Сканворд та соғысқа себепші


Ол бірде төңкерілген ту, бірде сканвордтағы сөз болып келеді. Бірде Ерғалиеваның тәні, бірде Тұрсыновтың ешкісі болып елестейді… Ара-тұра ұлттың жұлынына жалаң қолын салып жүгірткендей болады. Сондай тітіркендіргіштің бірі көкшетаулық газеттің бетінде қазақты БОМЖ-ға апарып бір-ақ теңеген-ді. Содан «Қазақстан» арнасының тілшісі Нұрбек Бекбау арнайы барып, «Апта.kz» үшін сюжет түсіріп Оқуды жалғастыру

Қонаевтан материал келді…


Өркен қуып кетіпті демеңіз))) Өмірде емес, виртуалда Дінмұхамед Қонаев деген атты иеленген азаматтан материал түсті. Расында, бұл «Дана жол ынталы тобы» деген видимо ақылды жігіттердің бастамашыл ұйымы болса керек. Не де болса, материалдары бір оқып шығуға тұрарлық. Ойлы. Қызық. Тілі сәл ауыр, көлемі сәл көп болған соң, кешеуілдетіп жүргенде, «Қазақстандағы Монархиялық капитал Оқуды жалғастыру

Мемлекеттік миф: 150 ұлт!


«Қазақ-ресей шекарасынан екі келі есірткі алып өтпек болған пуштунды Қазақстандағы 131-ші ұлт деп қабылдап жіберіпті».
(Халық арасынан)


«Қазақстан» телеарнасы. «Кеш жарық» бағдарламасы. Жүргізушілердің бірі Айгүл Иманбаеваның аузынан «Бізде 150 ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатыр» деген сыңайда сөз шығып кетті. Абайсызда айтылды деп ақтайын десең, бұл тікелей эфир емес. Монтаж үстелінде тігісі жатқызылып, қырағы редакторлардың қарауынан өткен. Оқуды жалғастыру