Осы блогқа келіп-кетіп жүргендердің Өркеннің үнді киносына құмарлығын білмейтіні кемде-кем шығар. Осыдан екі-үш күн бұрын Ютубты ақтарып юрып, керемет қуанышқа кенелмесім бар ма? Шуақты шаттықтың фотондарынан үстімдегі футболкам дыр-дыр жыртылып кетті (енді тек еден сүртуге жарамаса :-)). Оқуды жалғастыру
Tag Archives: Шахрух Хан
Шаршама, Шах!
Бүгін білсеңіздер, Болливуд жұлдызы Шахрух Ханның бұ дүниеге келген күні. Бұйыртса, 45 деген жастың төресін бүк түсірмекші. «Ии, сонымен не айтпақшысың?», – деп, интерес қуалап отырған игі жақсыға айтарым, бұл датаны елемей, ескермей кете алмадым.
Ризван Хан: «Адамның емес, Алланың разылығын алайық»
Болливудтың қазіргі бүлкілі бөлекше. Баяғы тимей жатып талдыратын соққысы тураланды. Ән-биінің саны да, ұзақтығы да еуропалық көрерменді есінетпейтіндей деңгейге жетті. «Артықшылығынан» арылған үнді киносы ширай, шымырлана, тақырып жағынан тереңдей түскені белгілі. Бүгін нысанамызға алып отырған «Менің атым – Хан» драмасы осы сөзімізді растап қоймай, ислам дінінің игі қасиеттерін де насихаттай түседі. Оқуды жалғастыру
Ой ұшқындары: Шахрух Хан
Әлемдік дағдарыс турасында маман ретінде не айтар едіңіз?
– Маман ретінде дейсіз бе? Қызық екен, жиырма жыл бұрын алған біліміммен пәлендей сарап жасау қиын шығар. Жалпы, экономиканың қандай да бір саласында өрлеу байқалғанда, оның жемісін алдымен қоғамның жоғарғы қабатындағылар көреді. Ал, енді бір қызығы, сол экономикаңыз құлдырай бастағанда, бақуатты кісілерге оның ауыртпалығы аздау болады. Өйткені, олардың жинаған қорабасы бар дегендей. Оқуды жалғастыру