Уикиликс. Бозымбаев туралы баллада


Баллада деген бас-аяғыңды балауызша балқытып, ерніңе салып ерітуші еді… Бұл «баллада» мақтау емес. Даттау. Ғайбатты таратуға «соучастник» болып кетпейін десем, бұл материалдың танауына тотияын салғандай тұстары көп сияқты. Сонымен, авторы – Қырсық Қисық (біздің Қисыққа 368 атадан асып қосылады деген дерек табылмады). Бүркеншек есім. Блогымды сайтқа Оқуды жалғастыру

Акимс. Қанат Бозымбаев


Әнебір жолы Жамбыл облысының әкімі жайында түрткенмін. Біреуге ұнапты, біреуге ұнамапты. Типичный жағдай. Қорықпаңыз, материалымды копи-паст қылайын деп отырған жоқпын. Әңгіме болсын деп жамбылдық әріптесіммен сөйлесіп қалғанмын. Агентте. Аты-жөні.. маңызды емес, маңыздысы еркін ойлайтын, орысша жазатын журналист. Сонда Бозымбаевты бас-көз демей Оқуды жалғастыру

Жамбылда Каплан мен Герман да жүріпті…


Қазақ жастарының Альбина Жанабаевамен мақтанатын жөні бар шығар, ә. Танымал «ВиаГРА» тобының ұзын сирақ, бүйрек бет әншісі Еділградта туғанымен, түп-тегі өзіміздің Атыраудан екенін айтып жүр ғой. Бастысы, Жириновский секілді жиіркенбесе болды да. Тегі болмаса, «МузТВ-ның» жұлдызы Лера Кудрявцеваның Өскеменде туып-өсіп, сондағы музыкалық училищені тауысқанымен бірталай жас мақтанатын көрінеді. «Қой» демейміз, қуана берсін. Оқуды жалғастыру

«Джамбулдан» «Алма-Атаға» дейін


Қыркүйектің аяғы, қазанның басы… отарбамен біраз ойқастауға мүмкіндік алдым. Таразда болып, қарындасымның тойын өткердім. Алматыда болып, танымал журналист Кәмшат Тасболатты күйеуге ұзаттық. Қысқасы, жақсылап көңіл де көтердік, туфлиді майыстыра, жер тепкілей биледік те… Бірақ, кейіннен билеттеріме қарасам, мен мүлде адресатқа барыппын. Тараз дегенім – Джамбул. Алматы дегенім – Алма-Ата болып шықты. Сенбесеңіз, билеттеріме қараңыз. Сонда, «Қазақстан темір жолы» қай ғасырдың өтінде қалып қалған? Әлде, жалғыз Елбасының жарлықтарын құймышағына қыстырмай отыр ма? Түсініксіз!