Дабайликс. Шаңғыкэмп


Бір. Атыңнан айналайын, Астаналық блогшылар жылдамдатып Блог құрылтайда жасар презент тақырыптарын нақтылап жіберсеңіздер. Асекеңнің я Өркеннің поштасына. Сөздің реті келген соң сүйкеткеніміз емес, өте-мөте маңызды өтінішПрезентейш саны көп болған сайын, жиынымыздың деңгейі жоғары болады деп түсінген абзал. 

Екі. Бекболат ағамыз екінші қара сөзінде, кешіріңіз жазбасында жалпыастаналық блогкерлерді шаңғы жарысына шақырған еді. Ары-бері кіріп жүрмейін десеңіз, түйіні мынау: «Айтпағым, қыс бітіп қалмай тұрған кезде, Есілдің бойында шаңғышы-блогкерлер бәйгесін өткізсек. (Ұйымдастыру комитеті шаңғыны жалға “ақшаны судай шашып” (сағатына 200 теңгеден) өздері алмақ.) Бірінші, екінші, үшінші орынға жүлде бар» (Б.Тілеухан). Бұйыртса, бұл жарыс 7 наурыз, ресми демалыс болған дүйсенбінің сағат 15.00-іне белгіленіп отыр. Сондықтан, астаналық блогшы деген атты көтеріп жүрген қыз бен ұлды жарыстан қалмасын дейміз. Айтпақшы, Есіл өзенінің Кенесары хан ескерткіші тұрған жағалауы емес, соның қарсы жағасына (саябақ жағы, сол маңда шаңғыны прокатқа беретін пункттер бар дейді) жиналамыз. Тегі таппай, түсте адасып жатсаңыз, сервистік қызмет телефонын жазып алыңыз: 8(702)947 47 78.

Үш. Өзін жарнамалауды тарантул етінен бетер жек көретін блогшылар екенімізді түсінеміз. Бірақ, Блог құрылтай аясында өтетін блогтар байқауына (10 номинация) қатысыңызшы-ы-ы 🙂 Өзіңіздің блогыңызды ұсыңыз (біреуден кемсіз бе не?), болмаса жиі кіретін, жақсы көретін «бөтен» блогтарды да жақсы аталымдарға ұсынып жіберіңіз. Бұл да аса маңызды!

11 comments on “Дабайликс. Шаңғыкэмп

    • Келсең, күтіп алып, Астананың конькиі мен шаңғысымен таныстырамыз енді, «обмен студентов» деген сияқты бір бағдарламаны қолға аламыз-ау осы, Алматыдан Астанаға, Астанадан Алматыға барып тұратын…:-)

  1. Қап… Бұл күні демалысқа дөп келіп тұрғаны. Ата-анама барып, қолұшымды тигізіп келейін деп жоспарлап отыр едім… Әйтпегенде шаңғыны да тәуір тебетін едім… Сол шаңғының ізі бетімде әлі де тыртық болып жүр емес пе. 🙂

    • Оләәә, мынауың рас болса, енді сенбіде болатын шаңғы жарысымыздағы басты фавориттің бірі боламын десей. Аршат, остерегайся

  2. Алматылықтар! Біз Медеуге немесе Солдат шатқалына барайықшы, шаңғмен немесе шанамен сырғанайық ваауу! кім қосылады?

    • Иә, міндетті түрде блогшылардың арасында болмаса да, жалпы адами қатынасты арттырудың бір түрі ғой, МузТВ көріп, я агентте ырбыңдап отырғанша, шынығып қайтқан әлдеқайда жақсы)))))))))))

  3. Өркен блогының оқырмандары!
    Блогтар байқауына қатысып, белсенді болыңдар! Аз-ақ қалды! Өтініштер тек наурыздың 8-іне дейін ғана қабылданады. (Өркен, блогыңды пайдаланып, байқауды жарнамалап жатқан түрім. өзің де қатыссай)

    http://www.kerekinfo.kz/blog/blogcampkz/466.html

Пікір қалдыр