Құ-құрр. Ққ-құрм-мм-ет-тіі!


«Ты так красиво заикался, что я не могла тебе отказать»

Георгтың әйелінің айтқанынан

Уильям Сомерсет Моэм, Льюис Кэрролл, Демосфен шешен, Мұса пайғамбар (с.ғ.с.), Уинстон Черчилль… Тізген мықтылардың тілінде мүкістігі болғанын тарихтан білесіздер ғой. Ал «Оскар» алып, озық тұрған «Король сөйлейдінің» өзегі кекештікпен күресу екенін кеше біліп жатқандар да бар шығар. Өзімнің де, өзгенің де жүйкесін жұлмалап қайтейін, жаңа фильм жақты! Очм, Том Хупердің туындысы жалпақ жұртқа мәлім королева Екінші Елизаветаның әкесі турасында. Оқуды жалғастыру

Advertisements

«Цугцванг»


Мұхтар Әбіләзовтың мәселесі кәзет біткеннің «квадрат сантиметрлерінен» түспей тұрған тұс, естеріңізде шығар (айыптау материалдарының дені жоғарының нұқуымен жазылды, если што). Алаяқтың ақ-қара тақтаға құмарын аңдап, шахматқа қатысы, шатысы бар сөзден тақырып тудыратынбыз… «Жас қазақта» жүргенімде, «Цейтнот» деп материал жазғаным бар. Сол кездері цугцванг деп Оқуды жалғастыру

«Өлемін» деген өтініш


«Болливуд базары» деген айдарды ара-тұра үнді киносына шолу жасаймын деген ниетте ашқанмын… Бірақ, бұған көбіне тыртыңдап кинотеатрға барғандарымды түртіп жүрмін. Осы олқылығым үшін сайтман (С.Абас шах) достарым сын айтпай тұрғанда, бүйтейін: бүгін Санджай Лила Бхансалидің «Мольбасын» таныстырамын. Қазақшалағанда, «Құлшылық» бола ма екен, ал үндішесі – «Guzaarish». Оқуды жалғастыру

Жиіркеніш


Бұл – Батдоржийн Жаргалсайхан деген моңғол режиссерінің маңдайалды туындысы… Тура бір «тұяғы» жер иіскімей тұрған кинотанушыдай желіттім-ау. Ғафу өтінем. Өркеннің моңғол ағайында мэйнстрим барын бүгін ғана біліп тұрғанына беті-аузым ұялып тұр. Алдымен, «Сарыарқа» кинотеатрында «моңғол киносының күндері өтіп жатыр» деген ақпарат тараған. Агентпен. Бейсенбідегі сеансқа бара алмадық. Газет-толғақ. Әйтпесе, «Менің байғұс әкем» деген драма келген жұрттың көзінен кеселеп жас аққызыпты. Жұмадағы сеанс «Жиіркенішпен» басталды. Оқуды жалғастыру

Аленді де аямады…


Әй, мына құрғыр сағат тілі «сұлулық эталоны» деген пендеңді де «тірі перғауынға» айналдыра салады. Соның бірі де бірегейі Ален Делон болатын. Кеше өткен ғасыр киносына өшпес ізін қалдырған актер жетпістің бесеуіне келген. Әйгілі француз актерін әлем жұрты, әсіресе әйелдер қауымы әздек қылды. Кезінде… Қазір де сый-құрметсіз қалған жоқ қой. Суретін қабырғаға ілді. Сол тақылеттес жігіттерді сабылып іздеді. Әй, істемегендері жоқ-ау.. Өз кезінің секс-символы атанған сұлу жігіттің  бағын Висконти, Годар, Антониони секілді режиссерлер ашты. Оқуды жалғастыру

«Одиссей», «Пианист» және.. Өркен


Осы жаз шетел ауған шекпендісі бар, киногері бар, әйтеуір қазақы есімдеріне янкилердің құлағын үйретіп үлгерген қандастарымызды қайта таныған маусым болды. Бекмамбетов келіп, берекелі думан ұйымдастырғаны бар. Енді міне, Еркен Ялгашев деген азаматымыз 13-14 шілдеде елге келіп, «НОМАД» атты шым-шытырық фильмдердің фестивалін өткізіп кетті.

Оқуды жалғастыру

Ағылшындар қазақ киносына ауыз салды


«Қазақтың доп тебу мен кино түсіруге қыры жоқ». Бұл тұжырымға басымызды төмен салып, келіспеске хақымыз жоқ. Енді осы ақауды түзеу мақсатында тұманды Альбион елінен көркем фильм түсіреміз деп киногерлер келді.

Алматы шәрінде баспасөз мәслихатын шақырған британдық түсіру тобы қазақ даласының қайталанбас ландшафтарына тамсанып, осы жазирада бүр жаратын махаббат хикасын суреттемек болғандықтарын баяндады. Суретші һәм болашақ фильмнің режиссері Рут Макленнан елімізге бірнеше жыл бұрын келіпті. Оқуды жалғастыру

Ой ұшқындары: Шахрух Хан


Әлемдік дағдарыс турасында маман ретінде не айтар едіңіз?

Маман ретінде дейсіз бе? Қызық екен, жиырма жыл бұрын алған біліміммен пәлендей сарап жасау қиын шығар. Жалпы, экономиканың қандай да бір саласында өрлеу байқалғанда, оның жемісін алдымен қоғамның жоғарғы қабатындағылар көреді. Ал, енді бір қызығы, сол экономикаңыз құлдырай бастағанда, бақуатты кісілерге оның ауыртпалығы аздау болады. Өйткені, олардың жинаған қорабасы бар дегендей. Оқуды жалғастыру