Алдарыңызда… «абсурд театры»


Былай қарасаңыз, биылғы сайлауға көшелі сөз айтып, келелі іс бастайтын азаматтар емес, көршісінен басқа ешкім көрмеген, туысынан өзге ешкім танымаған кісілер киіп-жарып қатысып жатыр. Бұнысы сайлауды сайқымазаққа айналдыру ма, әлде демократияның көрінісі ме, білмедім. Білетінім – бұл абсурд театры. Оғаш театрдың кейіпкерлері көзіңнен жас ағызатындай қайғылы емес, ішек-сілеңді қатыратын сайқымазақ та емес. Бірақ, күлкілі көрінеді. Күлкілі бола тұра, Оқуды жалғастыру
Advertisements

Сәуірдің үші. «Сайлау» спектакльі


Апыр-топыр… адам түсінбейді. Алдымен референдум деп «реңіміз» кіріп қалып еді, қаңтардың 31-інен бері алдын ала сайлау деп алаөкпе болып жатырмыз. Сайлау болатыны белгілі болған сағатта оппозиция қатарындағы ойлы азаматтың бірі өкінішін білдірді. «Референдуму нет» деген жазу басылған 10 мың дана күнтізбе мен төсбелгілер дымға жарамай қалатын болды деп жыларман болды. «Енді басқа жазу жазса болмай ма?» десем, болмайды екен… Оқуды жалғастыру