Фотожұмбақ: Бұл қандай гүл?


Әрине, бұл жерде біз сайтман достарымыздың гүлтанудағы білім деңгейін тексермейміз. Бұл гүлдерді біреуі нарцисске, біреуі орхидеяға ұқсатар… Ой, өзі бұл әдемі өсімдіктің әр алуан түрі бар ғой, тәйірі. Танып боласың ба… Бірақ, бұл гүлдер тек Тайландтың бір ауылында ғана өседі екен. Енді зерттей қарасаңыз әм жоғарыда айтылған сөздердің кейбірін ауыспалы мағынада бергенімді ескерсеңіз, жұмбақтың жауабы шаш жұлатындай қиын емес болып шығады.

Жұмбақтың жауабы ішінде

Бұл, әрине, Өрімтал тапқандай барлығымыздың үйімізден табылатын әтір сабын… Тайландтың Чианг Рай деген ауылында алдымен сабыннан гүл ою ермек болған, кейін кәсіпке айналып кетіпті. Қазір бұл ауылдың түнгі базарынан сабынгүлдердің неше түрлісін сатып алуға болады. Ал, Асекеңе құны 2-ақ млн доллардың «Aston Marton One77» суперкарының кілтін табыс етемін! Бұйырса!

Әрбір гүл манго немесе кокос ағашынан ойылған қорапшаға салынады

22 comments on “Фотожұмбақ: Бұл қандай гүл?

  1. mynau gul kylyp jasalgan bir narse sekildi.
    Mysaly, kandai da bir jemisten jasalgany bolar dep oilap otyrmyn. Alaida, aldynagy ozin aitkan eskertpege karagnda, rasynda gul eken au.. kaz google agaidan suraiynwy, birak jauabyn jazbaim goi :)))

  2. Бір өзбек сайтынан көріп едім неше түрлі жемістерден жасалған гүл, жануарлар, опшым мүсіндерді. Сілтемесін ілермін сосын, әсіресе арбуздан жасалған мүсіндері супер ше 🙂

    • Иә, осы интернетті ақтарып отырып, қарбыздан ойған мүсіндердің суретін көрдім. Бір қарбыздан суда жүзіп бара жатқан спортшыны ойыпты. Сұмдық))

Пікір қалдыр