Казак… қашаннан қазақ?


Жеке поштама жақында хат келіп түсті. Анатолий Чесноков деген азамат Алматыда өтетін «Медовый спас» деген мейрамға шақырыпты. Қып-қызыл христиандық жоралғы…

Шараны Вознесенск шіркеуінде литургия оқудан бастатып, қасиетті су сеуіп, айшық көтергізген соң, концертімен көңіл демдей қояды. Мәселе мұнда да емес (хат адасып та келген шығар, кім білсін). Оқуды жалғастыру

Телібеков неге тегін жасырады?


«Аузымен от бүркіп, шоқ шайнап» жүрген «дінбасы» Телібековтің өмірдерегі… белгісіз. Бимағлұмбыз. «Қашан, қай жерде дүниеге келіп еді, бұрын кім болып еді?» деген сауал тумай жатып-ақ, жұта салыңыз. Себебі, сабазымыздан қанша сұрасаң да, сөз шығармайды. www. guljan.org сайтына берген соңғы Оқуды жалғастыру

Шіркеу мен Ораза (контраст)


Астана. Абай  мен Брусиловский көшелерінің қиылысы. А-а айтпақшы, ассалаумағалейкум, ағайын. Екі айдан бері енді жүздесіп отыр екенбіз. Ақыры, көш соңында қалдым деп Уордпрессте жатыр ем, менен басқа ешкім қалмаған ба? Барларын бір дыбыс беріп қойыңдар (үшт-учт деп ысқырып па)) Оқуды жалғастыру

Сканворд та соғысқа себепші


Ол бірде төңкерілген ту, бірде сканвордтағы сөз болып келеді. Бірде Ерғалиеваның тәні, бірде Тұрсыновтың ешкісі болып елестейді… Ара-тұра ұлттың жұлынына жалаң қолын салып жүгірткендей болады. Сондай тітіркендіргіштің бірі көкшетаулық газеттің бетінде қазақты БОМЖ-ға апарып бір-ақ теңеген-ді. Содан «Қазақстан» арнасының тілшісі Нұрбек Бекбау арнайы барып, «Апта.kz» үшін сюжет түсіріп Оқуды жалғастыру

«Тыйым салуға тыйым салынады»


Бір апта болды ма, блог дегеннің бетіне қарай алмай отырмыз. Қылуетіне түсіп кетті деп қайғыдан бас алмай жатқанда, бүгін ашылды. Аңсатып барып… Амал не, Ләззат Танысбай айтпақшы, «виртуальды өмірден Оқуды жалғастыру

Өмір-күрес (позитив)


Он екі мүшең сау, ақыл-есің түзік болсаң да, бұ дүниеден баз кешуді ойлаған кезің болды ма? Немесе бар сәтсіздігіне Құдайды кінәлаудан артық ештеңе таппайтын сәтің ше? Онда мына суреттерді көзбен шола кетсеңіз.

Бұл азаматтың аты-жөні – Дастин Картер. Американдық. Сәби кезінде қатерлі қан ауруымен ауырғандықтан, оның аяқ-қолдарын отап тастаған. Оқуды жалғастыру

Төңкерілген ту күнімен!


Тәуменділік кісенін талқандаған елді енді мемлекеттік-саяси рәміздерінсіз елестету мүмкін емес. Ту, Әнұран һәм Елтаңба үштігі тәуелсіздіктің үкілі тұғыры екеніне еш таласыңыз жоқ шығар.

Ендеше, ертеңгі мереке – Мемлекеттік рәміздер күнінде шалқып сөз айтып, шайқап би билейтін шағымыз емес пе? Күн екеніне көңіл келіскенмен, Оқуды жалғастыру

«Ішкі тыныштықтың» ішірткісі


-Я узнал, что мой папа, на самом деле не мой папа.
-Твой папа — гусь. Тебя это шокировало?

«DreamWorks». «Кунг-фу Панда-2». Осы екі ауыз сөздің өзі кинотеатрға жетелеп апаруға жетерлік. Енді жата қалып, жырғап мақтайын десем, жүдә ұнаған жоқ. Тұра қалып таспен атайын десем, тегі нашар емес. Тегі дегенім, 2008 жылы По есімді алаңғасар панданың ақырында ұлы жауынгерге айналатыны жайлы мультик мегахит болған. Қазір де «Шрэк«, Оқуды жалғастыру

«Айналайын» ба, «айналмайын» ба?


Жүрек бабымен Алматыға жиі барып жүрмін. Сондай суыт жүрістің бірінде Әділ Бек Қабамен бір купеге түсіп қалыппын. Әйгілі «Мыңнан бір мезеттің» бас редакторы, қаламы қызық іздеген Әдекең ғой… әңгімеден жіберді. Ақ костюм киген қалпында адамның түсіне кіргені, көшпелі алтын, Жезтырнақ – одан да не айтылмады десеңізші? Очм, айтылғанның азы ғана есте қалыпты. Мысалы, «Айналайын» сөзі. Әділбек ағамыздың пәленшесінші атасы Қаба деген кісі Оқуды жалғастыру

Мен көрген Мұхамеджан…


Тұспалсөздің тақырыбы әктуал боп тұрған соң, борбайға салып, барымталап кеттім 🙂 Сонымен, «Мен көрген Мұхамеджан» газетіме басылған сұхбаттың редакция қайшысынан өтпей қиқаланып қалған үзіктері ғой. Ел аузында жүрген елеулі сұрақтарға берілген жауапты мен ғана естігенім обал емес пе? Одан да блогымның оқырмандарымен бөлісейін деген ой болды. Орысша айтқанда, «ничего личного«))) Оқуды жалғастыру

Қаринның туған күні & Құрылтай


Төрткүл дүниедегі қандастарымыздың төртінші құрылтайы тамам болды. Той тарқағаннан соңғы сүйек мүжу десеңіз де болады осынымды. Очм, тегенеден қымыз сапырылып, тай сойылып, тілек айтылды деп тізе берсең, ә? Астанадан «Этноауыл» ашылып, министрлердің өзі мұнарасынан түсіп, отандастарымыздың мұңын тыңдаған мамыражай уақыт болды. Ашылу салтанатында Оқуды жалғастыру