«Не дейміз, сөзге кедейміз. Одан да жазып жіберейін» деп жаланып тұрған жорналшының біріміз (солай деп ойлап қоямын да). Жұмыс орнымның «Халық сөзі» екенін білесіздер, ал қаншалықты халықтың сөзін айтып жүргенімізді білмедім. Сонда да ақпарат сеңінде сенделіп, жүйкең түтіліп жүргені сол. Содан да, тайлы-тұяғымыз қалмай, табиғат аясына шығуды біраздан армандап жүргенбіз.

Құдай жарылқап, коммерциялық нәсяйнигіміздің туған күні келе қалғаны… Қыстап жібердік, «қатырамын» деді. Қысқасы, өткенде Астанадан 18 шақырым алыстағы «Балқарағай» демалыс аймағына тартып тұрғанбыз. Естеріңізде болса, бұл жерге бұрын да келген едім. Төрт қабырғалы офис-тордан соң мына табиғаттың сұлулығын көріп, жынды адамдай жымың қағып жүрміз. Оқуды жалғастыру →
43.277500
76.895833