Фотожұмбақ: Қай ел ұмыт қалған?


Газетімнің өткен санында Оңтүстік Африка Республикасының мектептерінде қолданылатын саяси картадан жұмбақ жасырғанмын. Бізге қызық болып көрінеді-ау деген екі ерекшелікті табыңыз дегем… Алғашқылардың бірі болған журналист-блогшы Салтан Сәкен болды.

Ең қызығы мынау, біз үшін қалыпты саналатын елдер көрінісін олар астынан үстіне төңкеріп көреді. Екіншіден, Антарктида деген алып құрылықтың шекараларын, неге екені белгісіз, карталарына сызбайды. Арктиканы да «адам құрлы» көрмепті. Әлде, африкалықтар үшін ақ қар, көк мұзды ел құрылық емес пе?

20 comments on “Фотожұмбақ: Қай ел ұмыт қалған?

    • Басқандағы үлкейген суреттің сапасы нашар ма қалай? Үлкейтіп көрсем бұлдырап кетеді. Сол үшін ғой кішкентай екен дегенім

      • аа иә сапасы нашарлау, бірақ алып құрылықтың жоқтығы көрініп тұр емес пе? Только теңіз

  1. мүмкін ЖАПОНИЯ ұмыт қалған шығар… Жо-жоқ, Мексика, жоқ, Канада! Қинамай жауабын жаза салыңдаршы…..

  2. ия мұзды құрлықтарды қиып тастапты бейне бір солт. полюспен оңт. полюс керек еместей…басқасының бәрі орнында, суреттің сапасы нашар, көзім ауырып кетті құрысын…

  3. Өмірінде мұз көрмеген олар, мұзды құрлықтың барын олар қайдан білсін. Картаға салып қойғанның өзінде мұзды қолымен ұстап көрмеген оқушыларға түсіндірем деп мұғалімнің шашы ағармай ма? Сондық да, «аш бәледен қаш пәле» деген ғой.

    • Уоот, осындай жауап болу керек))) Қайдам, не қырсығы бар екенін олардың мұзға келгенде, әйтпесе ОАР-дың түбек тұсындағы аралдарда мұз бар, пингвиндер бар деседі

  4. Сіздің фотожұмбақтарыңызды көріп, біраз ойға батты. Қызық, бір қарағанда бәрі де түгел сияқты… Байқағыштығыңызға таң қалып отырғаным…)))

Пікір қалдыр