Күлгің келеді-ақ…


бірақ, күлуге ыңғайсыз ба? «Алдау күні мен Сайлау күні бір-біріне қандай жақын және ұқсас?!» деп Сәкен ағам (Сыбанбай) айтқандай, мына ұсынып тұрған әнектер осы екеуі туралы. Тимур Коман жіберіпті.

Оқуды жалғастыру

«Цирк кетті, клоундар қалды»


Орыстарда осындай сөз бар еді ғой… Клоун осы қалпында ұнағандықтан, қазақшалағым келмеді. Айдос Сарымның «бұрын … спектакльмен, кейін киномен салыстырушы едік, енді циркпен теңестіреміз. Сонда бұл кері қарай эволюциялану, жанрдың энтропиясы, саясаттың девальвациясы емей, немене?» деген пікірін оқып қалып едім. Рас қой. Әбүйір болғанда, «әп-әдемі ән еді, пұшық айтып қор қылдының» керін келтірген сайлаудың әдепкі кезеңі бітті. Кеше президенттікке үміткерлерді ұсыну аяқталып, көш бастауға артық-кемі жоқ 22 адамның ниет білдіргені анық болды. Бұрын-соңды болмаған жағдай десе де болады. Оқуды жалғастыру

Алдарыңызда… «абсурд театры»


Былай қарасаңыз, биылғы сайлауға көшелі сөз айтып, келелі іс бастайтын азаматтар емес, көршісінен басқа ешкім көрмеген, туысынан өзге ешкім танымаған кісілер киіп-жарып қатысып жатыр. Бұнысы сайлауды сайқымазаққа айналдыру ма, әлде демократияның көрінісі ме, білмедім. Білетінім – бұл абсурд театры. Оғаш театрдың кейіпкерлері көзіңнен жас ағызатындай қайғылы емес, ішек-сілеңді қатыратын сайқымазақ та емес. Бірақ, күлкілі көрінеді. Күлкілі бола тұра, Оқуды жалғастыру

Сұранып тұрған сын


Айдос ағам (Сарым) «қазақ вувузеласы» деп атап жүрген әм Шахановқа «ӘБСЕ», басқасына «ОБСЕ» болатын ұйым  туралы ақпарат іздедім. Қай күні екені қызықсыз болар… Интернеттің иіріміне бойлайын деп, сағатты шешіп, көзілдірікті киіп жатқаным сол, сумаң етіп, мына сайт шыға келді. Оқуды жалғастыру

Саяси комикстің сабаздары


Баяғыда ауыл балалары жекпе-жекке шығарда, «қане, сен шық, жоқ, сен шық», – деп, бірін-бірі итермелеуші еді ғой. Болмаған соң, ортаға білегінде күші барын емес, «жоқ» деп айтуға да жігері жетпейтін жасығын шығаратын. Күштінің төмпешінен көнбіс баланың жасына ерік бергені де, танауынан қан аққаны да қаумалаған балалар үшін қызық… Ал, өткен аптада саясаттағы «жекпе-жек», яки Президенттік сайлауға түсетін пенденің есімі белгілі болды. Оқуды жалғастыру