«Ішкі тыныштықтың» ішірткісі


-Я узнал, что мой папа, на самом деле не мой папа.
-Твой папа — гусь. Тебя это шокировало?

«DreamWorks». «Кунг-фу Панда-2». Осы екі ауыз сөздің өзі кинотеатрға жетелеп апаруға жетерлік. Енді жата қалып, жырғап мақтайын десем, жүдә ұнаған жоқ. Тұра қалып таспен атайын десем, тегі нашар емес. Тегі дегенім, 2008 жылы По есімді алаңғасар панданың ақырында ұлы жауынгерге айналатыны жайлы мультик мегахит болған. Қазір де «Шрэк«, Оқуды жалғастыру

«Тотынаме» емес, «Тоты-аниме»


«Теперь поздно отступать… Дама смотрит!» (Тукан)

Зияддин Нахшабидың (Қисықтың арғы атасы деген қисын бар) орта ғасырларда жазылған «Тотынамесі» бар. Мазмұнын білмедім. Әмірхан Балқыбек ағам «оны не қыласың, қыздарға арналған, оқымай-ақ қой» деген соң, ойдан шығарғам. Енді міне, Карлос Салдананың «Тоты-анимесі» Оқуды жалғастыру

«Жаным», Жиреншаш!


Ғашық болған ғазизім осы! бергі "бөжей" емес, ар жағындағы аруға...

Немесе тақырыпты «Қисық қалай алдымды орап кетті?» деп қойғым келген 🙂 Неге десеңіз, бұл мұлтпылымды (марқұм апамның транскрипциясымен) бейсенбі, 25 қараша, сағат 19.10-да, «Хан Шатырдың» мультиплексті кешенінің 2-ші залының, 3 қатар, 10 орынында отырып алып, қолымда поп-корн, құшағымда… неважно :-), общым беймарал күйде бақылағам. Бақылағам дегенім бұрыс болар, мультиктің бір маңызсыз кейіпкері ретінде ішіне кіріп кеткендей ірі (күшті) әсерде қалғанмын. Оқуды жалғастыру

Жиіркеніш


Бұл – Батдоржийн Жаргалсайхан деген моңғол режиссерінің маңдайалды туындысы… Тура бір «тұяғы» жер иіскімей тұрған кинотанушыдай желіттім-ау. Ғафу өтінем. Өркеннің моңғол ағайында мэйнстрим барын бүгін ғана біліп тұрғанына беті-аузым ұялып тұр. Алдымен, «Сарыарқа» кинотеатрында «моңғол киносының күндері өтіп жатыр» деген ақпарат тараған. Агентпен. Бейсенбідегі сеансқа бара алмадық. Газет-толғақ. Әйтпесе, «Менің байғұс әкем» деген драма келген жұрттың көзінен кеселеп жас аққызыпты. Жұмадағы сеанс «Жиіркенішпен» басталды. Оқуды жалғастыру