Төңкерілген ту күнімен!


Тәуменділік кісенін талқандаған елді енді мемлекеттік-саяси рәміздерінсіз елестету мүмкін емес. Ту, Әнұран һәм Елтаңба үштігі тәуелсіздіктің үкілі тұғыры екеніне еш таласыңыз жоқ шығар.

Ендеше, ертеңгі мереке – Мемлекеттік рәміздер күнінде шалқып сөз айтып, шайқап би билейтін шағымыз емес пе? Күн екеніне көңіл келіскенмен, Оқуды жалғастыру

«Тәуелсіздік мен үшін екіұдай тәуелсіздік!»


«АЗАТ» ЖСДП-ның бас хатшысы, танымал жорналист әрі саясаткер Әміржан ҚОСАНОВ осылай дейді… Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік нөмірді бейнеттеніп жүріп, белгілі азаматтардан бір-екі сұраққа пікірін сұрағанбыз. Біразы басылды кәзетке, ал Әміржан көкемдікі «әлдебір» себеппен түсіп қалды. Өз басыма өзге пікірлерден осы кісінікі ұнап еді… Оқып көріңіздерші, ой салады!

Тәуелсіздік елімізге не берді?

Тәуелсіздік елімізге көп нәрсе берді. Оқуды жалғастыру

«Не…өжели»


Астана. Әуезов көшесі

Мынадай мерекелік лебізді көргендегі лепесім ғой… «Не…өжели, Астанада Тәуелсіздік күнін тойлайды» деген таңданыстан таңдайым тақ ете қалды. Ой, осы «ОБСЕ-нің» жарнамасы мен жасыл шыршадан Бас қаланың бос қалмаған бұрышы жоқ сияқты еді. Тауыпты ей «Т.К»-ге орын… Бірақ, мына билбордтағы (басқаша аталады негізі, білмей тұрмын) нақыл сөз «неудачно» таңдалған сияқты. Оқуды жалғастыру

Медведев «әуежайды» менсінбейді…


Бүгін Өскемен қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының VII форумы өз жұмысын бастап кетті. Оған дайындық та жоғары деңгейде болғанға ұқсайды. Шама жеткенше шаһар көшелеріндегі шаңды жұтып, гүлін егіп, суын беріп.. әй, шығыстық атқамінерлер қамау терін бір алса керек. Оқуды жалғастыру