Ақиқат ауруханада жатыр, Ақзере…


Өзімді тегі керемет періштемін демеймін (Ақзере)

«Астарын ақтарамыз» деген тақырыпта Анар ханым ашу шақырыпты. «Керекинфоға» ілінген материалды керек болса, оқып аларсыз. Әңгіме КТК арнасында көрсетілетін «Астарлы ақиқат» (орысша нұсқасы «Другая правда») бағдарламасы туралы боп тұр. Ұят енді. Журналистиканың дамығаны жөн-ақ. Дегенмен, дәл осы шокотерапиядан басқасы құрып қалып пе екен деймін ғо… Журналиспін деп жер тепсінемін-ау, телебезерде жаңалық қалай жасалатынан хабарым жоқ. Мүмкін, рейтинг деп жандарын алардай жұмысқа қинар. Алайда, Оқуды жалғастыру

Ұятсыздықтан заң да ұялады


Кеше емес, арғы күні. Түнгі сағат төрттің шамасы. Компьютерде жұмыс жасасам да, телебезердегі тамашадан құр қалмайын деп қосып қоямын… «Рен ТВ» арнасында саяси-сатиралық шоу болды. Бір сықақшының «Жер адамдардан жалықты. Негізі, адамдардың оны жалға алу мерзімі 2000-шы жылдары бітіп қойған сияқты. Содан да, міне 11 жылдан бері ол бізге «шық та шық, жаңа тұрғындар» келеді деп асықтырып жатыр. Цунами, жанартау, жер сілкінісінің көбеюі – бұл жай ғана сыпайы ескертулер» деген тезисі ұнап қалды.  Оқуды жалғастыру

«Қыздар» қайдан шықты?


Қазақ интернетінде заңды мойындап, заң жүзінде қызмет көрсетіп жатқан порносайт жоқ. Тыржалаңаш сайт ашуға тыраштансаңыз, ҚР ҚК 273-ші бабымен қорқытамыз. Порноматериалдарды таратты деп мойныңызға қылмыстық жауапкершіліктің қылын тартып, үш жыл абақтының сорпасын үріп ішесіз. Оқуды жалғастыру