Сәуірдің үші. «Сайлау» спектакльі


Апыр-топыр… адам түсінбейді. Алдымен референдум деп «реңіміз» кіріп қалып еді, қаңтардың 31-інен бері алдын ала сайлау деп алаөкпе болып жатырмыз. Сайлау болатыны белгілі болған сағатта оппозиция қатарындағы ойлы азаматтың бірі өкінішін білдірді. «Референдуму нет» деген жазу басылған 10 мың дана күнтізбе мен төсбелгілер дымға жарамай қалатын болды деп жыларман болды. «Енді басқа жазу жазса болмай ма?» десем, болмайды екен… Оқуды жалғастыру

Гёте дұрысын айтыпты…


30 тамыз. Астана. Бұйыртса, осы күні, осы шәрде Ата заңымыздың «тас шайнап, құм түкіретін» он бес жасқа толғанын тойламақпыз. Базбіреу (жұрттың басым бөлігі десек те болар) үшін бұл дата аяғын созып, арқасын жазып алатын күн. Енді бірі «ел алдындағы еңбегі» үшін сыйақы алмадым деп сызданатын күн. Тавтологияның шылауына түсті десеңіз де, Конституция күнінің (!) сусыма күндерден айырмасын сезіне алмасаңыз, арланбаңыз. Оқуды жалғастыру

Ақырғы амал


Қалай десек те, Қырғызстан өз таңдауын жасады. Қараша халықтың қауіпсіздігін тәуекелге тіксе де, маусымның 27-сінде Қырғызстан парламенттік республикаға айналып, Роза Отынбаева ел тізгінін 2012 жылға дейін ұстайтын болды. Осылайша, Орталық Азия аумағында тұңғыш рет қырғыз елі парламенттік басқаруға көшті. Шүкір етеріміз, жұртты шұрқырататындай кезекті арандатулар болмады. Жұрт алаңсыз дауыс берді. Бақылаушылар пәлендей құқық бұзушылықтарды байқамады. Оқуды жалғастыру