Құдағи, бір партия…


Бауыржан Ибрагимовтікі ғой, білесіздер. Басында құдағиын ыңғайламақ боп ырбиып тұратынына күлетінбіз. Кейін одан да қалдық. Әр кештен әр кешке сүйреген сайын әрі кетті… Біздегі партиялардың да сүйкімі сондай. Шілдің боғындай шашылып жүр. Тартылыс күші емес, тебіліс күші. Жә, Президент сайлауы мәре сызығын кесіп өтісімен мәре-сәре болғанымыз кеше еді. Бүгінгінің бас ауыртар тақырыбы енді Парламент сайлауы екенін екінің бірі, егіздің сыңары біледі. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Алдарыңызда… «абсурд театры»


Былай қарасаңыз, биылғы сайлауға көшелі сөз айтып, келелі іс бастайтын азаматтар емес, көршісінен басқа ешкім көрмеген, туысынан өзге ешкім танымаған кісілер киіп-жарып қатысып жатыр. Бұнысы сайлауды сайқымазаққа айналдыру ма, әлде демократияның көрінісі ме, білмедім. Білетінім – бұл абсурд театры. Оғаш театрдың кейіпкерлері көзіңнен жас ағызатындай қайғылы емес, ішек-сілеңді қатыратын сайқымазақ та емес. Бірақ, күлкілі көрінеді. Күлкілі бола тұра, Оқуды жалғастыру