Қанын ішіне тартқан сұлулық…


BRITAIN/Foto by bigpicture.ru

Орысша «Зловещая красота» бола ма екен, Ернар Бекеновтың сайтында тұрар триллердің тақырыбына сұранып тұр (патентін тегін берем). Постері шамамен былай – артқы фонда – гүл жайнап тұрған көктем, алдыңғы фонда – бір қанаты жоқ көбелек. Ақыры, көктем деген астро-фенологиялық абстракция тақырып беріп отырсыздар, осыдан басқа не күттіңіздер, ә) Оқуды жалғастыру

Махаббат мәселесі. Кеңес керек-2


Бұның қаншалық махаббатқа жататынын білмедім. Бірақ, белгілі «брендім» арқылы бір мәселенің шешімін шұбатып көрмекпін. Досым десем дау туып кетер,  Оқуды жалғастыру

«Құлақтан кіріп, жүректен ұрады»


Жұмыста сүлдемді көтеріп, сұлқ жүргеніме 3-4 күннің жүзі болды. «Мынаны жазамын, пәлеңді соямын». Ауызға обал жоқ, осы тақылеттесті айтады да, азабын көретіні бас пен қол… Қазанның  отызында да қыртып отырып, «Хэллоуиндеринмен…» деген сөзді Майл-агентімнің микроблогына жаза салғам. Бүгін жұмысқа келсем, Abai.kz сайтында жарияланған Алдан Смайылдан алынған сұхбаттың астындағы комментарийлерде аты-жөнім айқайлап тұр (http://abai.kz/node/5378). Оқуды жалғастыру

Түн ауғандағы «телеграмма»


Бұл хат махаббат сезіміне мас болып, әлдебір қызға ес-түстен айырылғанша ғашық боп, жұмыстан қалып, сақал жіберіп, ас-судан қалған мәжнүн күйде жазылған-ды. Алдымен «Дала мен қала» басылымында жарыққа шықты. Кейіннен «Болашақ» газеті көшіріп басты. Өзіме сондай ыстық сезімнің куәсі болған хатты блогыма қоюды жөн көрдім.

Ардақтым!
Сізге қарата жазылған жазбада, «м» деген меншік жалғауымен артық кетсем, айыпқа бұйырмаңыз
(басқалай нұсқа басыма келмеді). Оқуды жалғастыру