Слоу-моушн: Сатира


«Slow motion» деген, бір сөзбен – кинода, компьютерлік ойындардағы уақытты баяулату эффектісі. Шалт қимылдап, шаптан теуіп келіп, енді шабадақ еткізіп бастан сұлатар кезде бәрі баяулап кетеді ғой, мм… дәл өзі, дәл осы әсер:-) Қысқасы, біздің саяси сатира да осы күйде. Күлкі күні өтті де кетті. «Ауруханаға жатып қалдым, пәлен жерде, пәлен палатада, Оқуды жалғастыру

Күлгің келеді-ақ…


бірақ, күлуге ыңғайсыз ба? «Алдау күні мен Сайлау күні бір-біріне қандай жақын және ұқсас?!» деп Сәкен ағам (Сыбанбай) айтқандай, мына ұсынып тұрған әнектер осы екеуі туралы. Тимур Коман жіберіпті.

Оқуды жалғастыру

Хамелеон


«Соғыс басталды! Ақпараттық» деген жүз жол жазба сүйкеткен едім. Кеше. «Сәуірде сайлау өтетіні белгілі болысымен, жариясыз түрде осы соғыс жариялануы керек еді» деп басталады. Созып қайтем, Қазақстандағы ақпараттық соғыстың салт-дәстүріне тоқталып, Әлиев, Әбіләзовтың билікпен арадағы қағаз қақтығысына сәл кідіргем. Ол материалым оппозишн болып кетті-ау, кәзеттен ырғып түсті (кейін шыға жатар). Оқуды жалғастыру

Рейтинг. Кәндидаттың кәкайы


Арамызда үміткерлер ұсыну кезеңінің «тез» біткеніне басын тізесін қойып тұрып қайғыратындар табылатын шығар. Себебі, бұл шеруде сұр бетоннан шыланған саяси сахнамыздың сәнін келтірген сәттер молынан болып еді, білесіздер. Қызықты «сәттерді» мен де қызықтап, орын-орындарына қоюға тырысқан едік. Олай-бұлай ауытқып кетсе, айып етпеңіз. Бұл – Өркеннің таңдауы! Оқуды жалғастыру

«Цирк кетті, клоундар қалды»


Орыстарда осындай сөз бар еді ғой… Клоун осы қалпында ұнағандықтан, қазақшалағым келмеді. Айдос Сарымның «бұрын … спектакльмен, кейін киномен салыстырушы едік, енді циркпен теңестіреміз. Сонда бұл кері қарай эволюциялану, жанрдың энтропиясы, саясаттың девальвациясы емей, немене?» деген пікірін оқып қалып едім. Рас қой. Әбүйір болғанда, «әп-әдемі ән еді, пұшық айтып қор қылдының» керін келтірген сайлаудың әдепкі кезеңі бітті. Кеше президенттікке үміткерлерді ұсыну аяқталып, көш бастауға артық-кемі жоқ 22 адамның ниет білдіргені анық болды. Бұрын-соңды болмаған жағдай десе де болады. Оқуды жалғастыру

Сіз кімсіз, Амантай көке?


Алматының дуалы мен ауласына «графитти» салатын «граф», кешіріңіз қажы ағайдың атына бәрі қанық шығар. Ақордаңнан Атырауға дейінгі атырапта оның есімін құлағы шалған адамның езу тартпайтыны жоқ. Сірә, суреттегеніме қарап, бұл Пикассоны Оқуды жалғастыру

Байбекте бар, басқасында жоқ…


Олар мемлекет басқару жүйесіне мэйнстрим әкелуі тиіс болатын. Олар сүйікті истиблишменттің ителгі ұшар биігіндегі иерархияның сүйегін жаңартып, сүйкімін келтіруі керек еді. Олар керек жерінде капитан, лайық деп тапса лоцман болуы тиіс болатын. Осымен, олар, олар… дегеніміз, «Құдай берген» «болашақтықтар» ғой баяғы. «Тиіс» деген етістікті естісе де, естімесе де, біразымыз «болашақтықтардан» осыны күтіп едік. Қысқасы, «айрықша ені бар» жастарымыздың жағдайы жанына батқан Сағынбек Тұрсынов осы аптада депутаттық сауалын жолдады. Оқуды жалғастыру

Бізде неге 8 министр жоқ?


Тарихшы Сирил Паркинсон бірде әлемнің бірде-бір елінде сегіз адамнан сайланған үкімет жоғын санап шығарыпты. Иә, министрлердің саны бесеу, алтау, тіптен елу-алпыс болуы мүмкін, бірақ неге екені белгісіз, сегіз деген саннан қашатын көрінеді. Сирил қарттың тағы бір байқауы – үкімет құрамындағы мүшелер саны 19-22 ден асып кетсе, жұмыс өнімділігі түсіп кетеді екен. Оқуды жалғастыру

Омардың ойы…


Бұл екінші халиф Омар ибн әл Хаттаб емес. Бұл Омар Хайям да емес. Бұл ЖәлелұлыОмар Жәлелұлы. Еуразия Ұлттық университетіндегі пәлсапа кафедрасының ересек, кешіріңіз аға оқытушысы. Дінтанушы. «Как раз» Астанада ҚР мұсылмандарының 5-ші құрылтайы шақырылып, дін мәселесіне дүрбі салуға тура келген. Еееең жек көретін жанрым – сұхбатты Амангелдінің ееең жақсы көретін авторынан алдым. Жаман шықпаған сияқты. Жақсы деген тұстарын жалпы өзектен үзіп-үзіп, қайшымен қиып-қиып, осында салдым. Келісерсіздер-келіспессіздер, тек әке-шешеден боқтау, кіндіктен төмен тебу болмасын 🙂 Ескерту: аяғына дейін оқымасаңыз, айып емес.   Оқуды жалғастыру

Көшбасшылық көрсеткіші…


Қоғам дамуындағы қай көрсеткішті де Еуропаның безбенімен тартуға етіміз үйреніп кетті. Қыл аяғы, еркек пен әйел иерархиясындағы құқықтарға дейін. Global Gender Gap 2010 деген теңқұқылықтың рейтингісі бойынша, Қазақстан ТМД елдерінің арасында Молдавиядан кейінгі орынды ешкімге бермей отыр екен. Оқуды жалғастыру

«Жаңарту» ма, «Жаңару» ма?


Апта басында мойынын қылқитқан мәлімет «Жаңару» деген жаңа партияның ай-күні жетіп, жарыққа шығуға қамданып жатқанын айтады. Қазақстан мұсылмандар одағынан ескен жаңалықтан есте қалғаны… партияның көшбасшысы Артурзиньо Сәбденов (!) деген кісі. Жаһантордың іздеуші «иттері» бұл есім-сойдың төңірегінде тілдері салақтап, орнын тіміскілеп жатты. Оқуды жалғастыру