Кеше емес, арғы күні. Түнгі сағат төрттің шамасы. Компьютерде жұмыс жасасам да, телебезердегі тамашадан құр қалмайын деп қосып қоямын… «Рен ТВ» арнасында саяси-сатиралық шоу болды. Бір сықақшының «Жер адамдардан жалықты. Негізі, адамдардың оны жалға алу мерзімі 2000-шы жылдары бітіп қойған сияқты. Содан да, міне 11 жылдан бері ол бізге «шық та шық, жаңа тұрғындар» келеді деп асықтырып жатыр. Цунами, жанартау, жер сілкінісінің көбеюі – бұл жай ғана сыпайы ескертулер» деген тезисі ұнап қалды. Оқуды жалғастыру
Tag Archives: заң
Сәуірдің үші. «Сайлау» спектакльі
Апыр-топыр… адам түсінбейді. Алдымен референдум деп «реңіміз» кіріп қалып еді, қаңтардың 31-інен бері алдын ала сайлау деп алаөкпе болып жатырмыз. Сайлау болатыны белгілі болған сағатта оппозиция қатарындағы ойлы азаматтың бірі өкінішін білдірді. «Референдуму нет» деген жазу басылған 10 мың дана күнтізбе мен төсбелгілер дымға жарамай қалатын болды деп жыларман болды. «Енді басқа жазу жазса болмай ма?» десем, болмайды екен… Оқуды жалғастыру
Омардың ойы…
Бұл екінші халиф Омар ибн әл Хаттаб емес. Бұл Омар Хайям да емес. Бұл Жәлелұлы…Омар Жәлелұлы. Еуразия Ұлттық университетіндегі пәлсапа кафедрасының ересек, кешіріңіз аға оқытушысы. Дінтанушы. «Как раз» Астанада ҚР мұсылмандарының 5-ші құрылтайы шақырылып, дін мәселесіне дүрбі салуға тура келген. Еееең жек көретін жанрым – сұхбатты Амангелдінің ееең жақсы көретін авторынан алдым. Жаман шықпаған сияқты. Жақсы деген тұстарын жалпы өзектен үзіп-үзіп, қайшымен қиып-қиып, осында салдым. Келісерсіздер-келіспессіздер, тек әке-шешеден боқтау, кіндіктен төмен тебу болмасын 🙂 Ескерту: аяғына дейін оқымасаңыз, айып емес. Оқуды жалғастыру
«Қыздар» қайдан шықты?
Қазақ интернетінде заңды мойындап, заң жүзінде қызмет көрсетіп жатқан порносайт жоқ. Тыржалаңаш сайт ашуға тыраштансаңыз, ҚР ҚК 273-ші бабымен қорқытамыз. Порноматериалдарды таратты деп мойныңызға қылмыстық жауапкершіліктің қылын тартып, үш жыл абақтының сорпасын үріп ішесіз. Оқуды жалғастыру