Фотожұмбақ: Бұл орманға не болған?


Көзіңізді қылитып қарасаңыз да, сығырайып сығаласаңыз да, бұл орманның ортаңғы белі қоңырқай тартып кеткенін байқайсыз (байқамай көр). Бұл не қылған аномалия болды екен демес бұрын, аймақты алып кеткен суға назар салыңыз (сал, салма – өз ырқыңыз). Сонда бұл не? (Өрт шалған ба, құрт басқан ба, потошоп па?)

Шынтуайтына келгенде, «шұрқ етпеңіз» (марқұм апамның сөзі еді): бұл орманға дым болмаған. Аустралиядағы жойқын су тасқынынан соң жарғанаттар ағаштардың басына қонақтап отыр. Бар болғаны осы ғана…


17 comments on “Фотожұмбақ: Бұл орманға не болған?

  1. суға тұншығып қалмасы үшін талға өрмелеп кеткен құмырсқа шығар ә?!?!? Или анау «Властелин Колец»-тегідей қимылдайтын ағаштар шығар?! Қимылдайтынды қазақ «қарасы көрінді, қараңдап көрінді» деп жатады!!сол жыжлжыватқасын қап-қара, или қоңырқай болып көрініп тұрған шығар?! 😉

    • Мәссаған, мынау фантастика болып кетті ғой 🙂 қимылдайтын ағаш бар ма екен, әй бар да шығар, кім біледі….. бірақ бұл жағдайда ағаш қимылсыз, ал басына қонақтап, қап айтып қойдым-ау, жәндіктер қозғалыс үстінде.

  2. мынау қарапайым орманға ұқсамайды екен. Африка жақтағы ормандар секілді. Су бүкіл жерді баспаған екен. Ол жағы қызық.
    Суретті жақындатып көре алмай тұрмын, анығы көрінбейді, бірақ құстар басып алған секілді болып тұр маған.

  3. Бұл «Обитель зла» деген кинодағыдай сау адамдардың арасындағы тірі өліктерге ұқсайды екен.

    • Иә, қорқынышты сурет. Баяғыда ауылда апам «жарқанат көрсең, қаш. Арқаңа жабысып алса, өлсең де, айрылмайды ол» деп айтушы еді. Содан ба, қатты қорқатынбыз. Ол қорқыныш әлі күнге дейін бар

  4. әәәәәәәәәәә түсіндім!!! Басқа ағаштардан қарағанда суды көп сіміріп тұр ғой!! Дәл ортасына еще тұр!!! Содан ұялып кеткен ғой?! Қазақ «бетің күйгір» – дейді! Со ұялғаннан қарайып кеткен шығар?!?!
    А құстар отыр дегенге келсек….былай да қарадым, алайда қарадым болмайды!! Хотя б тұмсық көрінбейді ғой, тұмсық?!

    или бұлт көлеңкесі түсіп тұр!!! Короче қуып кеттім білмейді екем!!!

    • «Бетің күйгір» ағаштар ұялғаннан қарайып жатқанда, адамдар да сондай болса ғой а? Ұялса, жеп қойса, пара алса , терісі қарайып кететін болса:-)

  5. Алматыда күн суытатын кезде КазГУградта қарғалар аспанда қаптап кеткен. Сондай бір құстар кезі келген уақыт шығар. Өйткені, үшінші суреттегіні құртқа ұқсатпадым.

  6. мама! жарғанаттар) ваще ойламас едім.
    Мен дискаверидің бір бағдарламасында көргем үлкен ағаш толы көбелек. Бәрі бәрі жабылып, қаптап тастапты. Тоже қызық көрінеді екен. Мынау енді супер жұмбақ))))

  7. Иә, жарқанатты мен де жақтырмаймын. Баяғыда форточкадан үйге кіріп, көрпемнің арасына кіріп кеткен…

Пікір қалдыр