Бізде неге 8 министр жоқ?


Тарихшы Сирил Паркинсон бірде әлемнің бірде-бір елінде сегіз адамнан сайланған үкімет жоғын санап шығарыпты. Иә, министрлердің саны бесеу, алтау, тіптен елу-алпыс болуы мүмкін, бірақ неге екені белгісіз, сегіз деген саннан қашатын көрінеді. Сирил қарттың тағы бір байқауы – үкімет құрамындағы мүшелер саны 19-22 ден асып кетсе, жұмыс өнімділігі түсіп кетеді екен. Оқуды жалғастыру

Ақырғы амал


Қалай десек те, Қырғызстан өз таңдауын жасады. Қараша халықтың қауіпсіздігін тәуекелге тіксе де, маусымның 27-сінде Қырғызстан парламенттік республикаға айналып, Роза Отынбаева ел тізгінін 2012 жылға дейін ұстайтын болды. Осылайша, Орталық Азия аумағында тұңғыш рет қырғыз елі парламенттік басқаруға көшті. Шүкір етеріміз, жұртты шұрқырататындай кезекті арандатулар болмады. Жұрт алаңсыз дауыс берді. Бақылаушылар пәлендей құқық бұзушылықтарды байқамады. Оқуды жалғастыру

Қазақы катарсис


Кипаристі көлеңке тұтқан Аристотель ақсақалдың түйгені басқа еді… Тегінде, трагедиялық қойылым қорқыныш пен аяушылық сезімін тудырып, көрерменге осы кепті басынан кешірткізеді. Жан сарайы кеңейіп, иман құтысы тазарады. Талғамы өсіп, қайта тәрбиеленеді. Катарсис жайлы ілім саз-әуеннің әлеуметтік маңызына түкіргенім бар деген Платонға қарсы пікір айтудан пайда болды деседі білгіштер. Бұл енді басқа тақырып. Бастысы, қасырет пенде жанын перделеген кір ойды күштеп қуып, тініне дейін тазартады екен. Ұлт деңгейінде бұл ұғым өткен зобалаңды қабырғасы қайыса аза тұту, соны ұғынғаннан да норадрелиндік үреймен бір ұстынға топтасу болса керек. Оқуды жалғастыру