Блогым бүлк етпей, бір бүйіріне түсіп жатып алса, бұның да бір себебі бар еді. Айтайын дегенше, айдай “агент-урада” бәрі айтылып, жазылып жатыр ғой… Жаңалық сол, “Жақсы” деген сайт ашып жатырмыз. More
“Жақсыны” көрмекке…
03/09/2011
Әбдіре "Жақсы" ұлттық порталы, Сәкен Сыбанбай, қазақ интернеті 30 пікір
Казак… қашаннан қазақ?
18/08/2011
Саясат сахнасы Анатолий Чесноков, Рашид Түсіпбеков, казак, Әділет минислрігі, қазақ 4 пікір
Жеке поштама жақында хат келіп түсті. Анатолий Чесноков деген азамат Алматыда өтетін «Медовый спас» деген мейрамға шақырыпты. Қып-қызыл христиандық жоралғы…
Шараны Вознесенск шіркеуінде литургия оқудан бастатып, қасиетті су сеуіп, айшық көтергізген соң, концертімен көңіл демдей қояды. Мәселе мұнда да емес (хат адасып та келген шығар, кім білсін). More
Телібеков неге тегін жасырады?
09/08/2011
Монитор Мұрат Телібеков, Қазақстан мұсылмандар одағы 20 пікір
“Аузымен от бүркіп, шоқ шайнап” жүрген “дінбасы” Телібековтің өмірдерегі… белгісіз. Бимағлұмбыз. «Қашан, қай жерде дүниеге келіп еді, бұрын кім болып еді?» деген сауал тумай жатып-ақ, жұта салыңыз. Себебі, сабазымыздан қанша сұрасаң да, сөз шығармайды. www. guljan.org сайтына берген соңғы More
Шіркеу мен Ораза (контраст)
09/08/2011
Кәкір-шүкір Астана, Рамазан, ораза, шіркеу 20 пікір
Астана. Абай мен Брусиловский көшелерінің қиылысы. А-а айтпақшы, ассалаумағалейкум, ағайын. Екі айдан бері енді жүздесіп отыр екенбіз. Ақыры, көш соңында қалдым деп Уордпрессте жатыр ем, менен басқа ешкім қалмаған ба? Барларын бір дыбыс беріп қойыңдар (үшт-учт деп ысқырып па)) More
Сканворд та соғысқа себепші
20/06/2011
Саясат сахнасы "Степной маяк", Нұрбек Бекбау, бомж, киіз үй, көшпенділер, сканворд, қазақ, ұлт Талқыланбайды
Ол бірде төңкерілген ту, бірде сканвордтағы сөз болып келеді. Бірде Ерғалиеваның тәні, бірде Тұрсыновтың ешкісі болып елестейді… Ара-тұра ұлттың жұлынына жалаң қолын салып жүгірткендей болады. Сондай тітіркендіргіштің бірі көкшетаулық газеттің бетінде қазақты БОМЖ-ға апарып бір-ақ теңеген-ді. Содан «Қазақстан» арнасының тілшісі Нұрбек Бекбау арнайы барып, «Апта.kz» үшін сюжет түсіріп More
“Тыйым салуға тыйым салынады”
15/06/2011
Саясат сахнасы "Жас қазақ", «Париж көктемі», Бекболат Тілеухан, Гүлжан Ерғалиева, Ләззат Танысбай, жалаңаш, қазақ, қоғам, құндылықтар Талқыланбайды
Бір апта болды ма, блог дегеннің бетіне қарай алмай отырмыз. Қылуетіне түсіп кетті деп қайғыдан бас алмай жатқанда, бүгін ашылды. Аңсатып барып… Амал не, Ләззат Танысбай айтпақшы, “виртуальды өмірден More
Өмір-күрес (позитив)
06/06/2011
Кәкір-шүкір Дастин Картер, шүкірлік, Құдай 20 пікір
Он екі мүшең сау, ақыл-есің түзік болсаң да, бұ дүниеден баз кешуді ойлаған кезің болды ма? Немесе бар сәтсіздігіне Құдайды кінәлаудан артық ештеңе таппайтын сәтің ше? Онда мына суреттерді көзбен шола кетсеңіз.
Бұл азаматтың аты-жөні – Дастин Картер. Американдық. Сәби кезінде қатерлі қан ауруымен ауырғандықтан, оның аяқ-қолдарын отап тастаған. More
Төңкерілген ту күнімен!
02/06/2011
Саясат сахнасы Елтаңба, Сорттөбе, Сортөбе, кеден, мемлекетік рәміздер, рәміздер, ту, тәуелсіздік, әнұран, Қазақстан 19 пікір
Тәуменділік кісенін талқандаған елді енді мемлекеттік-саяси рәміздерінсіз елестету мүмкін емес. Ту, Әнұран һәм Елтаңба үштігі тәуелсіздіктің үкілі тұғыры екеніне еш таласыңыз жоқ шығар.
Ендеше, ертеңгі мереке – Мемлекеттік рәміздер күнінде шалқып сөз айтып, шайқап би билейтін шағымыз емес пе? Күн екеніне көңіл келіскенмен, More
“Ішкі тыныштықтың” ішірткісі
31/05/2011
Әміркенпылм Кунг-фу Панда-2, Циммер, мультфильм, панда 30 пікір
-Я узнал, что мой папа, на самом деле не мой папа.
-Твой папа — гусь. Тебя это шокировало?
“DreamWorks”. “Кунг-фу Панда-2″. Осы екі ауыз сөздің өзі кинотеатрға жетелеп апаруға жетерлік. Енді жата қалып, жырғап мақтайын десем, жүдә ұнаған жоқ. Тұра қалып таспен атайын десем, тегі нашар емес. Тегі дегенім, 2008 жылы По есімді алаңғасар панданың ақырында ұлы жауынгерге айналатыны жайлы мультик мегахит болған. Қазір де “Шрэк“, More
“Айналайын” ба, “айналмайын” ба?
31/05/2011
Кәкір-шүкір, Саясат сахнасы Мыңнан бір мезет, айналайын, Әділ Бек Қаба 39 пікір
Жүрек бабымен Алматыға жиі барып жүрмін. Сондай суыт жүрістің бірінде Әділ Бек Қабамен бір купеге түсіп қалыппын. Әйгілі “Мыңнан бір мезеттің” бас редакторы, қаламы қызық іздеген Әдекең ғой… әңгімеден жіберді. Ақ костюм киген қалпында адамның түсіне кіргені, көшпелі алтын, Жезтырнақ – одан да не айтылмады десеңізші? Очм, айтылғанның азы ғана есте қалыпты. Мысалы, “Айналайын” сөзі. Әділбек ағамыздың пәленшесінші атасы Қаба деген кісі More
Мен көрген Мұхамеджан…
30/05/2011
Монитор "Асыл арна", Алла тағала, Елбасы, Мұхамеджан Тазабеков, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с), дін, жәдитшілдік, интернет, хиджаб, ҚМДБ, қазақ, қазақтың исламы 18 пікір
Тұспалсөздің тақырыбы әктуал боп тұрған соң, борбайға салып, барымталап кеттім
Сонымен, “Мен көрген Мұхамеджан” газетіме басылған сұхбаттың редакция қайшысынан өтпей қиқаланып қалған үзіктері ғой. Ел аузында жүрген елеулі сұрақтарға берілген жауапты мен ғана естігенім обал емес пе? Одан да блогымның оқырмандарымен бөлісейін деген ой болды. Орысша айтқанда, “ничего личного“))) More
Twitter
Facebook
RSS




Кері байланыс