Мен көрген Мұхамеджан…


Тұспалсөздің тақырыбы әктуал боп тұрған соң, борбайға салып, барымталап кеттім 🙂 Сонымен, «Мен көрген Мұхамеджан» газетіме басылған сұхбаттың редакция қайшысынан өтпей қиқаланып қалған үзіктері ғой. Ел аузында жүрген елеулі сұрақтарға берілген жауапты мен ғана естігенім обал емес пе? Одан да блогымның оқырмандарымен бөлісейін деген ой болды. Орысша айтқанда, «ничего личного«))) Оқуды жалғастыру

Advertisements

«Ақиқатты» бекер ашыпты…


Бас қалада өткен басқосудың тоқ етер түйіні деп осыған тоқтамасақ, басқа амалы кем. «Хабар» арнасынан «Ақиқат» атты фильмнің көрсетілуі мұң екен, ақпаратқа шөліркеп қалған атырап азан да қазан болды. Деректі фильмнің дауы интернеттің бетіне сыймай, игі жақсының арасында тулақ боп таласқа Оқуды жалғастыру

Дарын Мубаров. «По блату»


Айтпады демеңіз, бұл блог жылнамамда болып көрмеген пост (ораза емес) болмақ… Ұзақтығы да, ұлағаттылығы жағынан да. Очм олай, жоқ былай: «Жұлдыздар отбасы» деген жорналдың жетінші саны жетті. Жылтыр бетін жырта жаздап оқыдық. Бастығымыз – бас редактор Қуат қасқа сұхбат беріп тастаса, редакцияның тышқақ тарақанына дейін қуанады емес пе? Еще жұрт жапырып оқитын «Жұлдыздарға» шықса… Оқуды жалғастыру

Омардың ойы…


Бұл екінші халиф Омар ибн әл Хаттаб емес. Бұл Омар Хайям да емес. Бұл ЖәлелұлыОмар Жәлелұлы. Еуразия Ұлттық университетіндегі пәлсапа кафедрасының ересек, кешіріңіз аға оқытушысы. Дінтанушы. «Как раз» Астанада ҚР мұсылмандарының 5-ші құрылтайы шақырылып, дін мәселесіне дүрбі салуға тура келген. Еееең жек көретін жанрым – сұхбатты Амангелдінің ееең жақсы көретін авторынан алдым. Жаман шықпаған сияқты. Жақсы деген тұстарын жалпы өзектен үзіп-үзіп, қайшымен қиып-қиып, осында салдым. Келісерсіздер-келіспессіздер, тек әке-шешеден боқтау, кіндіктен төмен тебу болмасын 🙂 Ескерту: аяғына дейін оқымасаңыз, айып емес.   Оқуды жалғастыру