жобалап біледі. Мысалы, әке-шешені сыйлау, намаз оқу, ораза ұстау, қажылыққа бару, жетім-жесір, міскін-пақырға қайырым садақа жасау сияқты бұйрықтардың бар екенін мойындайды.Сол сияқты Құранның ұрлық жасау, арақ ішу, өтірік айту, кісі өлтіру, зина жасау т.б жамандықтардан тыятынын да біледі. Сөйте тұра, олар ең үлкен бұйрық пен ең қатты тыйымнан бейхабар. Оның себебі де бар. Бірінші себеп, кеңес өкіметінде дінге тыйым салынғандығы. Соның салдарынан елдің Құран оқуы сиреп, оны өзара насихаттаулары тоқтап қалды. Екінші себеп, есесіне адамдардың мәңгілік дұшпаны болған шайтан азғыруы мен зиян беруін тоқтата қойған жоқ. Және шайтанның ең жақсы көретін ісі – адамдарға серік қосу күнәсін жасату. Өйткені, шайтан бұл күнәнің өте ауыр екендігін, әрі сол күнәні жасаушыны Алла кешірмейтіндігін жақсы біледі. Енді біз, ең үлкен бұйрық – бір Аллаға деген құлшылық, ал ең үлкен тыйым – Аллаға серік қосушылық екеніне дәлел болатын аяттар мен хадистерді айтып өтейік. Олардың баршасын келтіріп өту үшін бір мақала емес, бір журналдың өзі аздық етеді. Біз бұл жерде бір-екеуіне ғана тоқталып өтеміз. «Аллаға ғана құлшылық қылыңдар. Және оған еш нәрсені ортақ етпеңдер…» (Ниса, 4:36). «Расында, Алла Өзіне ортақ қосқанды кешірмейді, ал одан өзгені (ортақ қосқаннан басқа күнәні) қалағанына кешіреді. Кім Аллаға ортақ қосқан болатын болса, алыс адасумен адасты» (Ниса, 4:116). «Ең үлкен күнә -Аллаға ортақ жасағаның. Сол Алла сені жаратқан болатын» (Хадис. Бухари риуаяты).

Аллаға ғана құлшылық жасау сөзінің мағынасы түсінікті. «Оған серік қоспау» сөзінің мағынасын айшықтап өтсеңіз…

– Бір адам Алланың барлығын мойындайды.Оған шамасы келгенше құлшылығын жасайды. Бірақ сөйте тұра, Одан өзге нәрсеге құлшылық жасап, сиынып жүреді. Міне осыны Аллаға серік қосу күнәсі деп атайды. Бұл айтылғанға нақты мысал, христиандар Құдайдың барын мойындайды. Оған құлшылық жасайды. Және Оған қоса Иса пайғамбарға да сиынады. Осылай Құдайларына серік қосады. Олардың бұл үлкен күнәларынан тыю үшін Алла тағала Құранда Пайғамбарына оларға: «Ей, Кітап иелері! Бізбенен сендердің араларыңда ортақ болған бір сөзге келейік. Аллаға ғана құлшылық қылайық. Оған еш нәрсені ортақ етпейік.Сондай-ақ, Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық…» -деп айт, деген (Әли Ғимран, 3:64). Осы сияқты, кім Алланы мойындап, әрі оның қатарында отқа, не суға, не періштелерге, не пайғамбарларға, не әулиелерге, не аруақтарға, не жындарға сиынса, серік қосу күнәсін жасаған болады.Жасыратыны жоқ, кейбір адамдар пайда әкелуі немесе зиян келтіруі мүмкін деп, аруақтарға сиынады. Олардан қолдау, жәрдем сұрайды. Бұл да қателік. Пайғамбарларға, дәлірек айтқанда Иса пайғамбарға сиыну адасу болып жатқан болса, онда пайғамбарлардан дәрежесі төмен аруаққа сиынудың да адасу екенін түсіну қиын емес. Сол үшін қатесі жоқ Құран аятына қайшы келетін бұл қылықтан сақтанған жөн. Пайғамбарымыз: «Сұрасаң Алладан сұра, жәрдем өтінсең Алладан жәрдем өтін» деген.Сондықтан аруақтарды сыйлау керек, бірақ оларға сиынуға болмайды. Аруақтарды сыйлау дегеніміз олардың көзі тірісінде жасап өткен, шариғатқа сәйкес жақсы істерін өнеге тұту. Кеткен қателіктері болса, әшкере етпей жасыра білу. Және арттарынан дұға жасап отыру.

– Исламның көріпкелдікке, бал ашуға көзқарасы қандай?

– Ислам діні көріпкелдіктің, бал ашудың барлық түріне тыйым салады. Алақанмен бал ашылса да, тамыр ұстап бал ашылса да, құмалақпен, жауырынмен т.б нәрселермен бал ашылса да шариғатқа қарсы тірлік. Өйткені, пайдаланып жатқан құрал бөлек болғанымен, жасалып жатқан күнә бір.Ол күнә Алланың жасырған ғайыбтарын білем деген даурығу. Осылай жалған нәрсені кәсіп қылып, өз сөзіне өтірікті көп қосып, адамдардың ақшаларын арам жолмен алып пайдалану. Алла Құранда: «Алла ғайыбты білуші. Әрі ол ғайыбының сырын ешкімге ашпайды…» – деген (Жын сүресі, 72:26). Кейбір кісілер көріпкелдікті қасиет деп алданады.Сол қасиетке ие болам деп ұмтылыс жасайтындары да бар. Расында ол қасиет емес – қасірет. Онымен айналысқан адамның өзінің де, өзгенің де бағын тайдырады. Шайтандар мен жындар көріпкел мен балшылардың үйін өз ордасына айналдырады. Жын жайлаған көріпкелге барған адамның өзіне жын жабыстырып әкетпесіне кім кепіл? Құранда былай делінген: «Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? Олар әрбір өтірікші, күнәһарға түседі. Олардың көбі өтірікші» (Шуғара, 26:221-223). Хадистер мен тәпсір кітаптарында бұл аяттардағы «өтірікші, күнәһар»- дегендер көріпкелдер мен балшылар деп түсіндірме берілген. Бұл көріпкелдердің, балшылардың жағдайы. Ал, соларға барып, олардың айтқандарын ұстанғандар да Алладан алыстап, дұға-тілектері қабыл болмай махрұм қалады.

– Құранды өлгендерге оқуға болады немесе болмайды деген таластар көрініс беріп қалып жатады. Дұрысы қайсысы?

– Бұл таластарды қозғаудың аса қажеттілігі жоқ. Ел бұрыннан өлгендеріне Құран сауаптарын бағыштап әдеттенген. Бұлай істеудің айып емес екендігін түсіндірген көптеген Ислам ғалымдары да бар.Тек бір нәрсені ұмытпасақ болғаны.Ол Құран кітабының тірілерге түскендігі. Өлгендерімізге тек сауабын ғана бағыштаймыз. Ал Құранның насихаты тірілерге арналған. Намаз оқы, ораза тұт, ата-анаңды сыйла, серік қоспа, өтірік айтпа деп тірілерге айтамыз. Өлгендерге Құрандағы бұл өсиеттерді айтудың пайдасы жоқ. Өйткені, ол дүниеде намаз, ораза, зекет, қажылық сияқты т.б құлшылық түрлері адамға жүктелмейді. Бұл істерді адам тірі кезінде атқарып кетуі тиіс. Өлген соң атқармағанның өкінішінің әкелер пайдасы жоқ. Сол үшін Құранның қызығын өлгендеріміз көріп, өзіміз сауап пен насихаттан құр қалып жүрмейік.

– Кейбір адамдар «жүрегім таза», «ниетім дұрыс» деп намаздан сылтауратады. Жүрегі таза болып қайтқан адам, намаз оқымағаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін бе?

–         Жүректің тазалығы мен амал бір-біріне қатысы жоқ бөлек дүниелер емес. Жүректің тазалығы амалға жетектейді. Жақсы амалдар жүректің тазалануына септігін тигізеді. Сонымен қатар тек жүректің тазалығы деген сөзді қанағат тұтып, амалдарды атқармайтын болсақ, онда Құранда намаз оқуға шақыратын көптеген аяттар не үшін келген? Намаз оқыңдар деген аяттар тек Құран бетін толтыру үшін ғана жазылып қойған жоқ қой. Және айта кететін нәрсе, жүрегі ең таза адам кім? Ол адамзат баласының ішінде ең ардақтысы, пайғамбарлар ішінде ең абзалы болған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с). Ең жүрегі таза адам да сол кісі. Сонымен қатар, ең құлшылығы көп адам да сол кісі. Қорыта айтқанда, жүрек тазалығы амалға жетектейді. Тек кірлеген жүрек қана Алланың әміріне қарсы жүзіп, сыныққа сылтау іздей бастайды. Әрі пайғамбарымыз қияметте ең бірінші сұрақ намаздан басталады деген. Құдай алдына барғанда бірінші сұрақтан абыройсыздыққа ұшырап жатсақ, оның несі жақсы?

Өркен: Жеттіңіз бе? Жетсеңіз, жақсы, жетпесеңіз, жетіп алыңыз енді, не дейс маған 🙂

55 comments on “Дарын Мубаров. «По блату»

  1. Ай-ай! Дарын сол баяғы бір сыдырғы қалпы екен. Бір ізге түсіп алып сырғып отырады.

  2. Ееееееее. Өркен, Өркен………………………..
    Айтпақшы, сонымен неше әйелі бар екен? Екеу ме, әлде одан да көп пе?

    • жігіттер біреудің әйелін санағанша, әр адам өзінің иманының қаншалықты дәрежеде екенін санасын, бағаласын. Имандарың мықты болса сендерде алыңдар. Жалпы, өзіме Дарын ұнайды, адамға ұғынықты түсіндіреді. Дарынның уағыздарының арқасында көптеген бауырлар дінге келіп жатқан жоқпа

  3. Бұл кісінің Саид Бурятскиймен қатысы бар деген әңгіме болып еді. Жауаптарында бір ауыз ұлттық деген сөз шықпапты.
    Осы Блогкемпте Бекболатпен ешкім сұқбат алмапты ма?

    • Негізі аса ғайбат пікір болса алып тастаймын деп Марфуғаға уәде беріп едім. Көрмей-білмей жатып, бұндан сыбыстарға сенудің, сөз қылудың жайы не болар екен? Бұл жерде Дарынның жеке басын емес, айтқан сөзі туралы айтсаңыз… Бекболат ағадан сұхбат алынды, тек темаға байланысты, блогқа қатысты

      • Мен қаралап отырғаным жоқ қой. Тек уаххабизмді дәріптеп, қисынсыз айтып отырғаны болмаса, жақсы сұқбат.

  4. Tamasha! Tek kana uahhabwylar turaly surakta sozge ainaldyryp kutylyp ketipti, Daken. Balkim Islam men Wahhabbizmdi analogia kylyp koiatyn adamdardy kaperge alsak, onysy da durys bolar. Degenmen, rahmet, Orken!

  5. ия, менің ойымша өте жақсы жауап берген осы сұраққа, Құранға қарап білейік, басқаның сөзіне қарап емес деп

  6. Сұхбат жақсы екен. Дегенмен Дарын ағамыздың дәлелдерді Құранның аятын айтып дәлелденді деп санайтыны бір түрлі екен. Біріншіден, Құран біреу болғанмен оның тәпсірі біреу емес. Әр ғалым әр түрлі пікір айтқан ғой.
    Мысалы:
    1. Дұрыс дінді қалай ажыратамыз деген сұраққа былай деп жауап беріпті: Өзгеріске үшырамай тап-таза қалпында келген кітап ол – Құран дейді. Оған дәлел деп Құранның ішіндегі «Бұл кітапты біз түсірдік – біз қорғаймыз» деген аятты келтіреді. Құдай сақтасын, адамдардың өзі бұл кітап өзгермейді деп жазып қоюы әбден мүмкін ғой.
    Құран өзгерді деп тұрғаным емес. Дәлелдің қисынсыздығын айтқым келіп тұр. Басқа діндердің кітаптары да бұл өзгермеген кітап деп жазылып тұруы әбден мүмкін. Сондықтан бұл критерийге қарап Кітаптың Құдайдан келгендігін, келмегендігін ажырату сау ақылға қонымсыз.
    2. Исламның ішіндегі секталардың арасынан қалай жол табамыз деген сұраққа былай депті: Ең тура жол Құран мен Сүннетті негізге алып, дінді дөңгедетсек дейді.
    Кез келген ағым өзін Құран мен Сүннетті басшылыққа алып жүрміз деп есептейді. Әркім өздерінше дәлел келтіреді. Бір аятты әр ғалым өзінше тәпсірлейді. Сондықтан біз секілді қарапайым қараңғы халық діннің тұңғиығына терең бойлап ақ пен қараны ешқашан ажырата алмақ емес. Құранды түсінуге бабаларымыз бүкіл өмірін сарп еткен ғой. Оның өзінде шегіне жетпеген.
    3. Ата-баларымыз әулелер өлген соң адамдарға ашапағат ете алады деп сенген ғой мәселен. Мәшһүр Жүсіп былай депті:
    Кәміл-дүр сенің пірлерің
    Барша білер сырларын
    Түркістан-дүр жерлерің
    Әзіреті Сұлтан сенен медет!
    Көріп отырғанымыздай Құранды әр ғалым өзінше түсінген. Мәшһүрді ғалым емес деген күннің өзінде бұл дүниетаным аспанна түскен жоқ. Бағзыдан бергі ел басқарған абыз, әулиелерден қалған тәлім ғой.
    4. Уахаббизм туралы сұралған сұраққа былай депті ағамыз: Халық арасында сақал мен қысқа балақ кисе бұл уахаббист деп шыға келеді. Бұған қарап ажыратуға болмайды дейді.
    Бұл дұрыс. Киімге қарап шешім шығармайды. Дегенмен мен уахаббистпін деп жүрген адамдардың киінуі осылай ғой. Халық соған қарап үркеді. Солай киініп жүрген адамдардың уахаб емесігіне кім кепіл?
    4. Тимур бауырым айтып кеткендей Дарын аға уахаббистер туралы сұраққа бетін шарпып өткен де қойған. 2008 жылы Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнаның Үлкен Тақырып атты то шоуында Дарын ағаға мынадай сұрақ қойылды: Сіз көп уағыздарыңызда Ибн Таймияның сөздеріне көп жүгінесіз. Ал бұл кісі өз еңбегін Әбдель Уахабтың кітабы негізінде жазып шыққандығын өзі мойындайды. Серік қосуға қатысты идеологиялар осы кітапқа сүйеніп айтылған оның Таймияның кітабында. Сөз кімсіз сонда деген сұрақ қойылған. Ағамыз былай деген сол кезде: Бұл Уахаб деген кісі қарапайым молда болған. Сол кезде азғындап, бұзылып кеткен дінді қайт ақалпына келтіруде көп еңбек сіңірген. («Дарын Ысқақұлы Үлкен Тақырып» деп іздесеңізз интернеттен табарсыз)
    Енді мына қызыққа Назар салшы Өреке! 20-ғасырдың басында Әбдурахман ахун Таңли Тана деген кісі өмір сүрген. Сол кісі кітабында былай дейді:

    Абдулуаһһаб Нәждиді естіп көрдің бе? –
    Дұрыс оны оңнан, солдан таныған.
    Туды ол лағин бір мың бір жүз он бірде,( хиджра)
    Хабардар бол, ылас, настың халынан.

    Жүрегінен шайтан ұя салғалы
    Әһли сүннет жамағатын алдады,
    Ол тарихын жалғандыққа жалғады,
    Хабардар бол, жаман нышан шаңынан.

    Тыңдамады өзін туған әкесін,
    Дұрыс жол деп жұртқа ұсынды қатесін,
    Кетті адасып, аударды да Жат есін,
    Хабардар бол, адасқандар жолынан.

    «Шайтан мүйізі шығар, – деген, – Нәждіңнен», –
    Расул сөзін естімеген аз, мүлдем.
    Бар мұсылман, күрес әлгі азғынмен,
    Хабардар бол, ергендерден соңынан.

    Абдулуаһһаб ұлы шайх Сүлеймен*
    Түңілді әбден бірге туған – дүлейден.
    Бауырынан безді ақыры үреймен,
    Хабардар бол, бауырлардың сорынан.

    Тұтас білді ел, «ақидасын» Нәждінің,
    Ата, бауыр жүректерін қазды мұң,
    Жер аудартты – таныған соң «мазмұнын»,
    Хабардар бол, сұрқияның торынан.

    Бұл «мақсатпен» ибн Таймия азды да,
    Ибн Қайым дамытты оны бағзыда.
    Нәжди лағин таратты елге жазды да,
    Хабардар бол, шайтандардың тобынан.

    Мақшар күні аян – азап кешері,
    Әділ Хақтың қыйын болар есебі, –
    Азғындарды «уаһһабшылар» деседі, –
    Хабардар бол, уаһһабшылар қолынан.

    «Ел бетіне жақса да олар нас-кірін,
    Еш тастама ата-баба дәстүрін», –
    Солай деді Абдуссамғ мақсұмың,
    Хабардар бол, жат пиғылдан торыған.

    «Қабірлерді ету күнә зиярат,
    Бір Алладан басқаны атау – қиянат.
    Расул де бола алмайды тиянақ». –
    Хабардар бол! – Солай дейді ол ылаң.

    Айтады олар: «Тек Алланы шақыр, – деп, –
    Айтпа нәби, уәлилердің атын, – деп. –
    Дәуре, исқат, підияға хақың жоқ!» –
    Хабардар бол, бұзықтардан молынан.

    Құрыды, – дер, кісілерді дәуре еткен,
    Мұсылманды жікке бөліп әуре еткен.
    Қабірлерді быт-шыт қылды!
    Жау неткен! –
    Хабардар бол, шайтандардан жолы қан.

    Сөздеріме бол ұқыпты, тыңдарман,
    Жауыздардың ісі жала, кіл жалған,
    Қабірлерді бұзуды дер: «Иманнан» –
    Хабардар бол, мұндай содыр долыдан.

    Құран сөзін теріс айтып тіс салған,
    Мойындамас Мазһабыңды ұстанған,
    Керемет пен шапағаттан тыс қалған,
    Хабардар бол, діннің сорлы, қорынан.

    «Надандық» деп Имам Ағзам нұр-жолын,
    «Мүшірік» деп шын сопылар пірлерін,
    Ғайбаттайды Жайланидің дүрмегін,
    Хабардар бол. Қалма қапы соңынан.

    Уаһһабшылар – Әулиенің дұшпаны,
    Шілтендерді құрту – жетсе күш-кәрі.
    Күллі шахит – «Заңдарынан» тысқары,
    Хабардар бол, тариқатсыз шорыдан.

    Уәлидің қыйратам деп күмбезін,
    Жез тырнақпен жаппақ болад күн көзін,
    Тура жолдан мәңгі айырған тіл, көзін,
    Хабардар бол! –
    Ол жеріген қағынан.

    Залымдардан жүздеріңді бұрғайсың,
    Тап боп қалса, барынша аулақ тұрғайсың.
    Қарасы өшсін – шапағаттан жұрдай сұм! –
    Дүние адасты шайтандардың шаңынан,
    Құтқар дінді – Ібілістің Заңынан!

    Хамфердің Признание Английского шпиона деген кітабы тағы бар….

    Көріп отырғаныңыздай дін тақырыбына келгенде Құран мен хадистен айтып дәлелденді деп санауға еш болмайды ғой. Біз сияқты қараңғы халық негізіне барып зерттей алмас дінді. Біз тек нәтижеден шешім шығара аламыз. Аталарымыз кезінде қандай болған? Ақындығы да, шешендігі де, батырлығы да КЕРЕМЕТ болған. Ұстанған діндерінен қорлық көрді дегенді естіген жоқпыз.

    Кешіріңіз Дарын ағамыздың айтқандарын діннен хабары жоқ адамға айтса, еш ақылға салмастан догмаға басымен кіріп кетер. Неге десеңіз келтіріп отырған дәлілдері қисынға 180 градус қайшы. Бұндай сөзге еріп мұсылман болдым дегендер точно – догмаға кіріп кеткендер.

    Дін таралса тек өте көркем мінезбен, жақсылықпен, жомарттықпен таралар. Сөйтіп халықтың жүрегін жауласа дінге кірер есі дұрыс адам.

    Дарын ағамды қаралаудан Құдай сақтасын аулақпын. Дегенмен менің осы сөздеріме де құлақ ассаңыздар қуанар едім.

    • Мына мырза көзі ашық, көкірегі ояу, мәселені обьективті түрде ойлай алатын, қазақша қалыпы құйылған адам сияқты. Бүгінгі таңда қазақты қазақ қылу үшін, жо жоқ, қазақты қазақ қылып сақтап қалу үшін дәл осындай азматтар керек болып тұр ғой! Қатарың көбейе бергей!

    • Сіз көп уағыздарыңызда Ибн Таймияның сөздеріне көп жүгінесіз. Ал бұл кісі өз еңбегін Әбдель Уахабтың кітабы негізінде жазып шыққандығын өзі мойындайды.

      осындай топастыкка ким сенеди енди?? Ибн Таямия калайша енбектеринде Әбдель Уахабтың кітабына суйенеди егер ибн Таймия Әбдель Уахабтан бирнеше гасыр бурын омир сурсе?! Дебилдиктин де шегi ,болу керек кой?

  7. Қайтарма үнқосу: Мұсылмандық деген – мамандық емес. Кей жастар, дінге келдім екен деп байқамай, дүние тірлігін, елге деген қызметті тастап кетуі мүмкін. Тағ

  8. Өреке ,көптен бері блогіңді ашып қарауға жағдай жар бермей кетіп еді, енді елге келгенше көп нәрсені өндіре жазып тастапсың.ал мына жазбалардың соңында тұрған»мұсылмандық деген мамандық емес!»дегенге толық қосыламын.дінді мамандық тіпті кәсіп қылғандар көбейіп кеткен елден не бір айтыс тартыс шығып жатпайма ?

  9. Ващще дін деген қиын тема. Өзім бұл темадан қашқақтаймын. Қазір тіпті шиеленісіп тұр. Сосын екінің бірі ақыл айтқыш болып алды ғой. Өрекен, Дарын, Марфуға Шапиян стрелканы өздеріңе бағыттап тұр деп ойлап қалмаңдар. Жалпы айтам.

  10. Ассалямуаляйкум, жамаъат! Ма ша Аллах, Оркенегро бауырым, жарайсың! Дарынның интервьюсін толық нұсқасын іздеп тауып, отініп сұрап алып блогыңа қойғаның – ол кісіні Аллах үшін жақсы көргеніңнен деп білем! Марфуға қарыдасқа да Аллах береке берсін! Дарын бауырдың уағызы, насихаты тоқтамасын, мұқалмасын, Аллах обасының берекетін арттыра берсін! Ал, Ағатай сияқты «атың шықпаса жер өрте» демекші елег Дарындай таныла алмай аяқтан шалғысы келген «сопы жамаъатына» оте окініш білдіремін… Қайта сіздің айтқан уәждеріңізден ешбір дәлел мен дәйек көре алмай аңтарылып отырмыз! Осыған дейінгі БАҚ пен сайттардан мезі еткен осы тектес мардымсыз айптаулар сияқты мүлдем негізсіз! Дәлел жоқ! Тек пірлер мен пірадарлардың «ХХ ғасыр басындағы» отірік олеңдері ғана, ол дәлел бола алмасы анық қой! Сосын Ибн Теймия қашан, Мухамет ибн Абдульуаххаб қашан өмір сүріп, кімнің кімнен тәлім алғанын білмей шатастырып отырған кісіден қандай ақыл сұраймыз?! Дарын ма ша Аллах! Жаса бауырым!

  11. Жалпы, сұхбат жақсы шыққан. Дегенмен, нақты сұрақтарға жауап беруден Дарын мырза жиі қашқақтайтын әдеті бар. Бірде мен оған «Дәке, мұсылман үшін араб тілін білген жақсы ма?» деп сұрақ қойдым. Ол «әрине тамаша, өйткені Құран араб тілінде ғой» деді. Сосын, «пайғамбарымыз да араб тілінде сөйледі ғой. Бірақ, араб тілі пайғамбарымызыдң ана тілі емес пе?» дедім. «Иә, араб тілі пайғамбарымыздың ана тілі» деп жауап берді. Сонда мен «ендеше біз де ана тілімізде сөйлесек сүннет болмай ма?» деген едім. Бұл сұраққа Дарын мырза нақты жауап бере алған жоқ. Негізі менің бұл сұрақты қоюыма сақал қоятын, балағын қысқартып алатын кейбір жігіттердің «қай тіле уағыз жасау маңызды емес, мұсылмандар жамағат болуы керек, ұлтқа бөлінгеннен пайда жоқ» дейтін әңгімелері себеп болып еді.

    • Құрметті Амангелді Құрметұлы!
      Сіз сұрақ өоятын адамды таңдағанда шатысып қалған екенсіз.
      «Сонда мен “ендеше біз де ана тілімізде сөйлесек сүннет болмай ма?” деген едім.» Бұл сұрақты уағызын қазақша жүргізетін Дарыннан емес, баяндамасын орысша жасайтын министр, депутаттарға қойған абзал. Мысалға, сіз үшін орыс тілі мен ағылшын тілі неге керек? Мақтан үшін бе? Жоқ, сол тілдегі білімді алу үшін. Ал, сіз айта қойыңызшы, араптан өзге қай тілде мұсылманшылықты үйрене аламын деп ойлайсыз? Сол себепті мұсылманға араб тілін білгеннің артықтығы жоқ. Дін жолында жүрге Дарын тіліміздің деңгейін көтере алмауына қатысты сұраққа жауап бере алмаса оның несі айып?
      Пы.Сы. Мені уаххабист екен деп ойлап қалмаңдар. Дарынды да көп тыңдай бермеймін.

  12. не дейміз, бір ауыз сөз айтқым келді

    Салт-дәстүрмен сақталмағандар…
    Уахаббис фундаменталис емеспін деп ақталмағандар…
    Сырғи сырғи, сыртын түзеп, мұртын күзеп жүрсе -дағы
    Айнасына бір қарап тоқталмағандар….

  13. Өркен, жарадың! Мынау сауап іс болған екен, бауырым! Ризамын. Сұхбатты өзіме көшірім алдым. Асықпай, майшаммен оқимын, Алла қаласа!

  14. Сұхбатты Өркенге берерде ұзақ ойланып, қажеттілігіне күмәнданғаным да рас еді. Өйткені, осының алдында Шорабек Айдаровпен болған сұхбатым http://www.abai.kz-ке жарияланып, үлкен талас туып, соңы небір былапыт сөздермен аяқталғаннан кейін қорқақтап қалған едім. Онда да көптеген адамдардың былапыт сөйлеуіне себепші болып, күнә арқалаттым ба деген қорқыныш болатын. Кейіннен ол туралы әңгіме барысында Шорабек ағадан да жерге кірердей ұялғанмын. Ал енді сұхбат астындағы мына пікірлерді оқып отырып, мұсылман бауырларымның кәдесіне жарағанына қуанып отырмын. Өркенге Алла разы болсын! Алланың разылығын ойлаған өзге бауырлар да осы сұхбат арқылы бірдеңе біліп жатса, Алла оларға да сауаптан жазсын. Марфуға ШАПИЯН

  15. Өз пікірін жазғанның бәрі ғайбатшы бола бере ме? Әлде тек мақтайық, сонда ғайбат болмайды. Бұл өзі «по блату» ма? Қай тараптан?

  16. Бауырлар. Тақырыпқа пікір дұрыс білдіре алмадыңдар. уақаптардың басты мәселесі сақалы мен кысқа шалбарында емес. Олардың әрекеттерінде. Дінге жаңадан келушілерді адастырып жатқан жоқ па. Кәзір мешіттің өзі екіге бөлініп жатыр. Намазда қолды белден төмен ұстайтындар және көкіректе ұстайтындар. намазды толық оқитындар және қысқа қайыратындар.Аяғын талтайтып тұратындар, және аяғын жақындатып тұратындар. Дін дегені дұрыс ау. Дәстүрді қайда қоясыңдар. Олар жаңа түскен келінге сәлем салдырмайды. Адам тек құдайдың алдында ғана иілу керек деген пәлсапалары бар. тағы. Осыларды неге сұрамайсыңдар. Бүкіл мақала, сонша көлемді болса да. Бір мағына. Осының барлығын қарапайым бір ауыз жауаппен. Мұсылмандық деген не. Әрине бес парызды орындау деген оймен түйіндей салса болмай ма. Босқа парақты былғап, ақыл айтқанға құмар. Ал әйел туралы сұрапсыңдар. Оның төрт әйелі бар. бала шағасын санай алмадым. шатасып. Ал қазақ туралы бір ауыз сөз қоспағаны өкінішті.

  17. Сақалды да жарасымды қоюға болады. Қазір қаптап кеткен қолтықсақалдардан(Дарынның сақалында емес мәселе) сақтасын! Уағыз айтатын болғаннан кейін, сен діннің жарнамашысысың. Егер сенің түрің, киімің жинақы болса, елде сүйсініп оған қадам жасайды емес пе? Хиджап парыз екен деп қалай болса солай салбыратып киіп алатын қыздарымыз да бар. Жинақы,әдемі етіп киюлеріне ешкім кедергі емес қой.
    Қысқа балаққа келсек, әжетханаға кіргенде балақ былғанып қалмас үшін шыққан нәрсе ғой.Жайнамазға ондай киіммен тұрмас үшін. Оны кейін бұрмалап алған . Бұл жерде тек қысқа балақ ки немесе ұзын балақтыға тиым салынған деген пікір жоқ.

  18. Бауырлар-ай!! Кісіні танымай қалай сөйлеуге болады?! Бір ресей әншісі айтыпты, » я никого не буду судить! ибо я сам не ангел» деп… Біздерде періште емеспіз гой! Оз кемшілігімізді азайтуга, озгенікін кемітуге асыгайык! коркем мінезбен, гайбат айтпастан!

  19. жігіттер Уахабизм деген расымен бар ма?! Бір рет САУД АРАБиясының ресми устанымын кандай деп, египетте болган елші агамнан сурап ем – ХАНБАЛИ мазхабы дейді! и сонда, кайда УАХАБ агымы деп сурасам. куледі. УАХАБ деген біздегі ШОКАН УАЛИХАНОВ сиякты галым дарежесіндегі кісі гой деп.
    Ол прям жол салып, сонын ілімін колдап журген ешкім жок – дегенді естіп тан калдым. Сосын кудай бере салган ВИКИПЕДИЯСЫ бар баскасы бар ал ізденейін. иа оларда біз секілді, мазхаб устанады екен. и все!!! айырмашылыгы ХАНБАЛИ и ШАФИ мазхабтары.
    ойлаймын да осы УАХАБИСТ дегенді ауадан урлеп алган урей ме деп?!

    • ия, иншаллаһ, тура айттыңыз! «Уахаби» деген терминді ислам душпандары ойлап тауып, әлі де білімсіздерді қорқытып, үркітуде, ақиқаттан алыстатуда. Ал өзіміздегі қандаас бауырлар да осы жалған ұғымды таратумен өз «жолдарын» ақтауға тырысып бағуда, мысалы, сопылар, зікіршілер және т.б. Аллаһқа серік қосқан ең үлкен күнә десең, сүннет десең бітті – «уахаби» болып шыға келесің! Осы да ақылға қонама?! Жай ғана сол терминді айтумен шектелсе жақсы ғой, аузына келген бар былапыт боғауыз сөздерін айтып, қарғап-сілеп жатады…Адами қалпын өздері кетіреді. Жоғарыда айтылған абай.кз-дағы Шорабек ағаның сұхбаты астындағы пікірлерді оқып көріп, төбе шашым тік тұрып отырмын! Не деген бейпіл сөйлейтін халықпыз? Сайттың админі сын пікірлерді сұрыптай алмайма, әлде әдейі арандату жасап отырма дегің келеді екен. Өркен бауырым, сенің сол абай.кз-ға қатысың бар сияқты ғой, алдында да біраз діни мақалалар мен пікірлерін оқығам (Асыл арна, Мұхаметжан туралы), неге сондай кісінің жеке басын қаралайтын пікірлер жіберіледі?

    • Казир ваххабизм деген сөз кәпірлерге жақсы болды. Өзіне ұнамаған кез-келген мұсылманды ваххабистсің деп айғай салады.
      Өз отанын жаудан корғап басқыншыларға қарсы шыққан ауған халқы – ваххабист.
      Өз алдына тәуелсіз ел болам деп шариғат заңымен жүреміз дегені ушін орыстар қанын төккен шешен мұсылмандары – ваххабист.
      Әруаққа сиынбай тек бір Алла деп жүрген әрбір мұсылман баласы ваххабист.
      Халықты христиан сектасына емес ата дініміз исламға шақырып жүрген Дарын Мұбаров ваххабист.

      Тіпті Қазакстан мұсылмандар бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі ваххабист (қараңыз, Қазақстан газеті, №8, 16 бет «тағы да уахабилер бүлігі»). Осы арадагы ализа-нур сиякты білімнен мақрұм қалған бір бейшара бас мүфтиді уахаби деп айыптайды.

      Қорыта айтканда ваххабизм деген кәпірлер мен жәһілдерге жақсы қару болды!

  20. Пікірлеріңізді оқып қарап отырсам басты ауыртады екен… Ауыз бар екен деп сөйлей бергенде жаман екен… Алланың нұры жаусын сіздерге. Барлық сұрақтын жауабын алатын кез де туады Алла жазса…

  21. Енді мен бірдеңе жазсам, артық боп кетер. Жазбай-ақ қояйын ештеңе))))))))))))

  22. Өркен сұхбат жаксы, тек дінді ұлттық тұрғыдан қалай сіңіру жағы қозғалмапты… Біз араб мемлекеті емес, қазақпыз ғой. Қазақ мұсылмандығы туралы айту абзал шығар

  23. Өркенге алғыс айтамын!Сұхбатты Дарыннның өзінен алған журналистке де…Маған сұхбат ұнады.Мақаланы толық оқып шықтым, менің де жұрттар секілді ұзынсонар пікір қалдырғым келіп тұр.Алайда, өз пікірім ішімде қалсын дедім…Бірақ, айтқыыыыыммм келіп тұр.(((((Әйтпесе, ғайбат айтылады немесе пәтуа айтудың жөні бір бөлек емес пе?менімен келісетін шығарсыздар?=)))

  24. Ассаламу алайкум Оркен!!
    Дарыннын телефонын немесе электронды адресiн табуга комектесiп жибермейсиз бе? Дарынмен бiр сойлессем деп едiм. Бурыннан берi онын уагыздарын тындаймын, бирак бир рет тилдесип кормеппин. Мен онын карсыласы немесе жек коретин жауы емеспiн, Аллах куа мен оны Аллах разылыгы ушин исламды таратып жургени ушин жаксы корем!!!

    Сизде Дарыннын телефоны немесе электронды адресi болса маган почтама жазып жиберенизши! Аллах разы болсын сизге!

    егер Дарын руксат бермей ешкимге берме деп сизден сураган болса да, почтама хабарласынызшы, оган айтатын нарсем бар еди.
    Алдын-ала рахмет!!!!

    • altinbek darindi ALLA raziligi uwin jaksi korsen berein,inwallah.birak menin nomirime xabarlassan,ato jeke nomerin kopwilikke jarialau duris bolmas.87787305091.menin nomerim.

  25. Сұхбатты бастан аяқ оқып шықтым.Сол дискілердегі айтып жүрген дүниелері, аса қиын сұрақтар да қойылмаған десем де болады.Дарын – ең біріншіден оратор.Оқығаны да, тоқығаны да бар.Бірақ, ол ғалым емес, осыны ұғу керек. Бірақ, қарапайым халық дінді ғылыми түрде жеткізгеннен, осындай қарабайыр түрде жеткізгенді жақсы көреді ғой. Дінді қиындатпау керектігі хақында да хадистер бар.Мен жоғарыдағы Ағатай бауырымның айтқандарымен келісем, толықтай болмаса да.Сосын ғайбат деген сөздің мағынасын түсінейікші біз,әсіресе журналистер.Сосын уахаббизм деген не осы? Арабтану ма?

  26. 8 701 943 79 21 МЫНАУ ДАРЫННЫН НОМЕРІ , КЕЙДЕ НЕ ДОСТУПЕН ДЕП ТУРАДЫ, БІРАК ОСЫ НОМЕРІ АРКЫЛЫ СОЙЛЕСЕ АЛАСЫЗ.

  27. Дарынның уағыздарын біраз тыңдадым. Көңілден шығады. Ол муфтияттың жұмысына дұрыс баға беріп отырады және «жиһад» жасаймыз деп өздерін немесе басқаларды жарып жатқандарды ешқашан қолдаған жоқ, қолдамайды да. Пайғамбарымыз салаллаһу алейһи уассалам айтып кеткендей «Адамзат баласы үшін ең үлкен жиһад ол нәпсіңмен күресу жиһады». Сондықтан әр мұсылман өз нәпсісін жеңе алса, шайтанның арбауынан сақтана алса, осылай жүріп ол адам қайтыс болса нағыз жеңіс (жиһад) сол адамдыкі. Дарын да осындай бауырлардың маңдай алдысы. Машалла. Өйткені ол шын мәнінде Алладан қорқады. Тозақ отынан қорқады. Яғни, оның иманының қуаты зор. Иншалла Алла ғұмыр берсе Дарын исламды әлі де терең зерттеп болашақта үлкен ғалым (Адамдарды тура жолға салушы) болады деп үміттенем. Алла соған жеткізсін! Амин!

  28. Дарын айтарын айтты унаса да,унамаса да,шындык осы!Акылгойсiп сакал койатындарды уахавист дегенше,дарет алып,намаз окындар!Таубеге келiндер!

  29. Дарын Мубаровка Алла жаннатты насип етсин!!! Мына жерди окып отырсак негизсиз, далелсиз, кисынсыз неше турлини жазыпсыздар!! киямет куни жакындаганда дин устау шок устаганмен бирдей деп айткан дарын агамыздын уагызы бар. Мине адал динди таза насихаттап журген бауырымыз дарын. Оте коптеген уагызшыларды тындадым, ешкайсысы дарын сиякты шын ниетимен журегимен уагыз айткан ешкимди кормедим оте дарын десе дарынды , иманды, билимди киси. мына жазгандарыныз оте дурыс емес, мынау динсиздердин ісі фитна салатын.

Пікір қалдыр