Құтылмадым-ау, сенен құрылтай


Біздежеинский айтқандай, бұл «біздегі жанр дағдарысының» басы емес. Аяғы десең, иә 🙂 Бүткіл интернеттің назарын бір сәт өзіне аударған Блог құрылтай өтті-кетті. Өзегімді керосинмен өртеген өкініш, сонда түсірген суреттерімді троян жегені еді… Қаратпаған травмотологымыз қалмады, тәуіптер сиқын көріп, сілекейіне ие бола алмай, сілейіп жатты, очм. Құдай жарылқағанда, Оқуды жалғастыру

Advertisements

Блогшылар «Нысанаға» ілікті


Керекинфода «Блогшылар «Азаттыққа» шықты» деген тақырып болған еді… Қарап жүрмей, «Нысанаға» да ілігіпті «құрғырлар». Әрине, осы аттас әзіл отауының емес, «Жетінші арнадағы» жұлымыр бағдарламаның нысанасына…

Авторы – өзіміздің қазаққа бергісіз Максим (мен Мақсат деймін) Рожин. «Блогшылар деген кімдер?» деген сұрақты көтерген сюжеттің ұзақтығы – 9 минут 4 секунд. Былайша, біз жайындағы үздік бейнесюжеттің бірі болды деп ойлаймын… Сіздер қалай ойлайсыздар?