«Ақиқатты» бекер ашыпты…


Бас қалада өткен басқосудың тоқ етер түйіні деп осыған тоқтамасақ, басқа амалы кем. «Хабар» арнасынан «Ақиқат» атты фильмнің көрсетілуі мұң екен, ақпаратқа шөліркеп қалған атырап азан да қазан болды. Деректі фильмнің дауы интернеттің бетіне сыймай, игі жақсының арасында тулақ боп таласқа Оқуды жалғастыру

Дарын Мубаров. «По блату»


Айтпады демеңіз, бұл блог жылнамамда болып көрмеген пост (ораза емес) болмақ… Ұзақтығы да, ұлағаттылығы жағынан да. Очм олай, жоқ былай: «Жұлдыздар отбасы» деген жорналдың жетінші саны жетті. Жылтыр бетін жырта жаздап оқыдық. Бастығымыз – бас редактор Қуат қасқа сұхбат беріп тастаса, редакцияның тышқақ тарақанына дейін қуанады емес пе? Еще жұрт жапырып оқитын «Жұлдыздарға» шықса… Оқуды жалғастыру

Сайт пен сайт..аң


Сейсенбіде «Майл.руды» мекені еткен мырзалар сапырылысты да қалды. Осынау сайттың мәзірін орыс тілінде ұсынатынын былай қойғанда, ата дініміз Исламды арандатуға жол беріп қоятынынына қарадай ыза боласың. Астағфируллах, сол сейсенбіде «Аллах Мухаммедов» деген лақап аты (логині) бар қолданушының «Мой мирын» қарап, көзім атыздай болды. Оқуды жалғастыру

Лаумулин қайда «лақты»?


Бізде ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты деген құрылым барын білерсіз. Сол институттың сарапшысы Мұрат Лаумулин «Эксперт-Онлайн» басылымына берген сұхбатында «Ұлтшыл-патриоттар мен исламшыл саясаткерлердің ымыраға келуіне жол бермеу керек» деген пікір айтып қалыпты. Біле жүріңіз, біздегі саясаттың ұлы мақсаты да осы көрінеді. Лаумуллиннің лек-лек ойына лайықталсақ, отанымызда Ислам оппозициясы пайда болса, қазіргі қорқынышымыз оның қасында ойнамай қалады. Оқуды жалғастыру

Атабаевтың көкігені мұндай, бекігені қандай?


Болат Атабаевты білмейтін қазақ жоқ шығар. «Ақсарай» театрындағы режисерлігі өз алдына, қара қылды қақ жаратын туралығын айтсаңызшы. Сол ағамыз «Общественная позиция» газетіне жақында сұхбат беріпті. Сөзі шымыр, ойы жұмыр. Әңгіме дін мәселесіне ауғанда Атабаев «Я сам был баптистом…, был свидетелем Иеговы, а в студенческие годы кришнаитом. Я был в них по 2-3 года. А в свидетелях Иеговы 5 лет. Был в миссии Грейс в южнокорейской церкви», – деп төпей жөнеледі. Оқуды жалғастыру

Ризван Хан: «Адамның емес, Алланың разылығын алайық»


Болливудтың қазіргі бүлкілі бөлекше. Баяғы тимей жатып талдыратын соққысы тураланды. Ән-биінің саны да, ұзақтығы да еуропалық көрерменді есінетпейтіндей деңгейге жетті. «Артықшылығынан» арылған үнді киносы ширай, шымырлана, тақырып жағынан тереңдей түскені белгілі. Бүгін нысанамызға алып отырған «Менің атым – Хан» драмасы осы сөзімізді растап қоймай, ислам дінінің игі қасиеттерін де насихаттай түседі. Оқуды жалғастыру