Көршіміздің Тұрысбек Мадылбай деген бетке ұстар жазушысы бар. Бұл өзі «Адамзаттың Айтматовынан» кейін шартарап бойынша мойындалған шоң қырғыз болып шықты. Отыз екі тілде оңай сөйлесетін полиглот те екен. Оңдырмағанда, Тұрысбек байке АКИpress ақпарат агенттігіне берген сұхбатында қазақтар қырғыздардың қыпшақтармен, ал өзбектер қырғыздардың сарттармен қосылуынан шыққан деп шарт кетіпті. Бұдан әрі Тұрысбек байке Оқуды жалғастыру
Tag Archives: орыс
Омардың ойы…
Бұл екінші халиф Омар ибн әл Хаттаб емес. Бұл Омар Хайям да емес. Бұл Жәлелұлы…Омар Жәлелұлы. Еуразия Ұлттық университетіндегі пәлсапа кафедрасының ересек, кешіріңіз аға оқытушысы. Дінтанушы. «Как раз» Астанада ҚР мұсылмандарының 5-ші құрылтайы шақырылып, дін мәселесіне дүрбі салуға тура келген. Еееең жек көретін жанрым – сұхбатты Амангелдінің ееең жақсы көретін авторынан алдым. Жаман шықпаған сияқты. Жақсы деген тұстарын жалпы өзектен үзіп-үзіп, қайшымен қиып-қиып, осында салдым. Келісерсіздер-келіспессіздер, тек әке-шешеден боқтау, кіндіктен төмен тебу болмасын 🙂 Ескерту: аяғына дейін оқымасаңыз, айып емес. Оқуды жалғастыру
Бенедикт XVI мен Ахметов І
Отыз жылдан астам Қарағандының төрін «билеп-төстеген» Ленин көсемді лайықты жеріне қоятын болды. Бұл шешімге баруға бел шешіп отырған қала әкімі Бауыржан Әбдішевке «браво» деп, қолтығынан демеп жатқанның қатарында мен де бармын. Бірақ… «бірақсыз» әңгіме болушы ма еді? Қала әкімдігінің ыстық лепесін облыс басшылығынан жеткен одағай жаңалық «басып кетті». Оқуды жалғастыру
Спорткомдарға сәлем!
Осы суреттегі кітапты суреттеймін деп, 300 жол мақала жазғанмын. Авторлық құқымды «өрескел» пайдаланып, өңделмеген нұсқасын осында салып отырмын. Редактордың қайшысына қимаған тұстарым бар еді.. Оқимын десеңіздер, мархабат! «Азиада» дегенде, тілге «аз…ия» сөзі орала кетеді. Қыл мойнымызға бұршақ салып, тілеп, сұрап алған Азиаданың араны кең. О басында ойындарды өткізсін деп 768 200 000 долларды шықырлатып, ортадан шығардық. Одан кейін де 301 500 000 долларды санап-санап бердік. Сонда да.. аз. Ия? Оқуды жалғастыру
Сауатсыздық па, сайқымазақ па?
«Қазақ өз мемлекетін басқара алмайтын, орыссыз, басқа да диаспораларсыз күні қараң, сіңірі шыққан көтерем ұлт» деген пікір қалыптастыру – кімнің қиялынан туған арман десейші? Өзіміз де жүрген бір ынжықпыз-ей… подьезіңізде орыс кемпір тұратын болса, мысықша дыбыссыз басатынымыз бар емес пе? Көңілге қарап-қарап тапқанымыз осы ма? Сол өлмелі мәнжубас кемпір құрлы жоқпыз – өз құқымызды қорғай алмаймыз, намысымыз етіміз сияқты өліп біткен. Жақында «Экотуризмнің ақпараттық-ресурстық орталығының» шетелдік туристерге арнап шығарған қаттама қағазы қолға түсті. Оқуды жалғастыру
«Жазықсыз» жұмыртқалар…
Осының алдында ғана «Қолдан жасалған «қаһармандар» деп, оппозициядағы сабаздарды сынағандай болғанбыз. Сол материалымызда олардың қай шарасы болмасын, «бейнелі түрде, тауық жұмыртқасын басқа қырынан қарағанмен бірдей» деген де теңеу кеткен… Оқуды жалғастыру