Көзіңізді қылитып қарасаңыз да, сығырайып сығаласаңыз да, бұл орманның ортаңғы белі қоңырқай тартып кеткенін байқайсыз (байқамай көр). Бұл не қылған аномалия болды екен демес бұрын, аймақты алып кеткен суға назар салыңыз (сал, салма – өз ырқыңыз). Сонда бұл не? (Өрт шалған ба, құрт басқан ба, потошоп па?)
Tag Archives: жұмбақ
Фотожұмбақ: Бұл қандай гүл?
Әрине, бұл жерде біз сайтман достарымыздың гүлтанудағы білім деңгейін тексермейміз. Бұл гүлдерді біреуі нарцисске, біреуі орхидеяға ұқсатар… Ой, өзі бұл әдемі өсімдіктің әр алуан түрі бар ғой, тәйірі. Танып боласың ба… Бірақ, бұл гүлдер тек Тайландтың бір ауылында ғана өседі екен. Енді зерттей қарасаңыз әм жоғарыда айтылған сөздердің кейбірін ауыспалы мағынада бергенімді ескерсеңіз, жұмбақтың жауабы шаш жұлатындай қиын емес болып шығады.
Жұмбақ: Бойжеткен неге буынып өлді?
Өз басым жұмбақ шешкенді жақсы көремін… дей алмаймын. Мэйл-агент арқылы Арайлым деген қарындасым ауыр жұмбақ жасырды. Күрделі емес, ауыр енді… «Тойдым, таппадым» десем, өзі де білмейді екен. «Ақылды ағаң бар ғой, тапса, сол табар» деп құрбысы «аманаттапты». Эйнштейннің 5 адам туралы әйгілі жұмбағына, жарайды, логика керек делік. Ал мынау жұмбақтың жауабы 6 әріп дегендіктен, абстрактілі сияқты ма, қалай? Жауабы болмауы, болса да «абсурдно» шығуы ғажап емес. Сіздер де табуға талаптанып көріңіздер… Оқуды жалғастыру