Құ-құрр. Ққ-құрм-мм-ет-тіі!


«Ты так красиво заикался, что я не могла тебе отказать»

Георгтың әйелінің айтқанынан

Уильям Сомерсет Моэм, Льюис Кэрролл, Демосфен шешен, Мұса пайғамбар (с.ғ.с.), Уинстон Черчилль… Тізген мықтылардың тілінде мүкістігі болғанын тарихтан білесіздер ғой. Ал «Оскар» алып, озық тұрған «Король сөйлейдінің» өзегі кекештікпен күресу екенін кеше біліп жатқандар да бар шығар. Өзімнің де, өзгенің де жүйкесін жұлмалап қайтейін, жаңа фильм жақты! Очм, Том Хупердің туындысы жалпақ жұртқа мәлім королева Екінші Елизаветаның әкесі турасында. Оқуды жалғастыру

Advertisements

«Өлемін» деген өтініш


«Болливуд базары» деген айдарды ара-тұра үнді киносына шолу жасаймын деген ниетте ашқанмын… Бірақ, бұған көбіне тыртыңдап кинотеатрға барғандарымды түртіп жүрмін. Осы олқылығым үшін сайтман (С.Абас шах) достарым сын айтпай тұрғанда, бүйтейін: бүгін Санджай Лила Бхансалидің «Мольбасын» таныстырамын. Қазақшалағанда, «Құлшылық» бола ма екен, ал үндішесі – «Guzaarish». Оқуды жалғастыру