Сүттанудан семинар


urlСүт деген сұйықтық бар. Алла тағаланың шапағаты ретінде арнайы Наһл сүресі түсірілген балдан бір жері кем емес. Ол экономикада алып индустрия, аспаздықта алуан ассортимент болғанымен қоймай, ана сүті деп адамзаттық құндылық дәрежесіне көтерілген бірден-бір сұйықтық. Оқуды жалғастыру

Менің кітап менюімнен…


Қисық бастап, Аршат жалғаған кітап ұсынуда кезек созып алдым. Әдейі емес, жұмыста әбігерге салынып. Жарайды, ұсынатын үш кітабым мынау.

1. Құран

«Бұл (Құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол және тақуалар үшін насихат»

(Әли Имран сүресі, 138) Оқуды жалғастыру

Дарын Мубаров. «По блату»


Айтпады демеңіз, бұл блог жылнамамда болып көрмеген пост (ораза емес) болмақ… Ұзақтығы да, ұлағаттылығы жағынан да. Очм олай, жоқ былай: «Жұлдыздар отбасы» деген жорналдың жетінші саны жетті. Жылтыр бетін жырта жаздап оқыдық. Бастығымыз – бас редактор Қуат қасқа сұхбат беріп тастаса, редакцияның тышқақ тарақанына дейін қуанады емес пе? Еще жұрт жапырып оқитын «Жұлдыздарға» шықса… Оқуды жалғастыру

«Не…өжели»


Астана. Әуезов көшесі

Мынадай мерекелік лебізді көргендегі лепесім ғой… «Не…өжели, Астанада Тәуелсіздік күнін тойлайды» деген таңданыстан таңдайым тақ ете қалды. Ой, осы «ОБСЕ-нің» жарнамасы мен жасыл шыршадан Бас қаланың бос қалмаған бұрышы жоқ сияқты еді. Тауыпты ей «Т.К»-ге орын… Бірақ, мына билбордтағы (басқаша аталады негізі, білмей тұрмын) нақыл сөз «неудачно» таңдалған сияқты. Оқуды жалғастыру

Спорткомдарға сәлем!


Осы суреттегі кітапты суреттеймін деп, 300 жол мақала жазғанмын. Авторлық құқымды «өрескел» пайдаланып, өңделмеген нұсқасын осында салып отырмын. Редактордың қайшысына қимаған тұстарым бар еді.. Оқимын десеңіздер, мархабат! «Азиада» дегенде, тілге «аз…ия» сөзі орала кетеді. Қыл мойнымызға бұршақ салып, тілеп, сұрап алған Азиаданың араны кең. О басында ойындарды өткізсін деп 768 200 000 долларды шықырлатып, ортадан шығардық. Одан кейін де 301 500 000 долларды санап-санап бердік. Сонда да.. аз. Ия? Оқуды жалғастыру