Ренжісеңіз де (кімге?), рейтинг деген (пәле?) рулить етіп тұр. Қой-бизнестен шоу-бизнеске, саясаттан секске дейінгі санаттың бәрін осыған бағындырып қойдық. «Нарықтың талабы» әм «жариялылықтың көрінісі» дей ме, сондай очм. Қарап жүрмей, Гуглден сурет қарап отыратыным бар емес пе? Сол ғадетпен арғы күні ме, көзіме өзіме өте таныс жігіттің фотосы жылыұшырай кеткені. Жата қалып, Оқуды жалғастыру
Tag Archives: журналист
Мола салудағы «мода»
Өлаа, не сұмдық мынау?
(Аққыз)
Біздің редакцияда Жанар Елдосқызы деген «жынды» журналист бар. Қорықпаңыз, жүйке дәрігерінде жеке кәртішкесі жоқ. «Ана тілінде» жүргенде, Шоқан Уәлихановтың сотыбыйын тауып алып, сұхбат алған (ретроспективалық), қызтекелердің ортасында болып, бет қызартатын мақала жазған. «Айқай», «Шапалақ» секілді сериялы материалдардың аффторы жақында «өлілер аулына» барып, өріктей мақала жазып келді.
АптА KыZы немесе «қызығы»
Жексенбіде үйге келіп жығылсам, «Қазақстан» телеарнасы аптаның қоясын ақтарып, сораптап, кешіріңіз сараптап жатыр екен. «Апта КZ» алғашқы хабарын Азиада алауын облыс орталықтарымен алып жүруге арнапты. Дұрыс қой, жүгірген «тұлғалар», тоңған жұрт, толқынды сөздер… солай болуы тиіс те. «Базар жоқ» дейін десе-е-ем, Оқуды жалғастыру
«Халсөзниктен» хабар
«Хабарда» көп айтылатын қалада тұрып, Астананы айта беретін арнада жұмыс істейтін досымды білетін шығарсыздар? Сол «маладес» Мұраттың айтқыштығы бар ғой, бірде «сендердің газеттеріңе «Халсөз», ал өздеріңе «Халсөзниктер» деген ат қойдық» деп еді… Демек, «Халсөзник» ретінде «Халық сөзі» газетінің қырқынан шығып, қарын шашын қырқып, қара тырнағын алғанын айтпасқа амал болмай тұр.
«Не деген тұрақсыз ем, Нөкиә…»
Өмірімнің материальды мизансценасында осы мәтінді оқып беруім керек екен 🙂 Өткен аптада «Нокиа» компаниясының байланыс құралдарын қолданып жүрген 1,2 млрд адамның сапынан шығып қалғаным бар. Саналы түрде «Сони-Ерикссонның» сотобыйын сатып алдым. Сондықтан, блогым арқылы «Нокианың» директорлар кеңесінің төрағасы Йорма Оллиланы танымасам да, әм ол мені танымаса да, кешірім сұрайын дегенім ғой. Кім біледі, келешекте Астана-Тараз бағытындағы отарбаның ішінде кездесіп қалсақ ше? Талағы тарс айырылса тағы… 🙂 Бұл күннің «сотобыйсыз қазақ – сорлы қазақ» деген девизіне сай, заманауи дейтін кәкір-шүкірі ішіне кіріп кеткен байланыс құралын сатып алу ойда жүрген. Басты талапты қосамжарланған фотокамерасы күштіі болса деп қойдым. Себебі түсінікті шығар.
«Қара жорға» қақтығысы
«Бұл би – қазақты құртқысы келетіндерге асыл дүние». Салмағы атан түйенің сүйегін уататын сөздерді ары-бері сермей келе, Берік Сұлтанов деген әріптесіміз би төресінің басынан «былапытты» құя салыпты. «Ерінбеген етікші болады» дегендей, екінің бірі блог ашып, баспасөзге шығармайтын ойын басып жатқаны демократия да, дұрыс та шығар… Екінің бірі дегенім ерсілік болар, Берік білдей журналист. Алдымен, Беріктің не дегенін аңдайық. Оқуды жалғастыру
Мен де мақтанайыншы…
Жұмыс күні. Или түні.. Жанарың монитормен, миың микрочиппен, жамбасың орындықпен… общым, бәрі «занят». Жүрек шіркіннің де қақпасынан қыл-қыбырын қырыққан аяқтың сыңары шығып жатады. Знәшіт, ол да «занят». Комптың көзі жылтырасымен, ақпараттық мәзірден асап-асап, жортқан спам, жүгірген хатты жұтқыншаққа салып көресің. Мәйл-агент.. Туиттер, Джимейл, Фэйсбук… Оқуды жалғастыру
Ода айтудан отырыс
«Ғаламды сандар билейді» деген Пифагор пәлсапасын бүгінде Ассамблеядағы ардақтыларымыз патенттеп алған сыңайлы. Неге деген негізді сауал туса, Қазақстан халықтары Ассамблеясының отырысы 2010 жылдың 20 қазанына (20.10.2010) тураланды. Бұдан қалса, бұл Ассамблеяның XVI сессиясы һәм аталмыш ұйымның XV жылдық мерейтойына дөп келіпті. Ресми баяндарда рим сандарын жазғандықтан, өзгертіп, өңдеп, ешкімді ренжіткіміз келмеді. Бұл да бір символика шығар, кім білсін… Оқуды жалғастыру
Блог пен одақ бір емес…
Апта соңында қалтамдағы бар ақшамды бір қотарамын… Дүңгіршек іздеп, ішінен бірнәрсе ілуге болады-ау деген қазақ, орыс газеттерін сатып аламын. Әдейі соқтығып емес, әредік оқырман ретінде жынымды шақырып жіберетін мақала, сұхбаттарға «өш алсам», осы «Монитор» айдарынан оқи аласыздар. Оқуды жалғастыру
Арақ ішу жақсы журналист атандыра ма?
Жәнібек Сүлеев ағамыз Журналистер күніне орай сұхбат беріпті. «Central Asia Monitor» басылымына, «Ахиллесова печать» деген тақырыппен шықты. Бәрі жақсы-ау, тек тілшінің «ел танитын жаңа журналистер шоғыры шықты ма?» деген сауалына берген жауабы сәл күйіндірді. Оқуды жалғастыру