Апыр-топыр… адам түсінбейді. Алдымен референдум деп «реңіміз» кіріп қалып еді, қаңтардың 31-інен бері алдын ала сайлау деп алаөкпе болып жатырмыз. Сайлау болатыны белгілі болған сағатта оппозиция қатарындағы ойлы азаматтың бірі өкінішін білдірді. «Референдуму нет» деген жазу басылған 10 мың дана күнтізбе мен төсбелгілер дымға жарамай қалатын болды деп жыларман болды. «Енді басқа жазу жазса болмай ма?» десем, болмайды екен… Оқуды жалғастыру
Tag Archives: парламент
Ода айтудан отырыс
«Ғаламды сандар билейді» деген Пифагор пәлсапасын бүгінде Ассамблеядағы ардақтыларымыз патенттеп алған сыңайлы. Неге деген негізді сауал туса, Қазақстан халықтары Ассамблеясының отырысы 2010 жылдың 20 қазанына (20.10.2010) тураланды. Бұдан қалса, бұл Ассамблеяның XVI сессиясы һәм аталмыш ұйымның XV жылдық мерейтойына дөп келіпті. Ресми баяндарда рим сандарын жазғандықтан, өзгертіп, өңдеп, ешкімді ренжіткіміз келмеді. Бұл да бір символика шығар, кім білсін… Оқуды жалғастыру
Шатақсыз шайлоо…
Аспантаудың арғы бетіндегі ағайын кеудесіне алақанын қойып, Әнұранға тербеліп тұр. «Өркүндөй бер, өсө бер, Өз тагдырың колунда…» дейтін қайырмасына келгенде, жанарынан бырт-бырт етіп, жас үзіледі. Себебі сұрамай-ақ белгілі шығар. Соңғы бес жылдың бедеріндегі саяси сүреңсіздік жұрттағы бақыт деген батпырауықтың жібін үзіп жібергендей еді. Солай көрінсе де, Сіз үлбір үмітті әлі де үзе көрмеңіз! Оқуды жалғастыру
«Жаңарту» ма, «Жаңару» ма?
Апта басында мойынын қылқитқан мәлімет «Жаңару» деген жаңа партияның ай-күні жетіп, жарыққа шығуға қамданып жатқанын айтады. Қазақстан мұсылмандар одағынан ескен жаңалықтан есте қалғаны… партияның көшбасшысы Артурзиньо Сәбденов (!) деген кісі. Жаһантордың іздеуші «иттері» бұл есім-сойдың төңірегінде тілдері салақтап, орнын тіміскілеп жатты. Оқуды жалғастыру
Ақырғы амал
Қалай десек те, Қырғызстан өз таңдауын жасады. Қараша халықтың қауіпсіздігін тәуекелге тіксе де, маусымның 27-сінде Қырғызстан парламенттік республикаға айналып, Роза Отынбаева ел тізгінін 2012 жылға дейін ұстайтын болды. Осылайша, Орталық Азия аумағында тұңғыш рет қырғыз елі парламенттік басқаруға көшті. Шүкір етеріміз, жұртты шұрқырататындай кезекті арандатулар болмады. Жұрт алаңсыз дауыс берді. Бақылаушылар пәлендей құқық бұзушылықтарды байқамады. Оқуды жалғастыру