Сейсенбіде «Майл.руды» мекені еткен мырзалар сапырылысты да қалды. Осынау сайттың мәзірін орыс тілінде ұсынатынын былай қойғанда, ата дініміз Исламды арандатуға жол беріп қоятынынына қарадай ыза боласың. Астағфируллах, сол сейсенбіде «Аллах Мухаммедов» деген лақап аты (логині) бар қолданушының «Мой мирын» қарап, көзім атыздай болды. Оқуды жалғастыру
Tag Archives: сайт
«Халсөзниктен» хабар
«Хабарда» көп айтылатын қалада тұрып, Астананы айта беретін арнада жұмыс істейтін досымды білетін шығарсыздар? Сол «маладес» Мұраттың айтқыштығы бар ғой, бірде «сендердің газеттеріңе «Халсөз», ал өздеріңе «Халсөзниктер» деген ат қойдық» деп еді… Демек, «Халсөзник» ретінде «Халық сөзі» газетінің қырқынан шығып, қарын шашын қырқып, қара тырнағын алғанын айтпасқа амал болмай тұр.
… Көшербаев әм «УикиЛикс»
«УикиЛикстің» атағы жер ойғандардың абыройын аймандай қылған сайт екенін «садиктегі» бала да біліп қалды. Бұл жолы атышулы сайт азуын Қырымбек Көшербаевқа салды…. деп, суайттыққа бармайын. Ол көкеміз Маңғыстау облысында басшы ғой, ал мына Көшербаев дегеніміз – Алмас Көшербаев. Естулеріңіз болмаса, биыл ғана Хеллман/Хамметт атындағы сыйлықты алды, талантты журналист. Орыс тілінде ойлайды демесеңіз, публицистикасы өзіме екібастан ұнайды. Сол азаматтан «Уикиликс» турасында пікірін сұрағам… Оқуды жалғастыру
Сұранып тұрған сын
Айдос ағам (Сарым) «қазақ вувузеласы» деп атап жүрген әм Шахановқа «ӘБСЕ», басқасына «ОБСЕ» болатын ұйым туралы ақпарат іздедім. Қай күні екені қызықсыз болар… Интернеттің иіріміне бойлайын деп, сағатты шешіп, көзілдірікті киіп жатқаным сол, сумаң етіп, мына сайт шыға келді. Оқуды жалғастыру
25-ке келіп, 10 000-нан астым…
Тақырыпты ғана оқысаңыз, түсініксіз көрінеді, ия? Ендеше, түсіндіре кетейін. 25-ке келдім дегенім, расында кеше туған күнім болды. «Осы мен қанша ойдан астым?» деп отыра қалып, саусақ бүгіп санасам, жер бетін шиырлап жүргеніме ширек ғасыр толыпты. «Сұмдық» деп жағамды қос қолыммен ұстап алайын десем, соншалық қайғыдан қан жұтатындай ештеңе болмаған сияқты. Оқуды жалғастыру
«Қыздар» қайдан шықты?
Қазақ интернетінде заңды мойындап, заң жүзінде қызмет көрсетіп жатқан порносайт жоқ. Тыржалаңаш сайт ашуға тыраштансаңыз, ҚР ҚК 273-ші бабымен қорқытамыз. Порноматериалдарды таратты деп мойныңызға қылмыстық жауапкершіліктің қылын тартып, үш жыл абақтының сорпасын үріп ішесіз. Оқуды жалғастыру