Сүттанудан семинар


urlСүт деген сұйықтық бар. Алла тағаланың шапағаты ретінде арнайы Наһл сүресі түсірілген балдан бір жері кем емес. Ол экономикада алып индустрия, аспаздықта алуан ассортимент болғанымен қоймай, ана сүті деп адамзаттық құндылық дәрежесіне көтерілген бірден-бір сұйықтық. Оқуды жалғастыру

Бенедикт XVI мен Ахметов І


Отыз жылдан астам Қарағандының төрін «билеп-төстеген» Ленин көсемді лайықты жеріне қоятын болды. Бұл шешімге баруға бел шешіп отырған қала әкімі Бауыржан Әбдішевке «браво» деп, қолтығынан демеп жатқанның қатарында мен де бармын. Бірақ… «бірақсыз» әңгіме болушы ма еді? Қала әкімдігінің ыстық лепесін облыс басшылығынан жеткен одағай жаңалық «басып кетті». Оқуды жалғастыру

Аленді де аямады…


Әй, мына құрғыр сағат тілі «сұлулық эталоны» деген пендеңді де «тірі перғауынға» айналдыра салады. Соның бірі де бірегейі Ален Делон болатын. Кеше өткен ғасыр киносына өшпес ізін қалдырған актер жетпістің бесеуіне келген. Әйгілі француз актерін әлем жұрты, әсіресе әйелдер қауымы әздек қылды. Кезінде… Қазір де сый-құрметсіз қалған жоқ қой. Суретін қабырғаға ілді. Сол тақылеттес жігіттерді сабылып іздеді. Әй, істемегендері жоқ-ау.. Өз кезінің секс-символы атанған сұлу жігіттің  бағын Висконти, Годар, Антониони секілді режиссерлер ашты. Оқуды жалғастыру