Құтылмадым-ау, сенен құрылтай


Біздежеинский айтқандай, бұл «біздегі жанр дағдарысының» басы емес. Аяғы десең, иә 🙂 Бүткіл интернеттің назарын бір сәт өзіне аударған Блог құрылтай өтті-кетті. Өзегімді керосинмен өртеген өкініш, сонда түсірген суреттерімді троян жегені еді… Қаратпаған травмотологымыз қалмады, тәуіптер сиқын көріп, сілекейіне ие бола алмай, сілейіп жатты, очм. Құдай жарылқағанда, Оқуды жалғастыру

Advertisements

Блогшылар «Нысанаға» ілікті


Керекинфода «Блогшылар «Азаттыққа» шықты» деген тақырып болған еді… Қарап жүрмей, «Нысанаға» да ілігіпті «құрғырлар». Әрине, осы аттас әзіл отауының емес, «Жетінші арнадағы» жұлымыр бағдарламаның нысанасына…

Авторы – өзіміздің қазаққа бергісіз Максим (мен Мақсат деймін) Рожин. «Блогшылар деген кімдер?» деген сұрақты көтерген сюжеттің ұзақтығы – 9 минут 4 секунд. Былайша, біз жайындағы үздік бейнесюжеттің бірі болды деп ойлаймын… Сіздер қалай ойлайсыздар?


Құрылтай. Қалған-құтқан…


Алдыңғы жазбамда айттым. Бұл жолы да айтады екен демеңіз. Бірақ, көрсетуге болатын кереметтер бар боп тұрғаны… Блогкэмпте диаметрі басымнан дәу фотосайман ұстап жүргеніме жұрт куә. Өтірік басқаным, шын түсіргенім бар, біраз фотоны жиғандай болған едім.. атаңа нағылет Оқуды жалғастыру

Құрылтайда ісім, Құрылдайды… ішім


«Ең жиі жаңаланатын блог» аталымында жеңген соң, бір апта ішіп кетіп (не деп ойладыңыздар, наурыз көже ғо), Қазақстан картасының астынан үстіне жылжып қайтыппын. Қысқасы, пернегитарам қолыма түскенше, ел-жұрт пергілеп жазып тастапты. Блогкэмп тақырыбын табуреткамен ұрғансыздар ма, талдырғансыздар ма, очм асқан қатігездікпен жазалап, тойыс жазыпсыздар. Аққан сөзге ауызы Оқуды жалғастыру

Астана блогшылары. Алғашқы кездесу


Иә, осыдан (…) күн бұрын Амантай қажының «аттанына» салып тұрып, Астана елді мекеніндегі бас көтерер блогшының бәрін жиналуға шақырғанбыз. Жиналдық. Кеше «қағаз толғатып, кәзет туатын» күн болғандықтан, сәл кешігіп барғанмын. «Алматыдан Асхат арнайы келгенде, қарамыз аз болып қалмаса екен..» деп ішімнен жуалдыз түрткілеп келе жатқан ғой. Жоға, «Шербеттің» ұзын үстелінің қос қапталын Оқуды жалғастыру

«Уәдемелі» увертюра


Қорықпаңыз… бай тілімізде «уәдемелі» деген сөз жоғын біліп тұрмыз. Білгенмен, Айдос Сарымның сарказм түрінде қолданған «терминінің» тым жақсы болып тұрғаны. Әңгіме былай, әнебір күні өзбектің С.Ұбайдуллаев дегені «Қазақстанның үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы, былайша айтқанда, Оқуды жалғастыру