Қырғыз болуыңызбен құттықтаймын!


Көршіміздің Тұрысбек Мадылбай деген бетке ұстар жазушысы бар. Бұл өзі «Адамзаттың Айтматовынан» кейін шартарап бойынша мойындалған шоң қырғыз болып шықты. Отыз екі тілде оңай сөйлесетін полиглот те екен. Оңдырмағанда, Тұрысбек байке АКИpress ақпарат агенттігіне берген сұхбатында қазақтар қырғыздардың қыпшақтармен, ал өзбектер қырғыздардың сарттармен қосылуынан шыққан деп шарт кетіпті. Бұдан әрі Тұрысбек байке Оқуды жалғастыру

Advertisements

Шатақсыз шайлоо…


Аспантаудың арғы бетіндегі ағайын кеудесіне алақанын қойып, Әнұранға тербеліп тұр. «Өркүндөй бер, өсө бер, Өз тагдырың колунда…» дейтін қайырмасына келгенде, жанарынан бырт-бырт етіп, жас үзіледі. Себебі сұрамай-ақ белгілі шығар. Соңғы бес жылдың бедеріндегі саяси сүреңсіздік жұрттағы бақыт деген батпырауықтың жібін үзіп жібергендей еді. Солай көрінсе де, Сіз үлбір үмітті әлі де үзе көрмеңіз! Оқуды жалғастыру