Төрткүл дүниедегі қандастарымыздың төртінші құрылтайы тамам болды. Той тарқағаннан соңғы сүйек мүжу десеңіз де болады осынымды. Очм, тегенеден қымыз сапырылып, тай сойылып, тілек айтылды деп тізе берсең, ә? Астанадан «Этноауыл» ашылып, министрлердің өзі мұнарасынан түсіп, отандастарымыздың мұңын тыңдаған мамыражай уақыт болды. Ашылу салтанатында Оқуды жалғастыру
Tag Archives: Ерлан Қарин
Қазақтың рухани қуат стансасы. I-бөлім
«Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?» деген сөзді қазекем айтқанына секеміміз бар. Қалай десеңіз, айбыны асқан Абылай хан жылда 300 жасқа тола бермейтіні анық емес пе? Сөйте тұра, мұрнына су жетпей жатқан «мықтылар» тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспал келген тойды есінен Оқуды жалғастыру
Құтылмадым-ау, сенен құрылтай
Біздежеинский айтқандай, бұл «біздегі жанр дағдарысының» басы емес. Аяғы десең, иә 🙂 Бүткіл интернеттің назарын бір сәт өзіне аударған Блог құрылтай өтті-кетті. Өзегімді керосинмен өртеген өкініш, сонда түсірген суреттерімді троян жегені еді… Қаратпаған травмотологымыз қалмады, тәуіптер сиқын көріп, сілекейіне ие бола алмай, сілейіп жатты, очм. Құдай жарылқағанда, Оқуды жалғастыру
Құрылтайда ісім, Құрылдайды… ішім
«Ең жиі жаңаланатын блог» аталымында жеңген соң, бір апта ішіп кетіп (не деп ойладыңыздар, наурыз көже ғо), Қазақстан картасының астынан үстіне жылжып қайтыппын. Қысқасы, пернегитарам қолыма түскенше, ел-жұрт пергілеп жазып тастапты. Блогкэмп тақырыбын табуреткамен ұрғансыздар ма, талдырғансыздар ма, очм асқан қатігездікпен жазалап, тойыс жазыпсыздар. Аққан сөзге ауызы Оқуды жалғастыру
«Қыздық пердеге» құрмет…
Бас шаһарымызды бастан-аяқ шолып шыққан шетел тілшісі «Астанада тарих аз…» тілін тістепті. Жұмыс барысымен жолығып тұратын Ерлан ағам (Қарин) осыны айтқанда, ойға қалдым. Ол жорналшының «нәсілі, нәмі кім еді» демей-ақ қоялық. Бірақ «тарихы аз…» дегені жон арқамыздан таспа тілгендей болды. Бұл аз десе, Итальяның «Il Foglio» басылымынан Луиджи де Бьязе деген біреу келіп, Астананың сәулетін мысқылдап суреттейді. Оқуды жалғастыру