Спорт. «По блату»


«Блатной» жазбалардың бүгінгі сериясындаАхерес Сеид Хосе десең, ия 🙂 Ақырыс Сейтқазы ғой, айып етпеңіз. Алғаш «Жас қазақты» құныға оқып жүрген кездері, кәзеттің соңғы беттерінде, спорт материалдарынан осы ныспыға жиі кірпігім шалынысатын. Мені қайбір спорт материалдарын жарытып оқиды дейсіз… көз алдымда «А.С.» көбедей көбейіп кеткен соң, сөз саптау, стилистикасын Оқуды жалғастыру

Advertisements

Путинмен жарысамын!


Біз Азиададан алтын жаудырып жатқанда, орыс көршіміз Түркияда өткен Универсиадада жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынға жетті. Сол жарыста «жыртып» қайтқан спортшылармен Владимир Путин бейнебайланысқа шыққанда, «беру встречные обязательства научиться кататься на коньках«, – деп жігітше сөз берген еді. Путин қайда-а-а, Өркен қайда? Оқуды жалғастыру

Азиаданың айналасы. Фотобаян


Құдай-ау, бұрын неге білмегенбіз, Қазақстан деген қып-қызыл спорт державасы екен ғой 🙂 Ақ қар, көк мұздан алтын, күміс аршудан қолымыз тиер емес. Қазірге дейін 56 медаль жинап, оның 23-і алтын болып, 18-і күміс шығып, «орыс-қазақ» құрамамыз озып тұр қай қырынан да. Оқуды жалғастыру

Жұмыртқадан кім жаралды?


Астанада жүріп, Азиаданың ашылу салтанатына бара алмадым. Билет алғанымен, басы ауырып, амалы қалмай, ақыры қалып қойған адамдай айттым-ау 🙂 Қайтемін, спортқа қызықпаймын. Бірақ, Азиаданың ашылуында журналистпін дегенге нетбуктан шүлен таратынын білгенде, шауып барар едім. Сүйіп тыңдайтын Лара Фабианның сахнаға шығарын білгенде, жетіп барар едім. Әзіл ғой, әңгіме сол теликтен телміріп көрген айшықты, алау-жалау көріністердің көңілімнен шыққанында болып тұр. Оқуды жалғастыру

Спорткомдарға сәлем!


Осы суреттегі кітапты суреттеймін деп, 300 жол мақала жазғанмын. Авторлық құқымды «өрескел» пайдаланып, өңделмеген нұсқасын осында салып отырмын. Редактордың қайшысына қимаған тұстарым бар еді.. Оқимын десеңіздер, мархабат! «Азиада» дегенде, тілге «аз…ия» сөзі орала кетеді. Қыл мойнымызға бұршақ салып, тілеп, сұрап алған Азиаданың араны кең. О басында ойындарды өткізсін деп 768 200 000 долларды шықырлатып, ортадан шығардық. Одан кейін де 301 500 000 долларды санап-санап бердік. Сонда да.. аз. Ия? Оқуды жалғастыру