Мен көрген Мұхамеджан…


Тұспалсөздің тақырыбы әктуал боп тұрған соң, борбайға салып, барымталап кеттім 🙂 Сонымен, «Мен көрген Мұхамеджан» газетіме басылған сұхбаттың редакция қайшысынан өтпей қиқаланып қалған үзіктері ғой. Ел аузында жүрген елеулі сұрақтарға берілген жауапты мен ғана естігенім обал емес пе? Одан да блогымның оқырмандарымен бөлісейін деген ой болды. Орысша айтқанда, «ничего личного«))) Оқуды жалғастыру

Advertisements

Жер кіндігіндегі жайнамаз. ІІ-бөлім


Меккеде үш күндей аялдаған соң, одан 450 шақырым жерде орналасқан Пайғамбарымыздың қаласы – Мәдинаға жолымыз түсті. Қасиетті қалалардың арасын жалғайтын жол тақтайдай тегіс. Бір жерінде ғана тоқтап, тынығып, тамақ ішуге болады. Содан ба, манаурап ұйқымыз келіп, есінеп жатқандар болды-ау, топбастаушымыз ескерту жасап тастады. «Сендер қазір тегіс жолда, жайлы автобуспен келе жатырсыңдар. Ал баяғы заманда Оқуды жалғастыру

Жер кіндігіндегі жайнамаз. І-бөлім


Біраз оқырманым «Өркеннің умрасын Шехерезаданың шаһарын көрумен шектегенін-ай» деп насыбай шегіп кетіпті. КәзТАҒЫ агенттігі осы күйік ақпаратты бетіме басқан соң, жазбамды амалсыз жалғастырайын дедім. Арабияға аттанғандағы асыл ниетіміз не еді? Әрине, әлдебір бауырларымыз секілді шағыл құмда шақшабас кесірткені Оқуды жалғастыру

Қартайдым, қайғы ойладым


«Қараптан-қарап қуасың-ей?» Осы сұрақты Өркен өзіне қоймады дейсіз бе? Қойды, әрине. Бірақ, 25-тегі жігітті 40-тың қызығы еліктіріп қоймапты енді. Жазып құтылайын депті… Жазсын. Қазекем өзі жас ерекшеліктері психологиясын жастанып оқымаса да, адам жасына сай амалдарын атап-атап кеткен. Бірден жүзге дейінгі кезеңді жіктеп, жырына қосып, ұлағат Оқуды жалғастыру

Фотожұмбақ: Бұлардың құлшылығында қандай қателік бар?


Мәдине қаласы. Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мешіті (әл Мәсжид ән Нәбәуи). Мына азаматтардың бірі қолын жайып, дұға қылып, енді бірі намаз оқуға ниеттеніп тұрған сияқты… Бірақ, осы арада бір өрескел қателік бар. Кім бірінші байқар екен?

Оқуды жалғастыру