Тоғызыншы мамыр кімнің тойы?


Биыл Отан қорғаушылар күнін Таразда, Жеңіс күнін Алматыда қарсы алдым. Содан мейрамның дуын сезініп, думанын көрейін деп 28 панфиловшылар саябағына барғам ғой. Жаңылыспаппын. Саябақ ішінде адамға соқтықпай жүру мүмкін емес. Жас та, кәрі де жадырап, құшағын қалампырға толтырып, бірін-бірі «С праздником» деп құттықтап-ақ жатыр. «Мейрамыңмен» десе, жүрекке дарымай ма, кім білсін. Содан не дейсің, «Даңқ» мемориалының артқы жағын ала бере үлкен-үлкен плакаттар іліп қойыпты. Қалаған адамын қуанышын Оқуды жалғастыру

Слоу-моушн: Сатира


«Slow motion» деген, бір сөзбен – кинода, компьютерлік ойындардағы уақытты баяулату эффектісі. Шалт қимылдап, шаптан теуіп келіп, енді шабадақ еткізіп бастан сұлатар кезде бәрі баяулап кетеді ғой, мм… дәл өзі, дәл осы әсер:-) Қысқасы, біздің саяси сатира да осы күйде. Күлкі күні өтті де кетті. «Ауруханаға жатып қалдым, пәлен жерде, пәлен палатада, Оқуды жалғастыру

Атом мен атам


Аса қадірменді Серік Мұратханұлының тапсырысы бойынша

Иә, Көкжал Серіктің кейінгі бір жазбасына көзім түсіп кетіп, оқып, тоқып, толғанып отырған түрім. Толғану деген толғақтату дегенге ұқсай ма… Жарайды енді, мәу демей милыққаннан гөрі, әу деген жөн. Сөздің ауаны сол атом мен атам турасында болмақ. Атам дегенде қазақты айтам да… Күллі адамзаттың самурай еліндегі сұмдықтарға жағасын ұстап қана қоймай, оны жұлып Оқуды жалғастыру

Қазақ лаңкес пе? Талқы-тебіс


Қазақ кім еді десең, қой ауызынан шөп алмас момақан халық деген мінездемесі бар. Арғы-бергі тарихқа бинокль салсаң, бетім құлпынай болатындай қылмысымыз да жоқ сияқты… Қысқасы, бүгінгінің әңгімесі былай: көрші-қолаңға «қазақ лаңкесі, қазақ жамағаты» деген жаманатымыз шығып жатыр. Әнеубір жолы әріптесім Кәмшат Тасболаттың осы тақырыпты тістелегені бар. «Айқын» газетіне «а» мен «б» деген әріптердің басын қосып, мен де мыртиып пікір білдіріппін. Соны таратып айтайын десем, ауыз толтырып айтатындай түк жоқ. Оқуды жалғастыру

Спорткомдарға сәлем!


Осы суреттегі кітапты суреттеймін деп, 300 жол мақала жазғанмын. Авторлық құқымды «өрескел» пайдаланып, өңделмеген нұсқасын осында салып отырмын. Редактордың қайшысына қимаған тұстарым бар еді.. Оқимын десеңіздер, мархабат! «Азиада» дегенде, тілге «аз…ия» сөзі орала кетеді. Қыл мойнымызға бұршақ салып, тілеп, сұрап алған Азиаданың араны кең. О басында ойындарды өткізсін деп 768 200 000 долларды шықырлатып, ортадан шығардық. Одан кейін де 301 500 000 долларды санап-санап бердік. Сонда да.. аз. Ия? Оқуды жалғастыру

Мемлекеттік миф: 150 ұлт!


«Қазақ-ресей шекарасынан екі келі есірткі алып өтпек болған пуштунды Қазақстандағы 131-ші ұлт деп қабылдап жіберіпті».
(Халық арасынан)


«Қазақстан» телеарнасы. «Кеш жарық» бағдарламасы. Жүргізушілердің бірі Айгүл Иманбаеваның аузынан «Бізде 150 ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатыр» деген сыңайда сөз шығып кетті. Абайсызда айтылды деп ақтайын десең, бұл тікелей эфир емес. Монтаж үстелінде тігісі жатқызылып, қырағы редакторлардың қарауынан өткен. Оқуды жалғастыру

Медведев «әуежайды» менсінбейді…


Бүгін Өскемен қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының VII форумы өз жұмысын бастап кетті. Оған дайындық та жоғары деңгейде болғанға ұқсайды. Шама жеткенше шаһар көшелеріндегі шаңды жұтып, гүлін егіп, суын беріп.. әй, шығыстық атқамінерлер қамау терін бір алса керек. Оқуды жалғастыру

«Президенттіктен» бас тартамын


Айдың-күннің аманында Ресейдегі ұлттық республикалардың басшылары үш сөзден өздеріне үкім шығарып жатыр. Рамзан Қадыровтың риясыз бастамасының тездетіп қолдау тапқанына «таңымыз» бар. Оқуды жалғастыру

Матрешка қанға малынды


Бәріміз де матрешканың орыс халқының мәдени мұрасы, символы екенін білеміз. Ал француз құқық қорғаушылары әзірлеген мына бейнеде сол матрешкаларды «қанға малиды». Әлеуметтік жарнама деуге де ауыз бармайды.

Оқуды жалғастыру