Құдағи, бір партия…


Бауыржан Ибрагимовтікі ғой, білесіздер. Басында құдағиын ыңғайламақ боп ырбиып тұратынына күлетінбіз. Кейін одан да қалдық. Әр кештен әр кешке сүйреген сайын әрі кетті… Біздегі партиялардың да сүйкімі сондай. Шілдің боғындай шашылып жүр. Тартылыс күші емес, тебіліс күші. Жә, Президент сайлауы мәре сызығын кесіп өтісімен мәре-сәре болғанымыз кеше еді. Бүгінгінің бас ауыртар тақырыбы енді Парламент сайлауы екенін екінің бірі, егіздің сыңары біледі. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Былшық (Сайлаудан кейінгі сөз)


«Ақсақ тоқты түстен кейін маңырайды«. Болмаса, көзден шыққан былшық болады ғой, біреу «әй, анауыңды сүртсейші» дегенше, сүрме болып тұратын. М-мм, дәл сондай былшық ойдан бүгін арылайыншы деп едім… Сайлау өтті. У-шу, айқай-сүреңсіз. Нұрекең осымен бесінші мәрте басшылық тізгінін ұстап қалды. Труимфатор демей немене енді (осы сөзді жұлып алып, жағымпаздықтың нұр-сәулелі Оқуды жалғастыру

Рейтинг. Кәндидаттың кәкайы


Арамызда үміткерлер ұсыну кезеңінің «тез» біткеніне басын тізесін қойып тұрып қайғыратындар табылатын шығар. Себебі, бұл шеруде сұр бетоннан шыланған саяси сахнамыздың сәнін келтірген сәттер молынан болып еді, білесіздер. Қызықты «сәттерді» мен де қызықтап, орын-орындарына қоюға тырысқан едік. Олай-бұлай ауытқып кетсе, айып етпеңіз. Бұл – Өркеннің таңдауы! Оқуды жалғастыру