Қазақтың рухани қуат стансасы. I-бөлім


«Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?» деген сөзді қазекем айтқанына секеміміз бар. Қалай десеңіз, айбыны асқан Абылай хан жылда 300 жасқа тола бермейтіні анық емес пе? Сөйте тұра, мұрнына су жетпей жатқан «мықтылар» тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспал келген тойды есінен Оқуды жалғастыру

Құдағи, бір партия…


Бауыржан Ибрагимовтікі ғой, білесіздер. Басында құдағиын ыңғайламақ боп ырбиып тұратынына күлетінбіз. Кейін одан да қалдық. Әр кештен әр кешке сүйреген сайын әрі кетті… Біздегі партиялардың да сүйкімі сондай. Шілдің боғындай шашылып жүр. Тартылыс күші емес, тебіліс күші. Жә, Президент сайлауы мәре сызығын кесіп өтісімен мәре-сәре болғанымыз кеше еді. Бүгінгінің бас ауыртар тақырыбы енді Парламент сайлауы екенін екінің бірі, егіздің сыңары біледі. Оқуды жалғастыру

АптА KыZы немесе «қызығы»


Жексенбіде үйге келіп жығылсам, «Қазақстан» телеарнасы аптаның қоясын ақтарып, сораптап, кешіріңіз сараптап жатыр екен. «Апта КZ» алғашқы хабарын Азиада алауын облыс орталықтарымен алып жүруге арнапты. Дұрыс қой, жүгірген «тұлғалар», тоңған жұрт, толқынды сөздер… солай болуы тиіс те.  «Базар жоқ» дейін десе-е-ем, Оқуды жалғастыру

«Жаңарту» ма, «Жаңару» ма?


Апта басында мойынын қылқитқан мәлімет «Жаңару» деген жаңа партияның ай-күні жетіп, жарыққа шығуға қамданып жатқанын айтады. Қазақстан мұсылмандар одағынан ескен жаңалықтан есте қалғаны… партияның көшбасшысы Артурзиньо Сәбденов (!) деген кісі. Жаһантордың іздеуші «иттері» бұл есім-сойдың төңірегінде тілдері салақтап, орнын тіміскілеп жатты. Оқуды жалғастыру